Міне біз қандаймыз, денсаулықты қолдаймыз » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Міне біз қандаймыз, денсаулықты қолдаймыз

Міне біз қандаймыз, денсаулықты қолдаймыз

19-03-2016, 00:05
Автор: bilimtime
Қарау саны: 815
Пікірлер: 0
Версия для печати

Маңғыстау облысы, Жанаозен каласы,

№16 «Ертегі» балабақшасының тәрбиешісі

Тулетаева Светлана Мырзабаевна

Тақырыбы: «Міне біз қандаймыз, денсаулықты қолдаймыз.»

Мақсаты:

Балалардың адам ж/е дене мүшелері, денсаулығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулыққа байланысты пайдалы дәруменге бай тағамдар, мен құнарсыз тағамдар,туралы суреттерді қолдану, тапсырма, ойын арқылы білімдерін арттыру. Ертегі сахналау арқылы дене мүшелерінің қажеттілігі маңыздылығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ертегі, жұмбақтар, тақпақтар, ұйқас сөздерді қолданып, ой-өрісін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды өз денсаулықтарын күте білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу,жұмбақтар жасыру,сұрақ-жауаптар сергіту сәті,мадақтау,мақтау,қортындылау.

Сөздік жұмыс: Дене мүшелері бас,мойын,кеуде, қабақ, иек,қол, аяқ т.б.дәрумен, құнарсыз тағамдар,

Жеке жұмыс: Ертегі сөздерін,тақпақтарды қайталату.

Алдын ала жұмыс:

Шаттық шеңбер

Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз,

Бізге қымбат денсаулық.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат бақшамыз

Күннің нұрын сүйеміз

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып апайлар,

Күлдіргенін сүйеміз

Ұйымдастыру бөлімі:

Тәрбиеші:- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:-Қазір жылдың қыс мезгілі.

Тәрбиеші:-Қыс мезгілінде айналада қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады,қар жауады, талдар қар жамылады,жер беті аппақ болады, аяз болып мұз қатады.Адамдар жылы киінеді.

Тәрбиеші:-Жыл мезгілдерін ретімен кім атап береді?

- Қыс,көктем,жаз,күз.

Тәрбиеші:- Апта күндерін кім атап береді?

-Апта күндерін атайды.

Тәрбиеші:-Балалар бүгінгі өтетін оқу іс-әрекетіміз валеология.

Тақырыбы: «Міне біз қандаймыз, денсаулықты қолдаймыз.»

Тәрбиеші: -Балалар бүгінгі валеология оқу іс-әрекетімізде дене мүшелеріміз, денсаулықты күту, денсаулыққа пайдалы дәруменге бай тағамдар және құнарсыз тағамдар жөнінде мағлұмат аламыз.

-Балалар үлкен адамдар, балалар бір-бірін көргенде сәлематсыз ба, амансыңба? Қал-жағдайың жақсы ма? деп денсаулық тілеп амандасады.Біз балабақшада күн тәртібін

 

 

 

сақтап күнделікті ертеңгілік жаттығу жасап,оқу іс-әрекеті мен ойындар ойнап, тамақтанып, ұйықтап денсаулығымызды нығайтамыз.

Тәрбиеші:-Балалар адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.

Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім?

Балалар:-Ол адам.

Тәрбиеші:-Балалар осы жер бетіндегі адамдар өзіндік ерекшеліктерімен әр түрлі болып келеді. Осы отырған әрқайсыларың өзіндік қайталанбас ерекшеліктерің бар балаларсыңдар.

Балалар бір-бірімізге қарап қандай айырмашылықтарың ж/е ұқсастықтарыңыз бар екенін айтыңыздаршы. Балалар бойларынның шамаларын, шашының түсі, көзі, мұрын пішіні жағынан айырмашылықтарының бар екендігін әңгімелейді.

Тәрбиеші:-Балалар біздің үлкен, кең байтақ жерімізде, мысалы дәл Дастандай бала немесе Аяулымдай қыз болмайды. Бірақ бізбен сіздердің барлығымызға ортақ белгілеріміз, дене мүшелеріміз бар.Балалар осыған байланысты мына өлең жолдарын айтайық.

Барлығымызға ортақ біздің

Қолдарымыз саусақтарың.

Басымызбен мойынымыз

Иықтар мен кеудеміз,

Ұмытпаймыз ішімізді

. Аяқтармен арқамызды.

Басымызға қарасаңыз,

Біздің екі құлағымыз.

Дөңгеленген бетіміз,

Бетімізде орналасқан,

Қабақ пен көзіміз.

Ауызымызбен мұрынымыз,

Ерін менен тісіміз.

Әдемі біздің иегіміз.

Міне біздер не білеміз,

Осындай дене мүшеміз.

(Дене мүшелерін слайдпен көрсету)

 

Тәрбиеші:-Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын,мұқият болыңдар.

 

Қимылдаса қос шебер, Мөлдіреп екі көл жатыр,

Қыруар-қыруар іс өнер. . Ортада дөңес бел жатыр.

(Қол) (Мұрын, көз.)

Көңіл күйді білдірер, Күмбір-күмбір қарғым,

Қиылған қос қанат. Қартайғанша жарадың

(Қас) (Құлақ)

 

 

 

 

 

 

 

Бөлінбейді қыдырып Өзі аппақ маржандай

Жұмылғанда жұдырық. Тамақ өтпес шайналмай.

Ағайынды бес құрдас, (Тіс)

Бірдей болып еш тұрмас. .

(Бір қолдың саусақтары)

Балалар жұмбақтардың жауаптарын айтады.

Тәрбиеші:-Балалар біздің дене құрлысымыз қандай мүшелерден тұрады екен?

Балалар дене мүшелерді атап береді.

Тәрбиеші:-Адам дене мүшелері қандай мүмкіндіктерге ие?

Тәрбиеші:-Балалар сендер дүниеге келгенде кіп-кішкентай болып дене мүшелерің ештеңені атқара алмайды. Кішкентай кезде сендер отыра алмайсыңдар, жүре алмайсыңдар. Тіпті қолдарыңа ойыншықтарды ұстай алмайсыңдар. Бірақ сендер

өсесіңдер де, өздерің барлық нәрселерді жасай алатын боласыңдар. Мектепке барасыңдар,ешкімнің көмегінсіз көптеген жұмыстар атқарасыңдар.

Балалар:-Адам үлкейгенде қартайғанда әлсіздік басталады. Қарттар көп түргеліп тұра алмайды.Біздер оларға қоғамдық көліктерде, қоғамдық жерлерде орын береміз,сөмкелерін көтерісіп көмектесеміз.

(Слайдпен көрсету)

Тәрбиеші:-Осы денсаулығымыз мықты, ұзақ уақыт сақталу үшін не істейміз? Қалай сақтаймыз?

-Біз дене шынықтыру жаттығуларын жасап, денсаулығымызды сақтауымыз қажет.

-Дәруменге бай жемістермен, құнарлы тағамдармен тамақтануымыз қажет.

-Тазалықты сақтап, ұқыпты болып, таза жүруіміз керек.

Тәрбиеші:-Денсаулығымыз ұзақ уақыт мықты сау болу өзімізге байланысты.

-Балалар тазалық, денсаулық туралы кім тақпақтар айтып береді?

Балалар тақпақтары:

 

 

1-бала: 2-бала:

Тазалап жүр тісіңді Денсаулық- ол шыныққан,

Кішкене де ығайлы Барлық дене мүшесі.

Тіс щёткасын пайдалан, Денсаулық-ол күлуің,

Тазалауға болмайды Көңіл күйің жадырай.

Щёткасымен бөтеннің. Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай,

 

Тәрбиеші:-Өте жақсы балалар денсаулыққа, тазалыққа байланысты тақпақтарымызды айттық.

Тәрбиеші:-Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін біз қандай тағамдармен тамақтануымыз керек еді?

Балалар:- Дәруменге бай құнарлы тағамдармен тамақтануымыз керек.

Тәрбиеші:- Қане балалар осы тағамдарға байланысты қандай тағамдардың пайдалы пайдасыз екендігін «Жарнамалық доп» ойынын ойнау арқылы ажыратып айтып білейік. Ойын шарты: -Балалар сендерге өзім жақсы көретін тағамдарды допты лақтыру арқылы айтамын,ал сендер ол тағамдардың пайдасыз жақтарын айта білуіңіз керек.

 

Ойын: «Жарнамалық доп.»

 

Тәрбиеші:- Фанта барда өмір жай 1-бала: Көп фанта ішсең егер,

Ішсең шөлің қанадай. Іш құрлысың зиян шегер.

 

Тәрбиеші: Бұл әлемде тәтті 2-бала Шоколад ол тәтті

Жақсы көрем шоколадты. Дәруменге бай,

Жемістер ғой дәмді.

Тәрбиеші: Мен алдым балмұздақ 3-бала: Балмұздақтты көп жесең

Жеп оны рахаттансақ. Боласың ангин сен.

 

 

 

Тәрбиеші:Сникерсті жақсы , 4-бала: Сникерсті қоймай жесең

Көп-көп жей берем. Ауырады ойбай тісің.

 

 

Тәрбиеші:Чепси деген немене 5-бала Чепсиді көп жеме,

Жей берем сүйсіне. Іш құрлысты бүлдірме.

 

 

.Тәрбиеші:Пепси кола мақтанышым , 6-бала: Пепси кола әлі бар

Әрдайым алып ішем. Алдамшы дәмі бар.

Әрдайым сүт іш,

Дәрумені бар.

Тәрбиеші: Сатып алдым тәтті торт

Кел сенде дәмін тат 7-бала: Торт жерсің шамалап,

Көкөністер жемістер

Ағзаға ол пайдалы-ақ,

Аурудан қорғайды

Денсаулықты қолдайды.

 

Тәрбиеші:-Балалар өте жақсы,сендер тағамдардың пайдалы пайдасыз жақтары туралы білесіңдер екен.Енді балалар мына суреттерден пайдалы тағамдарды қызыл түспен, қоршап сызамыз.Балалар тапсырманы орындайды.

 

Сергіту сәті: Сау болсын десең,

Он екі мүшең.

Ерте тұр!

Құлақ түр!

Тыңда сыр,

Жапырақтар сыбдырлар.

Күн нұрын күт!

Таза ауа жұт!

Бойыңа құт!

Жүгір, желмен жарысып,

Нұрға сылан,

Болып қыран

Өс ұлан!

Тәрбиеші:-Балалар енді дене мүшелеріне байланысты «Ғажайып түс» ертегісін сахналайық. Балалар ертегіні сахналайды.

Тәрбиеші:-Ал сендер қалай ойлайсыңдар?Адамға керегі қай мүшесі?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Көзге арналған жаттығу.

(Слайдтан күнің көзге арналаған жаттығуын қарап, тәрбиешімен қайталау.)

Тәрбиеші:- балалар денсаулықты нығайту үшін бізге тағы не қажет?

Балалар: -Күшіміз көп, шымыр болуымыз керек.

Тәрбиеші:-Балалар денсаулыққа пайдалы дене щынықтыру, дәруменді тағам, тазалық жөнінде әңгімеледік. Енді балалар шапшаңдығымызды күшімізді байкап, ойындар ойнайық.

Қ/ойын: «Бос орын»

Т,а ж «Үлкен бол.»

Қортынды:

-Бүгін қандай оқу іс- әрекеті болды?

-Денсаулықты қалай күтуіміз қажет?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін қандай тағамдар пайдаланамыз?

-«Жарнамалық доп»ойынында қандай тағамдар туралы айттык?

-Дене мүшелерін кім атайды?

-Олар қандай қызмет атқарады?

-Дене мүшелерімізді қалай күтуіміз керек?

 

Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әректіне жақсы қатыстыңдар. Балаларды мадақтау.

Денсаулықты күтейік,

Жақсылықты тілейік.

Көріскенше күн жақсы,

Аман есен жүрейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.