Болашақ кәсіпкерлер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Болашақ кәсіпкерлер

18-02-2015, 18:14
Автор: Гулимай
Қарау саны: 453
Пікірлер: 0
Версия для печати
Мұғалімнің аты – жөні: Тақаева Гүлімай Темірболатқызы
Жұмыс орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы № 34 мектеп – гимназиясы
Қызметі: экономика пәнінің мұғалімі
Пән Экономика Сынып 6 «ә», «в», «г» Уақыты
10.12.2014 ж
Тақырыбы Іскерлік ойын. « Болашақ кәсіпкерлер»
Мақсаты Оқушылардың экономикаға деген қызығушылықтарын арттыру, пәнге деген білімділігін дамыту, топта жұмыс жасауға үйрету, өзінің әрекеттерін өз пайдасына жарату, кәсіпкерліктің негіздеріне үйрету.
Көрнекілігі: Безендірілген кабинет, нақыл сөздер, әр топқа даярланған үстел, қабырға газеттері, тақырыпқа сай безендірілген тақта, тапсырмалар жинағы.
Жоспары:
1. Мұғалімнің бастау сөздері
2. «Экономикалық санау»
3. «Өз бизнесімізді бастаймыз»
4. «Бизнес - жоспар»
5. Нарыққа шығу (жарнама)
6. Өз пайдаңа жарат (дағдарыс, инвестиция, банкроттық)
7. Соңғы тауар (сурет сайысы)
8. Кәсіпкерліктің жақсы және жаман жақтары
Оқушыларды 3 топқа бөлу
1 топ 2 топ 3 топ
1. Мұғалімнің бастау сөздері
Салеметсіздер ме құрметті оқушылар, мұғалімдер. Бүгінгі «Болашақ кәсіпкерлер» іскерлік ойынымызға қош келдініздер. Қазақстанға әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіру міндеті жүктеліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жаңа заманға сай келетін салық жүйесін, банк секторын, құнды қағаздар нарығын дамыту, қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және де кәсіпкерлік негіздерін жоғары дәрежеде дамыту керектігі мәселесі көтерілді.
Кәсіпкер анықтамасына келсек: Кәсіпкер тәуекелге бел буып, алдынан кезіккен барлық қиындықты мойнына алатын іскер, шебер адам. Кәсіпкерліктің негізі мақсаты – пайда табу.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді дербес шаруашылық қызметі.
Осындай мақсатпен бүгін оқушыларымызға іскерлік саясатын үйретуге тырысамыз. Оқушылар өздерінің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін сынап көрсін. Сондықтан да құрметті оқушылар, өз мемлекетіміздің болашағын көтеру, біздің жастардың қолында!
2. «Экономикалық санау
Бүгінгі экономикалық сайысымызға 3 топ қатысады.
Бұл топтың мүшелері 7 сынып оқушыларынан құралған.
Қазір экономикалық санау өткіземіз. Бұл әр топтың шығу ретін реттейді.
1 топқа: «Франчайзинг»
25*150= 3750
200*25= 5000
75*15= 1125
17*20= 340
2 топка: «Корпорация»
45*13= 585
35*10= 350
49*80= 3920
99*12= 1188
3 топка: «Кооператив»
12*86= 1032
300*13= 3900
65*13= 845
69*69= 4761
Оқушылар бұл уақытта есеп шығарып жатқанша, біз әділ – қазылар алқасымен таныс болайық.
3. «Өз бизнесімізді бастаймыз»
Бірінші болып есеп шығарған топ өзінің бизнесін бастайды. Яғни 1 кезең Өз бизнесімізді бастаймыз. Әр топ алдын ала өздері қандай кәсіпкерлік түрімен айналысатынан таныстырып өтеді.
4. «Бизнес - жоспар»
Келесі кезеңімізде әр топ өз кәсіпорындарының бизнес – жоспарларын таныстырып өтсін. Қорғауға 5 минут беріледі.
5. Нарыққа шығу (жарнама)
Бұл кезеңде әр топ өздерінің кәсіпорынын презентациясын жасасын. Яғни тауарларын жарнамалап, тұтынушыларға ұсынсын. Дайындалу уақыты 2 минут.
6. Өз пайдаңа жарат
Келесі тапсырмада 3 парақ жасырылған. Бұл парақтың ішінде 3 сөз жасырылған. Әр топ өзіне түскен сөзге белгілі бір іс - әрекет жасауы тиіс.
(дағдарыс, инвестиция, банкроттық)
Мысалы 1.Сіздің компанияныз дағдарыс кезінде қандай іс – шаралар қолданар еді?
2. Егерде сіздің кәсіпорынынызға мемлекет тарапынан инвестиция берілсе?
3. Егерде сіздің кәсіпорыныныз банкроттыққа ұшыраса не істер едіңіздер?
Дайындалу уақыты 5 минут
7. «Ойлан, тап»
Кәсіпорындарымыз дайындалып жатқанша біз көрермен оқушылармен ойын ойнаймыз.
8. «Соңғы тауар»
Бұл кезеннің шарты әр топ өздерінің өндіретін тауар не қызметтерінің суретін ерекше етіп салып шығуы тиіс. Орындалу уакыты 2 минут
Мысалы: Егер кәсіпкер газет шыгару ісімен айналысса, онда ол газет суретін салады.
9. Рефлексия
Кәсіпкерліктің +, - жақтарын айтып шығу.
Қандай керекті мағлұматтарға ие болдыңыз?
Болашақта кәсіпкерлікпен айналысамын деген оқушылар бар ма?
Қорытынды шығару.
Марапаттау.




Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.