Ақша » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Ақша

18-02-2015, 18:11
Автор: Гулимай
Қарау саны: 505
Пікірлер: 0
Версия для печати
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия





Сабақтың тақырыбы: Ақша















Дайындаған: экономика пәнінің мұғалімі Тақаева Г.Т






Сыныбы: 5
Тақырыбы: Ақша
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ақша түсінігін нақтылап, оның атқаратын қызметтерін, қасиеттерімен таныстыру, ақшаның маңыздылығын түсіндіру
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қызметін дамытып, өзбеттерінше экономикалық білімдерінің кеңеюіне жағдай жасау
Тәрбиелік: оқушылардың ақшаның қасиеті мен құндылығын түсінуіне көмек беру, еңбексүйгіштікке баулу
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдістері: сын тұрғысынан ойлау әдістері, сұрақ-жауап, лекция, пікір алмасу
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақшаның суреттері,
І Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
«Біліктілік қағидасы»
Егер Онда
Үй тапсырмасын орындасаң Үздіксіз білім алсаң
Өз бетіңше, ізденіп оқысаң Тез қабылдай аласың
Өткенді білсең Жаңаға тез жетесің
Мұғалімді зейінмен тыңдасаң Тақырыпты түсінесің

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
«Экономика» сөзжұмбақ
Э й к о с
Ә л е у м е т т і К
н О м о с
р у х а Н и
к ә с і п О р ы н
М а т е р и а л д ы қ
И г і л і к
е К і г е
с А у д а
Сұрақтары:
1 Үй шаруашылығы деген мағынаны білдіреді (эйкос)
2 Қажеттіліктің бір түрі (әлеуметтік)
3 Заң деген мағынаны білдіреді (номос)
4 Қажеттіліктің бір түрі (рухани)

5 Шаруашылықтың бір түрі (кәсіпорын)
6 Игіліктің бір түрі (материалдық)
7 Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланатын заттарының барлығы (игілік)
8 Игілік нешеге бөлінеді (екіге)
9 Тауарлардың ақшаға айырбасталуы не деп аталады (сауда)
Әр қайсысына анықтама беріледі. Қосымша сұрақтар қойылады. Үй тапсырмасы қорытындыланады.
ІІІ Жаңа сабақ. Жаңа сабақты ашу: Игілік дегеніміз не? Оқушылардың жауабы тыңдалады адамдардың күнделікті өмірде пайдаланатын заттардың барлығы, мысалы қалам,дәптер. Дұрыс енді олардың барлығын біз қайдан аламыз?Дүкеннен аламыз, ақшаға сатып аламыз. Дұрыс бүгінгі тақырыбымыз ақша.
Алдын ала оқушыларға ақшаға байланысты қосымша мәліметтер алып келуге тапсырылады. Оқушылардың қосымша мәліметтері тыңдалады.
Қызығушылықты ояту. Топтастыру. Ақша
Ақша
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ
Ақша деген мал шықты
(Шортанбай ақын)
Осы өлең жолдары арқылы Шортанбай ақын тауар-ақша қатынасының экономикада үстемдік ететінін суреттеген. Біздің экономикамызда ақша үлкен роль атқарады. Ақша –барлық тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар
Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.
Әр қайсысына анықтама беріліп, дәптерлеріне жаздырылады.
Ақшаның қасиеттері:
1 Тұрақтылығы (құны мүмкіндігінше бір деңгейде сақталуы керек )
2 Ұзақмерзімділігі (ақша жасалатын материал берік болуы керек)
3 Ықшамдылығы (кішкене жеңіл болуы керек)
4 Біртектестігі (бірдей құнды ақшалардың бағасы бірдей болуы керек)
5 Бөлінімділігі (ақша бірнеше бөлікке бөлінуі керек)
6 Ажыратылымдығы (ақшаны жасау қиынға түсіп, олар жеңіл танылуы керек)
Мақал-мәтелдер:
Ақшаны ақша жасайды. Ақшаны табудан шашу оңай
Ақша тиыннан өсер
Жылқы құлыннан өсер
Ақша кетуге тырысады
Есеп ұстауға тырысады.
Тапсырма. «Ақшаның қызметтерін күнделікті өмірде пайдалану»
1 2 3 4
Қанат сыйлыққа 100мың алып, оны саяжайдағы теректің жанына жасырды
қор жинау

Қайрат бірнеше айдан кейін көптен армандаған 100мың шалбарының қалтасында екені есіне түсті

Қайрат ақшаны алып, дүкенге барып, өзіне әдемі костюм сатып алды
Қайрат досынан 100мың қарызға алып, бірнеше айдан кейін қайтарады

Берілген тапсырамада 1санының астында көрсетілген мысалдарға қарап онда ақшаның атқаратын қай қызметі көрсетілгенін 2 санынының тұстарына жазу керек. 3санының тұсына өздерінің мысалдарын жазу қажет, 4 ата-аналарының мысалдарын жазу керек.
Сөздікпен жұмыс
Бартер
Депозит
Үй тапсырмасы: әр елдің валюталары туралы жазып келу, тест құру
Бағалау. Сабақтың тақырыбы ақша болғандықтан оқушыларға бағалау мақсатында 5, 2, 1теңгелер әрбір жауап беру деңгейлеріне қарай үлестіріліп отырады. Ең соңында бағалау парағы көрсетіліп, жинаған ақшалары есептіліп, бағаланады. Ол мынадай:
Бағалау парағы:

20-15 14-10 9-5
«5» «4» «3»
Тақтаға сынып оқушыларының фамиялары жазылған парақ ілінеді. Соның тұсына алған бағалары қойылады.


Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.