Мерекелік ұлттық киімдер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Мерекелік ұлттық киімдер

31-05-2015, 19:22
Автор: Arai
Қарау саны: 860
Пікірлер: 0
Версия для печати
«Балдырған» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Мерекелік ұлттық киімдер

Мақсаты: Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігін түсіндіру; Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы өз ұлты үшін мақтаныш сезімдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; Өз халқын сүюге, ерекшеліктерін құрметтей білуге тәрбиелеу;

Әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап, ғажайып сәт, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, мадақтау

Көрнекілігі: Ұлттық киімдер, суреттер, сандық, қоржын

Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жадырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық.
Шаттық шеңбер:
Армысың шапағатты күніміз!
Армысың мейірімді жеріміз!
Армысың, Табиғат анамыз!
Әдеппен бас иер баламыз!
Қайырлы күн, қайырлы таң баршаға,
Қош келдіңіз, біздің балабақшаға!

Балалар бір жылда неше мезгіл болады?
Жыл мезгілін атайықшы;
Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
Ал қыста неше ай болады?
Қыс айларын атайықшы:
Қазір қай ай?(ақпан)

Ғажайып сәт: Әже сандықты сүйреп кіреді. Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар мен сіздерге алыстан сиқырлы сандық алып келдім. Мен дұрыс іздеп келген жеріме келдім бе екеніне көзімді жеткізуім керек сондықтан сіздерге қояр сұрағым бар.
Әже-балалар сіздер қай елде тұрасыңдар?
Ал ұлттарың қандай?

Жарайсыңдар балалар сіздер өте ақылды екенсіңдер. Мен дұрыс келген екенмін.(Сандықты тәрбиешіге табыстау) Тәрбиеші-әже сіз алыстан шаршап келген боларсыз, бізбен бірге болыңыз жайғасыңыз.
Ал әженің сандығында не бар екен көрейікші(балалар қарап орындарына отырады)
Шапан- бұл ер адамның сырт киімі, Тақия,қалпақ – бұл ата, баланың бас киімі
Аяқ киімдер: мәсі, саптама етік бұлар қазақтың ер адамның ұлттық киімі
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі Камзол
кимешек, көйлек, сәукеле. Әйелдердің әшекейлері: сақина, сырға, білезік
Балалар әр ұлттың меркелік киімдері әртүрлі болады, біздің яғни қазақ ұлтының киімі, әдемі әйелдердің әшекейлері ою өрнектермен ерекшеленеді.
Біздерде көптеген ою өрнекетердің түрлері бар, біздер алдыңғы оқу іс-әрекетінде оюлармен таныстық, еске түсірейікші қошқар мүйіз, сұқ саусақ, құс қанаты т.б
Біздің ұлттық киіміміз өте әдемі, біздер өз ұлтымыздың киімін құрметтеуіміз керек.

Сергіту сәті
Тымақ киіп басыңа,
Иыққа шапан жабайық.
Тізілген маржан тасы бар
Қаусырма белдік тағайық.
Етек жеңді жинақтап,
Төрден орын табайық

Ойын: «Не жасырылған?» (Ұлттық киімдердің суретін жасыру)

Міне балалар бүгін біздер немен таныстық?
Ұлттық киіміміз немен ерекшеленеді?
Жарайсындар балалар!
Әже-балалар сіздер өте ақылды, өте білімді, өз ұлттарыңызды құрметтейтін азамат пен азаматшалар екенсіңдер,өркендерің өссін, менің сіздерге алып келген тағыда сыйлығым бар,сіздерді аналарың, әжелеріңіз қалай еркелетеді?

Жарайсындар, ал ендеше ботақаным деген тәтті кәмпитті алағойындар, ботақандарым!

Ал балалар енді ақ батамды берейін.
Сау болыңыздар балалар!
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлыңызда жақсы қатыстыңдар, рахмет сіздерге, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды, сау болыңыздар!

Күткен қорытынды: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мақсатына жетті
Баланың білгені: Балалар өз ұлтының киімдерінің ерекшелігін білді
Баланың үйренгені: Балалар өз ұлтының киімдерін құрметтеуге, сергіту сәтін жасап үйренді
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.