Әкем, анам және мен-біз спортттық отбасымыз » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Әкем, анам және мен-біз спортттық отбасымыз

Әкем, анам және мен-біз спортттық отбасымыз

7-01-2016, 21:56
Автор: bilimtime
Қарау саны: 352
Пікірлер: 0
Версия для печати

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылы

«Бөбек» балалар бақшасының

Дене шынықтыру нұсқаушысы

Утепова Гульнара

Шаймарданқызы

«Әкем, анам және мен-біз спортттық отбасымыз» атты спорттық

іс- шара.

Барысы:

Эстафетаға қатысушылар маршпен көрермендер мен жанкүйерлердің

алдына қатарға тұрады. Әр команданың кеуделерінде команданың аты жазылған эмблема болады.

 

Жетекші:-Сәлеметсіздер ме, ойынға қатысушылар! Адамдар сәлемдескен кезде бір- біріне денсаулық тілейді. Кәне, біз де сәлемдесейік.

 

Ойын:«Сәлеметсің бе!» коммуникативтік ойыны.

 

Жетекші:-Ал, қазір бой сергітейік !

 

Сергіту жатттығуы:Музыкалық әуенмен орындалады.

 

Жетекші:-Біз спорттық ойындарға, қандай құрал жабдықтар қолданамыз?

Балалар:-ойыншықтар,кегель, доптар,шығыршықтар,секірмек,т.б.

Жетекші:-Ал, бүгінгі іс-әрекетіміз ерекше өтпек.Олай болса, қонағымызды қарсалайық!

Бөлмеге Құрастырғыш кіреді.

 

Құрастырғыш:-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ойыншықтар әлемінен келдім. Бүгінгі ойындарың қызықты өтсін деп сендерге, өз құралдарымды сыйға әкелдім.

 

Жетекші:-Қандай керемет! Рахмет сізге!

Құрастырғыш әкелген құралдарды қолданып, эстафеталық ойындарды бастайық!

 

1-ойын: «Жылдамдық»- ойыншық автокөлікті сүйреп жарысу.

 

2-ойын:«Шапшаңдық»- тенисті ракеткамен кубикті түсірмей, заттар арасымен жүру.

 

3-ойын:«Ептілік»- басына құм салынған қапшық қойып, «Конструктор» арқылы құрастырылған заттарды аттап журу.

 

4-ойын:«Мергендік»-жүгіріп доға астымен өту,қораптағы ойыншықты(кубик) себетке дәлдеп лақтыру.

 

Құрастырғыш: -Балалар,жарайсыңдар! Маған өте қызық болды. Осы, денсаулық мықты болу үшін ойын мен жарыстан басқа не керек?

Мен білмейді екенмін.

 

Жетекші: Балалар! Құрастырғышқа көмектесіп жіберейік. Тақтадағы сурет-

тер ішінен , денсаулықты нығайтатын заттарды табайық!

 

Балалардың жауабы:

«Жеміс жидектер»-денсаулыққа пайдалы дәрумендер.

 

«Тіс жууға арналған құралдар» -тіс ауруынан сақтайды.

 

«Таза ауада серуендеу»- денсаулыққа өте пайдалы.

 

«Дұрыс тамақтану»-денсаулықты нығайту.

 

«Дені саудың, жаны сау»

 

«Суда шомылу»-денені шынықтыру.т.б.

 

Құрастырғыш:- Рахмет, балалар! Мен сендерден көп нәрсе үйрендім.Келесі кездескенше , сау болыңдар!

 

Жетекші:- Сау болыңыз! Балалар, сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнады ма?

Қандай эстафеталық ойындар ойнадық?

Осымен бүгінгі іс- әрекет аяқталды,қош сау болыңдар!

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.