Экономикалық саммит » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Экономикалық саммит

14-02-2015, 15:15
Автор: Аманкул
Қарау саны: 476
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сыныптан тыс ашық сабақ
Тақырыбы: Экономикалық саммит.
Мақсаты: 1. Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылау, өзге мемлекеттің валютасымен
таныстыру.
2. Қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттерді
реттеуге үйрету, экономикалық терминдерді таныстыру, өз бетімен жұмыс
істеуге дағдыландыру.
3. Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды
үйрету, тілді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Компьютер, есептер жазылған слайд жиынтығы, ұлттық валюта.
Әдісі: диспут әңгіме.
Сабақ барысы
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме қонақтар, бүгінгі жиынымыз мектебіміздің 60 жылдық мерей тойына арналған рәміздеріміздің бірі төл теңге жайында болады. Экономикалық дағдарыстан шығу үшін жиын барысында экономикалық сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарымыз. Дөңгелек үстел тілі қазақ тілі екенін анықтап алайық. Бүгінгі саммиттің төрағасы мен Рашидова Аманкүл және менің көмекшілерім.
Нұргүл: Журналист Елшібай Жанат
Жанат: Саммитті жүргізуші Рамазан Нұргүл
Құрметті қазақстандықтар, сонымен қатар № 112 орта мектебіне жиналып отырған оқушылар мен ұстаздар! Бүгін 1-2 минуттан кейін біздің мектебімізде мектебіміздің 60 жылдық мерейлі тойына арналған еліміздің ұлтық валютасын дәріптеу және өзге елдер валютасымен таныстыру мақсатында экономикалық саммит жиынына куә болғалы отырсыздар.Сіздерді мектебімізге 60 жыл толуымен құттықтаймыз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміздің аспаны ашық , биік мұраттарға жетелер алдағы күндеріміз ардайым қуаныш -күлкіге толы болсын!
Нұргүл: Я біздің журналисіміз дұрыс айтады. Осы саммитке қатысушы елдерден келген өкілдер сыртта күтіп тұр. Сол кісілерді қошеметтеп қарсы алайық. (Оқушылар кіріп орындарына жайғасады) Қайырлы күн саммитке келген делегатция мүшелері. Қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер! Бүгінгі жиынның басты мақсаты бүкіл әлемді жайлаған экономикалық дағдарысқа қарсы тұратын әрекеттер жайлы және де ұлттық валютамызды дәріптеу. Жиналған мемлекет өкілдері өз ойларын ортаға салу үшін алдымен өздерін таныстырып өтсін.
Ең алдымен ҚР- ның өкілін ортаға шақырымыз (өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Ортаға Ресей Республикасының өкілдері ортаға шықпақ(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Америка Құрама Штаттарының өкілдері(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Ендігі кезекте Қытай халық республикасын ортаға шақырамыз. (өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Келесі Қырғазстан Республикасы(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)
Өзбекстан Республикасы(өз елдерінің экономикасымен қысқаша таныстырады)

Жанат: Дәурен мен Ерсұлтанның орындауындағы «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Нұргүл: Ал енді ортаға ең алғаш болып өз еліміздің өкілі ортаға шықсын ҚР ның өкілі өз елінің ұлттық валютасымен таныстырады.
Жанат: Осы дөңгелек үстелге қатысып отырған бестік мүшелерінен өз елдерінің валютасы мен экономикасы жөнінде мағлұмат беруді сұраймыз.
1- Қазақстан
2- Ресей
3- АҚШ

Нұргүл: Өте жақсы. Ендігі кезекте журналисіміз Жанат қаржылық жаңалықтармен таныстырады.
Жанат: Мен қысқаша саммитке қатысып отырған елдердің теңгеге шаққандағы бағамы жайлы айтып кетейін.
1 юань – 22,06 тг.
1 доллар – 150,2 тг,
1 сум – 0,8 тг,
1 сом – 2,28 тг,
1 рубль- 4,82 тг.
4 – Қытай Халық Республикасының өкілі
5 – Қырғызстан
6 – Өзбекстан
Есептермен Нұргүл таныстырады
1-есеп Слайд: Аспазшы бірдей бағамен 5 қасық және 3 шанышқы сатып алды.
Қасыққа ол 350 теңге жұмсады, сонда шанышқыға қанша теңге төледі?

2-есеп Слайд: Екі түптеуші 180 кітапты түптеді. Біріншісі күніне 5 кітаптан барлығы
75 кітап түптеді. Егер екі түптеуші бірдей уақыт жұмыс істеген болса,
екінші жұмысшы күніне неше кітап түитеген

Жанат: Енді осы кітаптар ішінен шыққан «Үнемділік пен үнемсіздік» тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді әр елдің өкілдері оқып, оның мағынасын ашып береді.
1. Тамшыдан тама берсе дария болар
2. Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның
3. Түстік өмірің болса, кештік мал жина
4. Қасықтап жинағаныңды шөміштеп төкпе
5. Есептемегенге бәрі түгел
6. Шашу оңай, жинау қиын.
7. Қолдағының құны жоқ.
8. Базары жақын байымас.
9. Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала.
10. Саумал ішсең қымыз жоқ, байтал мінсең құлын жоқ.
11. Үзіп жеген үнемге жатпайды


Н: Келесі экономикалық дағдарысты сауылдарға жауап беру арқылы жеңіп шығайық.
1. Тауар дегеніміз не?
2. Еліміздің ұлттық валютасы.
3. Тұтынушы деп кімді айтамыз?
4. 1Теңгеде неше тиын бар?
5. Әлемнің неше кереметі бар?
6. 1 долларда неше цент бар?
7. Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның нешінші президенті?
8. Қырғыз елінің валютасы.
9. 360 теңгеге 1 киллограмы 60 теңге тұратын неше кг. Картоп сатып алуға болады?
10. Қытайдың валютасы.
11. Американдық доллардың ең үлкен банкнотасы.
12. Қаржы дегеніміз не?
13. Сауда дегеніміз не?
14. Экономика дегеніміз не?
15. Ақша сақтайтын мекеме.
16. Валюта бағамы дегеніміз не?
17. Қырғыз елінің валютасы.
18. Ақша беретін құрылғы:
Жанат: ендігі жерде дөңгелек үстелдің қорытындысын шығару үшін мектебіміздің 60 жылдығына қонақтардың аранайы алып келген қонақ кәделерін тамашалайық.Тартуымызды қабыл алыңыздар!
Нұргүл: Алмат Құрманның орынауында «Мектебіме арнау» өлеңі оқылады.
Жанат: Дәурен мен Әйгерімнің орындауында «Ұстазым » әні
Нұргүл: Елшібай Жанат «Мектебім »
Жанат: Ерсұлтан мен Көркемнің орындауында «Ұстазым менің ұстазым!»
Нұргүл: Бүгінгі саммитімізді қорытындылау үшін сөз кезегін ....................................береміз
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.