Мемлекеттік бюджет » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Мемлекеттік бюджет

14-02-2015, 15:07
Автор: Аманкул
Қарау саны: 801
Пікірлер: 0
Версия для печати
Күні: 12.01.2014жыл
Сыныбы: 5 «А»
Пәні: Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық
Пән мұғалімі: Рашидова Аманкул










Қызылорда қаласы
2013-2014 оқу жылы

Сыныбы: 5 «А»
Пәні: Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық
Пән мұғалімі: Рашидова Аманкул
Сабақтың тақырыбы: Мемлекетттік бюджет
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға түсінікті түрде мемлекеттік бюджет, салық, бюджеттің табысы мен шығыны түсінігін ашып көрсетіп, оған сипаттама беру.
2. Мемлекеттің экономикаға қатысуының неден көрінетінін түсіндіру.
3. Мемлекеттің қоғам үшін көрсететін игіліктерін үнемді, ұқыпты етіп пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Диалогтық әңгімелесу, практикалық жұмыс барысында ситуациялық жағдайларды шешу оқушыларды аралас экономикада кейбір экономикалық сұрақтарды мемлекет шешеді деген ойға әкелу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.
Сабақ барысы:
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау
3. Үй жұмысын тексеру

Мұғалім сөзі: Ал балалар, мен сендерге бүгінгі сабақты Қазақстан Республикасының президентінің 2014 жылғы 17-қаңтардағы халыққа жолдауындағы бесінші бағыт бойынша айтылған тапсырмаларымен таныстырғанды жөн көрдім.
Бесінші бағыт.
Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Бизнесті дамыту үшін оған кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.
Ал енді осы жолдаудағы тапсырмаларды орындау үшін біздің президентіміз бізге Астана – Қызылорда поезымен тапсырмалар беріп жіберіпті. Сол тапсырмаларды орындап көрейік. Бұл тапсырмалар үй жұмысына берілген сұрақтарға байланысты екен.
Үй жұмысы:
Білімді жан жақты тексеру. Сұрақ – жауап кезеңі
1. Тауарлар мен қызмет көрсетуді сататын адам кім?
2. Сауда даганіміз не?
3. Сауданың неше түрі бар?
4. Ішкі сауда дегеніміз не?
5. Сыртқы сауда дегеніміз не?
6. Экспорт дегеніміз не?
7. Импорт дегеніміз не?
8. Квота дегеніміз не?
9. Баж салығы дегеніміз не?
10. Қазақстан қандай тауарлар мен қызмет көрсетулерді экспорттайды?
11. Қазақстан қандай тауарлар мен қызмет көрсетулерді импорттайды?
12. Экономиканың түрлерін ата.

Жаңа сабақты түсіндіру:
1кезең: Алдарыңа берілген мәтіннің әр сөйлемін оқи отырып,
INSERT әдісін қолданамыз, және әр сөйлемнің соңына мына белгілерді қойып шығамыз
“V” “білемін”,
“―” “мен үшін түсініксіз”,
“+” “мен үшін жаңа ақпарат”,
“?” “мені таң қалдырады”
Мемлекет қоғамдық игіліктерді құру, ғылыми зерттеулерді жүргізу, әлеуметтік бағдарламалар мен тағы басқа қандай көп ақша қаражаттарын жұмсайды және ол ақша қаражаттарын қайдан алады? Мемлекеттің ақша ресурстарының көзі – ең алдымен азаматтармен фирмалардың табысы мен мүліктеріне салынатын салық. Мемлекеттің өз ақшасы жоқ. Нарықтық экономика кезінде ол салық төлеушілердің ақша қаражаттарын пайдаланады. Мемлекет игілігіндегі барлық ақша қаражаттарының жиынтығы қаржы деп аталады. Егер ата аналарың сендерге күніне 100 теңгеден ақша беріп отырса, онда ол ақша сендердің қаржыларың деп аталады. Әр апта сайын сендерге қанша ақша және неге жұмсау керектігін сендер жоспарлап отырасыңдар. Дәл сол сияқты мемелекет те өз ақша қаражаттарын жоспарлап отырады. Мемлекеттік бюджет – бұл табыстарды қайта бөлудің негізгі аспабы. Экономикада тегін ештеңе болмайды, бәрінің де құны бар. Мысалы, сендер мектепте тегін оқисыңдар. Ал білімнің құны бар екенін сендер жақсы білесіңдер. Сонымен сендер алған білімнің құнымен қалай есептесесіңдер? Ата аналарың сендердің білімдерің үшін табыстарынан төлейтін салықпен есептеседі. Салық дегеніміз азаматтардың жалақысы немесе фирмалардың пайдасынан мемлекет пайдасына түсетін ақша қаражаттары. Мектеп жасындағы балалары жоқ ата аналар да салық төлейді, себебі ол міндетті төлем. Ал осы ақша қаражаттардың табысы мен шығынын жоспарлауды мемлекеттік бюджет дейді.
Енді осы мәтіннен не түсіндіңдер? Келесі сұрақтарға жауап берейік
 Мемлекет дегеніміз не?
 Біз өмір сүретін мемлекет қалай аталады?
 Мемлекет өз азаматтарына қалай қамқорлық жасайды?
 Өрт сөндірушілер мен мұғалім, дәрігерлерге жалақыны кім төлейді?
 Бюджет сөзін біз қай жерлерде естіп жүрміз?
 Бұл сөздің мағынасын түсіну үшін біз ненің көмегіне жүгінеміз?
 Ақшаға сатып алып көрмеген тауарлар мен қызметтерді атаңдар?
 Қоғамдық игілік дегеніміз не?
 Бюджет сөзі қай елдің сөзі және қандай мағына береді?
 Ал енді экономикалық сөздікке назар аударып бюджет сөзі нені білдіретінімен танысайық.
Оқушыларға таратпалар таратылады.
2-кезеңі
Айнұр мен Сұлтан қаңтар айының жалақысын алды. Сүлейменовтар отбасы лотереядан 10 000 теңге ұтып алды. Жамбыл – Кондитерлік фабриканың директоры. Ол Жаңа жылдық мереке қарсаңында өз өнімдерін сатып екі есеге пайдасын арттырды.
Осы таратпалардағы ортасындағы жолаққа назар аударыңдар. Осы жолақтан қиып таратпаларыңызды бөлікке бөліңіздер. Осы таратпалардың үлкен бөлігін өздеріңе алып қалып, кіші бөлігін мына сумкаға салуларыңызды сұраймын. Енді өздеріңе елестетіп көріңдер, мен біздің Республикамыз деп.

Таратпаларды екіге бөлген болатынбыз, сол екінші бөлігін пайдаланатын кез келді. Әмиянға салынған таратпалардың жартысын алып көрейік. Әмиян мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығынын жоспарлайды. Сондықтан біз салған ақша қаражаттары не деп аталады. (Салық) Енді мемелекеттік бюджеттің шығынын қарастырып көрейік.
Мемлекеттік бюджет

Табыс Шығын

Салықтың барлық түрлері Әлеуметтік мәдени шаралар
Төтенше жағдайлар бойынша шығындар
Сыртқы экономикалық қызмет
Елді басқару
Әскерді ұстау
Білім және денсаулық сақтау

Сабақтың осы кезеңінде оқушыларға оқулықтың 34- бетіндегі анықтамалармен танысу керектігін айту.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз мемлекеттің алдағы уақытқа жоспарланған табысы мен шығыны
Мемлекеттік қаржы дегеніміз мемлекет игілігіндегі барлық ақша қаражаттары
«Бюджет» сөзі ағылшын тілінен аударғанда – “әмиян ” дегенді білдіреді

Мемлекеттік бюджеттің түрлері

Артықшылығы бар бюджет Тапшылығы бар бюджет Теңгерімді бюджет
Табысы шығынынан Шығыны табысынын Табысы мен шығыны тең
артық болған бюджет артық болған бюджет болған бюджет

Сергіту сәті:
Ал енді сабақтан шамалы бой жазып, көңілімізді көтерейік. Алдарыңа қойылған ақ парақты төбелеріңе қойып, оның ортасына үлкен шеңбер салыңдар. Ол шеңбердің жоғарғы жағына «БЮДЖЕТ» сөзін жазыңыз. Содан кейін шеңбердің дәл ортасын екіге бөліп, көлденеңінен тағы бір сызық сызыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сіл болса да ұқсайды?»
Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған
I тапсырма Есепті шығар

Меншікке салынатын салық – 2 млн.
Денсаулық сақтау – 3 млн.
Қорғаныс – 1 млн.
Заңды тұлғалардан алынатын салық – 500 000
Жеке тұлғалардан алынатын салық – 400 000
Табиғатты қорғау – 500 000
Білім, ғылым, мәдениет – 4 млн.
Кедендік баж салығы – 4 млн.
Акциздер – 2 млн.
Құрылыс, көлік, байланыс – 2 млн.
Ауыл шаруашылығы – 1 млн.
Бағалы қағаздар операцияларына салынатын салық – 2 млн.
Қосымша құн салығы – 2 млн.
Әлеуметтік – экономикалық мақсаттардың шығындары – 1 млн.
Бұл есепті шығару үшін ең алдымен, табыс бөлігімен шығынын анықтап алып, содан кейін мемлекеттік бюджеттің қай түріне жататынын анықтаймыз.





II тапсырма Сәйкестендіру тесті

















Үйге тапсырма:
 Жаңа терминдерді жаттап келу
 Оқулықтың 35 – бетіндегі 1,2 тапсырма
 Оқулықтың 36 – бетіндегі тест тапсырмасы дәптерге орындау
Рефлексия: Сергіту сәтіндегі оқушылардың сызған сызбасын пайдалануды ұсынамыз. Ол сызбаға оқушылар бүгінгі сабақтан алған өз әсерлерімен таныстырады.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.