Білім биржасы, сыныптан тыс шара » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Білім биржасы, сыныптан тыс шара

Білім биржасы, сыныптан тыс шара

18-02-2015, 18:13
Автор: Гулимай
Қарау саны: 975
Пікірлер: 0
Версия для печати
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия





Сыныптан тыс шара


«Білім биржасы»

(6 сыныптар)






Дайындаған: Тақаева Г.Т







2013жыл



Өтетін күні: 12.02.2013
Уақыты: 15.00
Өтетін орны: 105 кабинет
Шараның аты: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны.
Шараның мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту, өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген трейдерлерді қалыптастыру.
Міндеті:
- оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Шараға қажетті көрнекіліктер: белсенді тақта, слайдтар
Ойынның барысы: Ойынға 6 адам қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І-тур. Білім аукционы.
ІІ- тур. Эрудиттер сайысы
ІІІ-тур. Таңдау табыс.
ІҮ. Сыйлықтар аукционы.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл- ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді оқушылар. Ендеше кезек оқушыларда. (әр оқушы өз аты мен ұранымен таныстырады.)
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р- Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр оқушыда қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы- 10 теңге. Әр оқушы бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол оқушыға беріледі, ал қате жауап айтылса, онда оқушы өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер оқушы қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда- банкрот, өкінішке орай, ол оқушы аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыру дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп,
«Білім аукционы» атты І турды бастайық.
№1 лот. География – бақылаушы тұрған нүкте меридианының солтүстік басынан діттеген бағытқа дейінгі аралықтағы бұрышты айтады қалай айтамыз? (азимут арабша ас-сумут-жол)
№2 лот. Әдебиет- Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ
Көреді бәрін де өз баласындай. Бұл өлең жолдары «Жақсы мен жаман адамдардың қасиеттері» өлеңінен үзінді. Бұл ақын 1815жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақыстақ деген жерінде дүниеге келген, өлеңдерінің діңі-адамагершілік асыл қасиет. Ұлттық валютамыз теңгеде бейнеленген.(Арон Сүйінбайұлы)
№3 лот. Экономика Тауар коды неше саннан тұрады және соңғы саны нені білдіреді? (13, бақылау коды)
№4 лот. Ежелгі дүние тарихы Алғашқыда египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Бұл суреттерді Египет храмдары мен мазарларының қабырғаларынан, табыттардан, ыдыстардың сынықтарынан кездестіреміз. Египеттіктер осы суреттерді таңба суреттер деп атады. Ал таңба суреттерді не деп атаған (иероглиф)
№5 лот. Күміс қобдиша. (сауда жүргізіледі). Қобдишада не жасырынған?
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар!
Жауабы: тышқан
№6 лот. Биология «Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты? (1978 жылы)
Осымен І тур аяқталды. Жоғары капитал жинаған оқушы …
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр оқушыға берілген уақыт – 1 минут. Әрбір дұрыс жауап құны- 10 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті»,- деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар оқушыдан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!
1-оқушыға арналған сұрақтар:
1) ҚР мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2) Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орынды алады? (9орында)
3) Сатылатын тауарларға алдын-ала қойылатын баға қалай (есептік баға)
4) Жерге ең жақын жұлдыз- күн.Оның төңірегінде ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар түнгі аспанда жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Бұл денелер қалай аталады? (планеталар грек жұлдыз)
5) 892 мен 92 санының айырмасы нешеге тең? (800)
2-оқушыға арналған сұрақтар:
1) Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы (принтер)
2) Тауарға деген сұраным мөлшері мен баға арасындағы кері байланысты не деп атаймыз (сұраным заңы)
3) Тәуелсіздік қай күн? (16 желтоқсан)
4) Туған жер, отан туралы мақал айт.
5) Компьютердің негізгі құрылғылары қандай? (Пернетақта, Монитор, Жүйелік қорап
3-оқушыға арналған сұрақтар:
1) Аспан денесінің ішінде ай үлкен бе?жер үлкен бе? (жер)
2) Женский,мужской,средний.Это? (род)
3) Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? (Алматы)
4) 5 дұшпанды ата. (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ)
5) Меншік түрі (жеке,мемлекеттік)
4-оқушыға арналған сұрақтар:
1) 1 сағатта неше минут бар? (60минут)
2) барлық қабырғалары тең төртбұрыш. (шаршы).
3) баға мен ұсыныс арасындағы тікелей байланыс. (ұсыныс заңы)
4) Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? (Алматыда
5) авторы жерлес ақынымыз (Қадыр Мырзалиев)
5-оқушыға арналған сұрақтар:
1) Санның 100 ден бір бөлігі (процент)
2) Экономиканың басты сұрақтары 3 сұрағы (кім үшін ? нені ? қалай?)
3) Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды? (туысқан)
4) ҚР әнұранның авторлары (Жұмекен Нажмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
5) Білім, оқу туралы мақал айт
6-оқушыға арналған сұрақтар:
1) ҚР мемлекетінің астанасы (Астана)
2) Дайын өнімдерді сатумен шұғылданатын кәсіпкерліктің түрі (коммерциялық)
3) Білім алып жатқан мектебіміз қашан ашылды? (2006 жылы)
4) «Алтын адам» қайдан табылды? (Алматы облысы, Есік қорғаны)
5) ҚР ұлттық валютасы қашан айналымға енгізілді (1993жыл 15қараша)
ІІІ – тур «Таңдау - табыс» деп аталады. Тақтада 1-ден 6-ға дейінгі сандар орналасқан. Әр оқушы ретімен кез-келген санды таңдайды. Ол санның артында сұрақ жасырылған. Таңдау жасаған топ өз бағасын жасырын түрде ұсынады. Сұраққа дұрыс жауап берсе, қорларына қойған бағалары түседі. Егер дұрыс жауап бере алмаса топ қорларынан сол баға шегеріледі.
1. Логика Жанар 86 теңгені жазып, өзінің жолдасына айтты. Ешқандай жазу жазбай осы қолындағы қағазды 12 ге арттыруды өтінді. Ол қалай? (86-98)
2. Экономика қала, ауыл меншігі бұл қай меншік түріне жатады? (муниципалдық)
3. Қазақ тілі Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін не деп атайды? (түбір)
4. Ежелгі Қазақстан тарихы Сақтарды массагет деп атаған, б.з.б 484-425жылдары өмір сүрген грек тарихшысы (Герадот)
5. «Туған ел. Отан» 2009 жылы 20 қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстанның мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде ерекше монумент тарихқа енді. Авторы- еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл -ғасырдан ғасырға , атадан балаға кететін айрықша тарихи рәміз. Монументтің биіктігі 91 метр.
Сұрақ: Монумент қалай аталады? (Бұл монумент «Қазақ елі» деп аталады)
6. Экономика. Сөйлемді аяқта. Адамдардың қажеттілігі шексіз, ал оларды өндіретін шектеулі. (ресурстар)
Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр суретте жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бағасы – 30 теңге. 70 теңгеге дейін көтеруге болады.
1. Өшірді, сүртті
Өзгені құртты
Өзін де құртты/өшіргіш/
2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /қалам/
3. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында./сызғыш/
4. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі./қарындаш/
5. Ата тегі ағаштан болды,
Ақылын тауып, әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,
Бірақ ойым симай қалды./дәптер
6. Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі)
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыз.


Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.