Дидактикалық материалдар » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Дидактикалық материалдар

Дидактикалық материалдар

21-01-2015, 21:13
Автор: Солнышка
Қарау саны: 8793
Пікірлер: 0
Версия для печати
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы


Екінші сыныптың ҚАЗАҚ ТІЛІ пәніндегі жаттығу жұмыстарына деңгейлік тапсырмаларды енгізе отырып, сол тапсырмаларға байланысты талдаудың түрлерін жүргізу мақсатында құрылған
Қосымша « Дидактикалық материалдар» жинағы

Алғы сөз

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңаша технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әртүрлі технологиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан- жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту , өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе,ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Өйткені, қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, ізденімпаз, талапты, дарынды, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс. Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп, зерттеп, тиімділігіне қарай оқытып, өзінің шеберлігіне қарай таңдау керек.Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Өйткені, бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс- тәсіліне , шеберлігіне қарай жүзеге асады.
Мен өзімнің іс- тәжірибеме сүйене отырып, сабағымда көптеген жаңашыл педагогтардың технологияларын басшылыққа аламын. Соның бірі Ж.Қараевтың «Деңгейлік оқыту» технологиясы.Деңгей-
леп оқытудың тиімділігі өте көп. Деңгейлеп оқыту – мұғалімнің де, оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады. Деңгейлеп саралауда оқушының сабаққа қызығушылығы артады, жеке қабілеті айқындалады, өз бетімен жұмыс істеуге бейімделеді, нақты өз деңгейінде бағаланады. Деңгейлік тапсырмалар әр баланың өз деңгейі болатындай, әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне анықталып беріледі.
Міне, осы мақсатта екінші сыныптың қазақ тілі пәніндегі жаттығуларға деңгейлік тапсырмаларды енгізе отырып, сол тапсырмаларға грамматикалық талдаудың түрлерін жүргізуде мұғалімдерге қосымша құрал ретінде «Дидактикалық материалдар» жинағын құрастырдым.

Көкен Гүлжамал


Дыбыстар мен әріптер
22-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,сөздерді көшіріп жаз.Дауысты дыбыстардың қайсысы жуан,жіңішке екенін айт.

Жүр…к, өсімд…к, құл…н, өрм…кші, жүг…рі, бұрғ…, жұлд…з, өз…н, өр…к.

Ж - Өсімдік, құлын, сөздеріне сөйлем құрау, дыбыстық талдау.
ОЖ – Дауысты дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазу, дауысты дыбыстардың астын сызу.
О – Дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді теріп жазу,
дауысты дыбыстың астын сызу.
Т- Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жазу, дауысты дыбыстардың астын сызу.

25-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Дауысты дыбыстардың қайсысы жуан, жіңішке екенін айт.
Күз
Бояп алтын сарымен,
Ен далама салып өң,
Берекеге бөлеген
Күзді ұнатам бәрінен.

Ж – Күз туралы сөйлем құрау. Бояп сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ОЖ – Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жазу, дауысты дыбыстың астын сызу.
О – Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жазу, дауысты дыбыстың астын сызу.
Т – Соңғы екі жолын көшіру, дауысты дыбыстың астын сызу.

30 –жаттығу. Жұмбақты оқы, шешуін тап. Шешуін жазып, ондағы дауыстының қандай екенін айт.

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. ( балық)

Ж – Жұмбақты жатқа жазу, дауысты дыбыстың астын сызу.
ОЖ – Жұмбақтың шешуіне сөйлемдер құрастыру, дауысты дыбыстың астын сызу.
О – Ішінде 3 дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жазу, дауысты дыбыстың астын сызу.
Т – Ішінде бір дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жазу, дауыстылардың астын сызу.

34- жаттығу. Белгілердің орнына тиісті әріптерді қойып жаз. Дауысты дыбыстарды ата, қандай дауысты дыбыс екенін айт.

С . . . з , б . . . . т , к . . . . . к

Ж – тиісті әріптерді қойып, сөйлем құра, дыбыстық талдау жаса.
ОЖ - әріптерді қойып, қалаған сөзіне сөйлем құрау, сәбіз сөзіне дыбыстық талдау жасау.
О - әріптерді қойып, қалаған сөзіне сөйлем құрау, дауысты дыбыстардың астын сызу.
Т - әріптерді қойып, сөздерді жазу, дауыстылардың астын сызу.

39- жаттығу. Сөздердегі Жуан дауыстылардың астын –бір рет, жіңішке дауыстылардың астын екі реет сыз.

Түйе, арыстан, жолбарыс, қой, ешкі, лақ, түлкі, қасқыр , жылқы, аю.

Ж – Аңдарды теріп жазу, сөйлем құрау, арыстан сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ОЖ – Малдарды теріп жазу , екі сөзге сөйлем құрау, түйе сөзіне дыбыстық талдау жасау.
О – аңдарды бір жолға, малдарды бір жолға теріп жазып, Жуан , жіңішке дауыстылардың астын белгісі бойынша сызу.
Т – Сөздерді көшіріп, дауыстылардың астын белгісі бойынша сызу.

43- жаттығу. Сөздерді оқы. У дыбысының қалай естілгенін байқа, Жуан естілетіндерді бір бөлек, жіңішке естілетіндерді бір бөлек жаз.

Серуен, сауысқан, белбеу, қауын, сексеуіл, ауа, жусан, елеуіш.
Ж – У дыбысы жуан айтылатындарды бір жолға, жіңішкелерді екінші жолға жазып, сексеуіл сөзіне дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрау.
ОЖ – У дыбысы Жуан айтылатындарды бір бөлек, жіңішкелерді бір бөлек жазып, дауыстылардың астын сызу.
О – У дыбысы жуан айтылатын сөздерді теріп жазып, дауыстылардың астын сызу.
Т – У дыбысы жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазып,дауыстылардың астын сызу.

47- жаттығу. Мақалды жаттап ал, мазмұнын қалай түсінгеніңді айт.

Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Ж – Мақалды жатқа жазу, тояды сөзіне дыбыстық талдау.
ОЖ – Мақалды жатқа жазу, дауыстылардың астын сызу.
О – Тояды сөзіне сөйлем құрау, дауыстылардың астын сызу.
Т – Жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазу.

51- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жуан айтылатын сөздердің астын сыз.

Құс – табиғат көркі. Олар ормандаы қорғайды. Құстарды қорғау міндетіміз.

Ж – Сөйлемдерді жалғастыру, дауыстыларды белгісі бойынша сызу.
ОЖ – Сөйлемдерді көшіру, Жуан айтылатын сөздердің астын сызу.
О – Жуан айтылатын сөздерді теріп жазу, дауыстыларды сызу.
Т – Құс сөзіне сөйлем құрау, дауыстыларды сызу.

55- жаттығу. Сөздерді оқы . олардың қалай естілетінін байқа.

Жиде, жүзім, әтеш, кірпі, үкі, жел, күн.

Ж – Ү дыбысы бар сөздерді теріп жазып, сөйлем құрау, дауысты дыбысты сызу.
ОЖ – е дыб. сөздерді теріп жазу,сөйлем құрау, дауысты дыбысты сызу.
О – и дыбысы бар сөзге сөйлем құрау, дыбыстық талдау жасау.
Т – ә дыбысы бар сөзге сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасау.

58-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердегі дауысты дыбыстың жуан, жіңішке екенін айт.

Кітап та күн секілді,
Білім нұрын шашады.

Ж. Өлеңге қатысты мақал жаз, дауысты дыбыстың жуан, жіңішке екенін ажырат.
ОЖ. Өлеңді жатқа жаз, қарамен жазылған сөздегі дауыс. дыб. ажырат.
О. Өлеңді көшір. Дауысты дыб.ажырат.
Т. Қарамен жазылған сөздегі дауысты дыб.ажырат.


63-жаттығу. Жуан айтылатын құс аттары бір жолға, жіңішке айтылатын құс аттарын екінші жолға жаз.

Жуан айтылатын құс аттары: аққу,…
Жіңішке айтылатын құс аттары: үкі,…

Ж. Өз жеріңде болатын құстарды тауып жазып, оларға сөйлем құра. Жуан айтылатын сөздердің астын сыз.
ОЖ. Тапсырманы толықтай орындап, қалаған құс атына сөйлем құрау.
О. тапсырманы толықтай орындау.
Т. Өзі білетін құстарды жазу, дауысты дыбыстардың астын сызу.

67-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Ә дыбысынан басталатын сөз ойла.

1. …сет- ұқыпты оқушы.2. Д…рігер ауруды емдейді. 3. Айдынның ағасы …скерде.
Ж. Әрбір сөйлемге тағы да сөйлем қоса жазу. Жуан айтылған сөздің астын сызу.
ОЖ. Әр сөйлемді өз еркінше өзгертіп жазу. Жіңішке айтылған сөздердің астын сызу.
О. Ә дыбысынан басталатын сөздерді жазу, дауысты дыбыстың астын сызу.
Т. Сөйлемді көшіру, дауысты дыбыстың астын сызу.

67-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Жұмсасаң, тіл алмайды,
Өзіңнен бір қалмайды. (көлеңке)

Ж. Жұмбақты жатқа жазу. Шешуіне дыбыстық талдау жасау.
ОЖ. Жұмбақты көшіру. Жуан, жіңішке сөздерді ажырату.
О. жұмбақты көшіру, бір дауысты дыбысы бар сөзді табу.
Т. Жұмбақтың шешуіне дыбыстық талдау жасау.


73-жаттығу. Оқып қай әріп жоқ екенін тап. Сөздерді жаз.

…рмекші, к…жек, к…белек.

Ж. Көжек туралы сөйлемдер жазу. Дауысты дыбыстарды ажырату.
ОЖ. Әр сөзге сөйлем құрау. Дауысты дыбыстарды ажырату.
О. Сөздерді жазу, дауысты дыбыстарды ажырату, айтылуын, жазылуын салыстыру.
Т. Сөздерді жазу, дауысты дыбыстардың астын сызу.

79-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын ата. Сөздерді көшіріп жаз.

Үкі, құр, бүркіт.

Ж. Бүркіт туралы жазу, дыбыстарды ажырату.
ОЖ. Үкі туралы жазу, дыбыстарды ажырату.
О. Сөзге сөйлемдер құрау. Үкі, құр сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Т. Сөздерді жазу, білетін құстардың аттарын қосып жазу, дауысты дыбыстардың астын сызу.

82-жаттығу. Қай сөз қалай айтылатынын айт.

Жапырақтың, күн, үлгілі, теректер, тырналар, ай, тоқылдақ, тұмсық, әсемпаз.

Ж. Жуан айтылған сөздерді теріп жазу, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.
ОЖ:Жіңішке айтылған сөздерді теріп жазу, дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
О. Сөздерді көшіріп, жуан айтылған 1, жіңішке айтылған 2 сызу.
Т. Бір дауысты дыбысы бар сөзді теріп жазу, сөйлем құрау.


Буын.

89-жаттығу. Өлеңді оқы. Өлеңдегі әр сөзді созып айтып көр.

Елім менің жерге бай,
Айдынды шалқар көлге бай.

Ж - Өлеңді жатқа жазу, сөздерді буынға бөлу.
ОЖ - Өлеңдегі сөздерді буынға бөліп, көшіру.
О - Өлеңді көшіріп, дауысты, дауыссыздарды ажырату.
Т - Өлеңді көшіріп, дауысты дыбыстардың астын сызу.

94- жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сөздерді буынға бөліп көшір.

Күзде күн қысқарады. Түн ұзарады. Қараша күздің соңғы айы.

Ж – Сөйлемді толықтыр, буынға бөлінбейтін сөздерді тап.
ОЖ – Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп жаз. Күзде сөзіне дыбыстық талдау жаса.
О – Сөйлемдегі сөздерді буынға бөл.
Т – Сөйлемдерді көшір, Бірінші сөйлемдегі сөздерді буынға бөл.

99 – жаттығу. Жұмбақты оқы, шешуін тап. Шешуіндегі сөзді буынға бөліп жаз.

Сырты бүтін,
Іші түтін. ( Саңырауқұлақ)

Ж – Ойдан жатқа жұмбақ жазу, сөздерді буынға бөлу.
ОЖ – Жұмбақты жатқа жазып, сөздерді буынға бөлу.
О – Жұмбақты жатқа жазып, жіңішке айтылатын сөздерді табу.
Т – Жұмбақты көшіру, жуан айтылатын сөздің астын сызу.

103 – жаттығу .Берілген буындардан үш, төрт буынды сөздер құрастырып жаз. Сөйлем құрастыр.

Бүр, қар, қа, лы, шек, ғаш, тер, зын, бәй, ше, жау, шік, дер, тар.

Ж – төрт буынды сөздер құрастырып, сөйлем құрау, дауыстыларды ажырату.
ОЖ – Үш буынды сөздер құрастырып, сөйлем құрау, дауыстыларды ажырату.
О – екі буынды сөздер құрастырып, сөйлем құрау, дауыстыларды ажырату.
Т – Буындардан сөздер құрастырып, дауыстыларды сызу.

Тасымал.

107- жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазыл,ан сөздергетасымалдау белгісін қойып көшіріп жаз.

Ауылдың шетінде мектеп бар. Мектептің іші таза. Терезелері жарық. Біз мектебімізді жақсы көреміз.

Ж – Қарамен жазылған сөздердің тасымалдану жолдарын көрсету, басқаша түрде сөйлем құрау.
ОЖ – Сөйлемді жатқа жазу, мектептің сөзінің тасымалдану жолын көрсету.
О – Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерге тасымалдау белгісін қойып көшіріп жазу.
Т – Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, көшіру.

111- жаттығу. Сөдерді тасымалдану белгісін қойып көшіріп жаз.

Қарлығаш, құмырсқа, ине, әже, үкі, құрылысшы, балапан, тон, жел.

Ж – Тасымалдау,а болмайтын сөздерді тауып, сөйлем құрастыру.
ОЖ – 3,4 буынды сөздерді теріп жазып, тасымалдану түрлерін көрсету.
О – Тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазу.
Т – 1-ші, 2-ші сөздердің тасымалдану жолдарын көрсету.

114 – жаттығу. Ребустың шешуіндегі сөзді тасымалдап жаз.

Ребустың шешуі ( тауық)

Ж – Тауық сөзіне басқаша ребус құрастыру, сөздің тасымалдану жолын көрсету.
ОЖ – Тауық сөзіне сөйлемдер құрастыру, тасымалдану жолын көрсету.
О – Тауық сөзінің тасымалдану жолын көрсету, дыбыстық талдау жасау.
Т – Тауық сөзін буынға бөліп жазу, дауысты дыбыстарды ажырату.

120- жаттығу. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жаз.

Жауынгер, қайың, жауын, мүйіз, бауырсақ, балапан, жүрек, жолаушы.

Ж – У дыбысы келетін сөздерге сөйлемдер құру, сол сөздердің тасымалдану жолын көрсету.
ОЖ – Й дыбысы бар сөздерге сөйлем құрастыру, сол сөздердің тасымалдану жолын көрсету.
О – Үш буынды сөздерді теріп жазу, тасымалдану жолын көрсету.
Т – Сөздерді тасымалдану белгісін қойып көшіріп жазу.

Мәтін

150- жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздерден мәтін құрап жаз.

Ол алдына санжарды алып отыр. Әжем үйде отыр. Әжем немересін жақсы көреді. Санжар оның немересі.

Ж - Әже туралы мәтін құрастырып жазу. Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сызу.
ОЖ – орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құру, тасымалдауға болмайтын сөздерді табу.
О – 1, 2-ші сөйлемдерді көшіріп, жуан, жіңішке айтылатын сөздерді ажырату.
Т – жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазып, буынға бөлу.

154- жаттығу. Сөздерді оқы. Бұл сөздер қай ертегіден алынған.

Қыз, мысық, мейіз, қатық, сиыр, ағаш, су, сағыз, дүкенші, тауық тышқан.

Ж – Мысықты сипаттап, мәтін құр.сөйлемдерді сызбамен көрсет.
ОЖ – жіңішке айтылатын сөздерді тауып, сөйлемдер құра, тасымалдану жолын көрсет.
О – Жуан айтылатын сөздерді теріп жаз, бір сөзге дыбыстық талдау жаса.
Т – Сөздерді көшіру, дауысты дыбыстарды белгілеу.

158 – жаттығу. Әңгімені оқы. Мәтіннің мазмұнын айт, осыған ұқсас әңгіме құра.

Аурудан аяған күштірек
Сейіт байқаусызда аяғын сындырып алды. Ойбайлап жылаған баласын көрген шешесі талып қалды. Оны Сейіт көрді. Сынықшы Сейіттің сынған аяғын қайта салды. Сейіт қатты қиналды. Бірақ қабақ шытпады.Оған өзінен гөрі анасының қиналғаны ауыр еді.

Ж – Осыған ұқсас әңгіме құра. Мәтіндегі сөздерді буынға бөлу сызбасымен көрсету.
ОЖ – Мәтіндегі сөйлемдерді сызбамен көрсету.
О – Осыған ұқсас әңгіме құра, 1-ші сөйлемдегі сөздерді буынға бөл.
Т – Жіңішке айтылатын сөздерді теріп жаз. Сейіт- сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Сөйлем

164 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылған.

Күз келді. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа қайтты.

Ж. Мәтінді жалғастыр. Сызбасын көрсет.
ОЖ. Сөйлемдегі сөздерді буынға бөлу сызбасымен көрсет.
О. Сөйлемнің сызбасын жаз.
Т. Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп жаз.

170-жаттығу. Бірінші жолдағы сөздерге, екінші жолдағы сөздерді қосу арқылы сөйлем құрастырып жаз.

1. Қоңырау, оқушылар, сабақ.
2. Сыныпқа кірді, басталды, соғылды.

Ж. Бірінші жолдағы сөздермен , екінші жолдағы сөздерді қосу арқылы ,сұраулы, лепті сөйлемдер құрастыр.
ОЖ – Сұраулы сөйлемдер құрастыру. Дыбыстық талдау жасау.
О – Сөйлемдер құру, сөздерді буынға бөлу.
Т – Сөйлемдер құру, дауысты дыбыстарды белгілеу.

174 – жаттығу. Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқып, көшіріп жаз.

- Мына сурет қандай әдемі салынған !
- Мұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Әбілхан Қастеев атаңды білесің бе ?
-
Ж – Сөйлемдерге ұқсас мәтін құра. Сұралы , лепті сөйлемдерді тап.
ОЖ - Әбілхан Қастеев туралы мәтін жаз. Сөйлемдердің сызбасын көрсет.
О – Сөйлемдегі сөздерді буынға бөлу сызбасымен көрсет.
Т – Сөйлемдерді сызбасымен көрсет.

180 – жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. Қандай тыныс белгі қойдың? Неге?

Алақай, ауылдан атам келді ауа қандай таза Дала қандай әдемі Ура , әжем келе жатыр.

Ж – Сөйлемдерді өз еркімен өзгертіп, тыныс белгілерін қою, бірінші сөйлемге толық талдау жасау.
ОЖ –Тыныс белгісін қойып көшіру, екінші сөйлемге толық талдау жасау.
О – Сөйлемдерді көшіру, ауылдан сөзіне толық талдау жасау.
Т - Сөйлемдерді көшіру, ауа сөзіне толық талдау жасау.


Сөйлемдегі сөздердің байланысы


190 – жаттығу. Сөйлемдерді оқы, жақшадағы сөздер қай сөзбен байланысып тұр?

1. Ажар (гүлді ) суарды. 2. Балалар (серуенге) шықты. Мал ( өрістен) келді. Сара (әжесіне) көмектесті.


Ж- Сөйлемдегі байланысты көрсету, сөйлемдерге толық талдау жасау.
ОЖ – Сөйлемдегі байланысты көрсету, 1-ші сөйлемге толық талдау жасау.
О – Сөйлемдегі байланысты көрсету, суарда сөзіне толық талдау жасау
Т – Жақшадағы сөздің қай сөзбен байланысқанын табу, өрістен сөзіне толық талдау жасау.

195 – жаттығу. Мақалды жатқа жаз, сөздердің байланысын сызып көрсет.

Түлік төлден өседі.

Ж – Мақалдың мағынасын сөйлемдер құру арқылы ашу, сөздердің байланысын көрсету.
ОЖ – мақалды жатқа жазу, байланысты көрсету, толық талдау жасау.
О – Мақалды жатқа жазу, байланысты көрсету.
Т – мақалды жатқа жазу, өседі сөзінің тасымалдану жолын көрсету.

199 – жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.

Қыс, қар, балалар, шаңғы, шана.

Ж – Мәтін құрау, байланысты көрсету, бірінші сөйлемді толық талдау.
ОЖ – Сөйлемдер құрау, байланысты көрсету, 1-ші сөйлемді толық талдау.
О – Сөйлемдер құрау, Бір сөйлемді толық талдау.
Т – Сөйлемдер құрау, байланысты көрсету.


Сөз

203- жаттығу. Берілген буындардан сөздер құрап жаз. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Бі , бұ , лім , лақ , тап , кі.

Ж – Буындардан сөздер құрап, мақал жазу, толық талдау.
ОЖ – Буындардан сөздер құрап, сөйлемдер құрастыру, байланысты көрсету.
О – Буындардан сөздер құрап, 2 сөйлем құрастыру, сызбасын көрсету.
Т – Сөздер құрастыру, буынға бөлу.

208 – жаттығу.Мақалды оқып, жатқа жаз. Мағынасы қарама қарсы сөздердің астын сыз.

Ащы еңбектен – тәтті нан.

Ж – Қарама- қарсы мағыналы сөздері бар жұмбақ немесе мақал жазу, толық талдау.
ОЖ – мақалды жатқа жазу, байланысты көрсету.
О – мақалды жатқа жазу, қарама- қарсы сөзді тауып, дыбыстық талдау.
Т – мақалды көшіру, қарама- қарсы сөзді тауып, дыбыстық талдау.

211 – жаттығу. Көп нүктенің орнына алдңғы сөзге мағынасы жуық сөзддерді қойып жаз.

Қабілетті
. . . оқушы

. . .
Ж – Жақсы оқушыны сипаттау, мағынасы жуық сөздерді табу, тасымалдану жолын көрсету.
ОЖ – Мағынасы жуық сөздерді тауып, сөйлем құрау, сызбасын көрсету.
О – Мағынасы жуық сөздерді тауып, сөздерге толық талдау.
Т – Мағынасы жуық сөздерді тауып жазу, буынға бөлу.

214 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Бұл сөздердің әр түрлі мағына білдіріп тұрғанын байқа.

Бақта өсті көп алма,
Көк қой әлі, көп алма.

Ж – Алма туралы өлең шумақтарын құрастыру.Алма сөзінің әр түрлі мағынада білдіріп тұрғанын көрсету.
ОЖ – Алма туралы мәтін құрастыру, толық талдау жасау.
О - Өлеңді жатқа жазу, қарамен жазылған сөздердің мағынасын табу.
Т - Өлеңді көшіру, қарамен жазылған сөздердің мағынасын табу.

Заттың атын білдіретін сөздер.

224- жаттығу. өлеңді оқып, жатқа жаз. Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды,
Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.

Ж - Өлеңді жатқа жазу, кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөзді тауып, байланысын көрсету.
ОЖ - Өлеңді жатқа жазу, кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу, нені білдіретінін айту.
О - Өлеңнен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөзді тауып , байланысып тұрған сөзімен көшіру.Қорғайды сөзінің тасымалдану жолы.
Т – Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді көшіріп, дыбыстық талдау.

228 – жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын айт. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз. Оларға сұрақ қой.

Күріш суда өседі. Ол дәнге жабысқан қатты қауызбен қапталған. Күрішті осы қауыздан тазартып ақтау қажет.Сонда тамаша ақ күріш алынады. Одан палау, ботқа пісіреді. Күріштен крахмал, қант, күріш ұнтағы алынады.

Ж – Мәтіннің графикалық сызбасын сызып, ауызша мазмұнын айту, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу.
ОЖ – Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу, Қуызбен сөзінің тасымалдану жолы, дыбыстық талдау.
О – Қарамен жазылған сөздерді көшіріп, оларға сұрақ қою, өз бетімен сөйлемдер құрып, сызбасын көрсету.
Т – Қарамен жазылған сөздерді көшіріп, сұрақ қою, сөздердің тасымалдану жолын көрсету.


230- жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Оларға сұрақ қой. Бұлар нені білдіретін сөздер?

Алаша, киіз, сандық, жиде, төсек.

Ж – Сөздерден сөйлемдер құру, Сөйлемдегі сөздерге сұрақтар қою.
ОЖ – Сөйлемдер құру, сызбасын көрсету, киіз сөзіне дыбыстық талдау.
О – Сөйлемдер құру, 1-ші сөйлемге толық талдау.
Т – Сөздерді көшіріп, сұрақ қою, бір сөйлем құрып , сызбасын сызу.

235 – жаттығу. Суретке қарап, кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып ата. Сурет бойынша әңгіме құра.

Суретте--- қыз, бала, ойыншықтың түрлері берілген.

Ж – Суретке ат қойып, мәтін жазу. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сызу, толық талдау.
ОЖ – Суретке әңгіме құрастыру, заттың атын білдіретін сөздердің астын сызу.
О – Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, оны көпше түрде жазу.
Т –Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, екі сөзге дыбыстық талдау жасау.

239 – жаттығу. Мақалды көшіріп жаз, Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Ж – Кім? сұрағына жауап беретін сөзі бар мақал жазу, сөздерге сұрақ қою.
ОЖ – Не? сұрағына жауап беретін сөздері бар мақал жазу, сөздерді буынға бөлу.
О – Мақалды жатқа жазу, Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді толық талдау.
Т – Мақалды көшру. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.

244 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Архитектор, құрылысшы,
Малшы болып ойнаймыз.
Теміржолшы, жұмысшы ,
Әнші болып ойнаймыз.

Ж - Өлеңді жатқа жазу, сөздерді толық талдау.
ОЖ - Өлеңді жатқа жазу, сөздерді буынға бөлу.
О – Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, оларға сөйлем құру.
Т – Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, архитектор сөзінің тасымалдану жолын көрсету.

252- жаттығу. Сөздерді оқы. Алдымен кім? сұрағына, сонан соң не? сұрағына жауап болатын сөздерді көшіріп жаз.
Ғарышкер, қауырсын, ауа, дәрігер, аға, торғай.

Ж –Сөздерге сөйлем құра, әр сөзге сұрақ қой, байланысты көрсет.
ОЖ – Ғарышкер туралы сөйлемдер жаз, сөздердің байланысын көрсет.
О – Қалаған үш сөзге сөйлем құра, сөйлемнің сызбасын сыз.
Т – Сөздерді көшір, сұрақ қой. Ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау.


Бас әріппен жазылатын сөздер

259 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздің астын сыз, бас әріптен басталу себебін түсіндір.

Ырыс боп алабы,
Ертісім ағады.
Қақ жарып даланы,
Шалқиды каналы.
Ж - Өлеңді жатқа жазу, сөздердің байланысын көрсету.
ОЖ - Өлеңді қара сөзге айналдырып жазу, сөйлемдердің сызбасын сыз.
О - Өлеңдегі сөздерді буынға бөле отырып көшіру, 2-ші сөйлемнің сызбасын көрсету.
Т - Өлеңді көшіріп, қарамен жазылған сөзді толық талдау.

264- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бас әріппен басталған сөздерді ата, бас әріптен басталу себебін түсіндір.

Серіктің күшігі бар. Оның аты- Құтжол. Тоғжан мысық асырады. Оның аты- Тарлан. Құтжол мен Тарлан тез достасты.

Ж – Күшік туралы мәтін құрастыру, алғашқы сөйлемді толық талдау.
ОЖ – Мысық туралы мәтін құрастыру, сөйлемдердің сызбасын құрастыру.
О – Сөйлемдерді көшіру, сөздердің байланысын көрсету.
Т – сөйлемдерді көшіру, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.

268 – жаттығу.берілген әріптерден басталатын жер, су аттарын жаз.

А Т М

Ж - Әр әріпке 2 сөйлемнен құру, сөйлемнің байланысын көрсету.
ОЖ – Жер, су аттарын жазу, бір сөйлем құрап , толық талдау жасау.
О – жер, су аттарын жазу, 2 сөзге толық талдау жазу.
Т – Адам аттарын жазу, буынға бөлу.


Заттың қимылын білдіретін сөздер.

271- жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз. Ол сөздер нені білдіреді?

Тоғайда түрлі аңдар ... . Терең шатқалға қояндар . . . . Қызыл түлкілер тоғайда . . . . Тиіндер ағаштан ағашқа . .. .
Керекті сөздер – болады, жасырынады, жүреді, секіреді.
Ж – Сөйлемді көшіру. Сөздерге сұрақ қою
ОЖ-Сөйлемді көшіру. Қимылды білдіретін сөзге сұрақ қою.
О- Сөйлемді көшіру, заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қою.
Т – сөйлемді көшіру, қимылды білдіретін сөздердің астын сызу.

280 – жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қой.

1. Гүлге, құйды , су, жанат. 2. Дидар, сүргіледі тақтайды. 3. Тоғайда, тиін, болады.


Ж – Сөйлем құрау, заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің астын сызу, байланысты көрсету.
ОЖ- Сөйлем құру, заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің астын сызу.
О – Сөйлемдер құру, заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызу.
Т – Сөйлемдерді көшіру, заттың атын білдіретін сөздердің астын сызу.

283- жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызу.

Жақсы сөз сүйіндіреді,
Жаман сөз күйіндіреді.

Ж – Мақалға ұқсас мақал тап. Сөз таптарына талдау.
ОЖ –Мақалды жатқа жазу, сөздерге сұрақ қойып, астын сызу.
О – мақалды жатқа жазу, қарама- қарсы мәндес сөздерді табу.
Т – Мақалды жатқа жазу, қимылды білдіретін сөздерді табу.

288- жаттығу .Көп нүктенің орнына суреттегі заттың қимылын білдіретін сөздерді жаз. Күшік туралы шағын әңгіме құра.

Күшік ... құс ... мысық ...
... ... ...
... ... ...

Ж – Күшік туралы әңгіме құру, сөзтабына талдау.
ОЖ –Құс туралы әңгіме құрастыру, қимылды білдіретін сөздерді табу.
О – Суреттегі заттың қимылын білдіретін сөздерді жазып, сөйлем құрау, бір сөйлемге толық талдау жасау.
Т – Суреттегі заттың қимылын білдіретін сөздерді жазу, 3 сөзге толық талдау жасау.

292-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

Қар қалың жауды. Балалар қардан төбе жасады Оған су құйды. Қар мұз болып қатты. Балалар төбеден сырғанап ойнады.

Ж – мәтінді жалғастыр, заттың атын қимылын білдіретін сөздердің астын сызып, сөздерге сұрақ қой.
ОЖ – Мәтінді көшір, заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.
О – Үш сөйлемді көшір, заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.
Т- Соңғы екі сөйлемді көшіріп, заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

294 – жаттығу. Өлеңді оқы, кім? сұрағына жауап беретін сөздерді не істейді? Сұрағына жауап беретін сөздермен тіркестіріп жаз.

Ағам жылқы бағады,
Атам пішен шабады.
Жеңгем сиыр сауады,
Әжем киіз қағады.

Ж – Ұқсас өлең құрастыр, сөздердің байланысын тап.
ОЖ - Өлеңді жатқа жаз, сөздерге сұрақ қой.
О – Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді не істейді? Сұрағына жауап беретін сөзбен тіркестіріп жаз.
Т – қимылды білдіретін сөздерді теріп жаз, сөздерді буынға бөл.

Заттың сынын білдіретін сөздер

308- жаттығу. Жұмбақты оқы. Шешуін тап. Заттың түсін білдіретін сөздерді тап, оларға сұрақ қой.

Бүгін киген ақ тоны,
Ертең болар қара тон.
Қара тоны аздан соң ,
Болып кетер ала тон.

Ж – Жұмбақты жатқа жаз, сөздерге сұрақ қойып, нені білдіретінін тап.
ОЖ – Жұмбақты жатқа жаз, заттың түсін білдіретін сөздерді тап, байланысты көрсет.
О – Жұмбақты көшір, заттың түсін білдіретін сөздер мен заттың атын білдіретін сөздерді тап.
Т – Жұмбақты көшір, заттың түсін білдіретін сөздерді тап.

312 – жаттығу. Суреттегі заттарды салыстыр.

Алма, қияр.

Ж – Алманы сипаттау. Заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызу, байланысты көрсету.
ОЖ – Қиярды сипаттау, заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызу, байланысты табу.
О – Алма , қиярды салыстырып, сөйлем құрау, сөйлемдегі заттың атын, сынын білдіретін сөздердің астын сызу.
Т – Сұрақтарға жауап беру, сынын білдіретін сөздердің астын сызу.
Алманың түсі қандай?
Алманың түрі қандай?
Дәмі қандай? т.б.

316 – жаттығу . Өлеңдегі сызықтың орнына тұсындағы сызықтың тиістісін қойып жаз.

Кім қайда барсын?
----------- бала,
Нанға барсын.
----------- бала,
Малға барсын.
Тілі ------- бала,
Шалға барсын.

Керекті сөздер - тәтті, тіл алғыш, тілазар.

Ж - Өлеңді жатқа жазу, заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздерді тауып, астын сызу.
ОЖ - Өлеңді көшіру, заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сол сөздерге толық талдау.
О – Заттың сынын білдіретін сөздерді өзіне қатысты сөздермен қоса теріп жазу.
Т – Тілазар сөзіне сөйлем құрап, толық талдау жасау.

320 – жаттығу. Аңдардың аттарын оқы. Олардың ертегілерде қандай болып келетінін дұрыс тауып айт.

Қасқыр қорқақ және мақтаншақ
Түлкі қорқау және жыртқыш
Қоян қу және өтірікші

Үлгі - Қасқыр – қорқау және жыртқыш аң.

Ж – Осы аңдарды қатыстырып, ертнгі құрастыр. Сөйлемдегі заттың сынын білдіретін сөздердің байланысын көрсет.
ОЖ – Осы аңдар туралы сөйлемдер құрастыр, сөйлемдерге толық талдау жаса.
О – Үлгі бойынша сөйлемдер құрастыр, бірінші сөйлемге толық талдау жаса.
Т – Үлгі бойынша сөйлемдер құрастыр, заттың сынын білдіретін сөздердің астын сыз.

323 – жаттығу. Сөйлемдерді оқы, қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап, оларға сұрақ қой.

Тұз ащы, қант тәтті. Көмір қара , бор ақ. Қарға үлкен, торғай кішкентай.
Ж – Қарама-қарсы мағыналы сөздері бар сөйлемдер құрастыр, сөздерге толық талдау жаса.
ОЖ – Сөйлемдерді көшір, қарама-қарсы мағыналы сөздердің астын сыз, 1-ші сөйлемге толық талдау жаса.
О – Сөйлемдерді көшір, қарама-қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.
Т – Қарама-қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз, сұрақ қой.

331- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз,. Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.

Кең жайлауда гүл терем,
Бағатыным қошақан.
Асау құлын үйретем,
Өсіремін ботақан.

Ж – Қошақан, ботақан, құлын сөздерін қатыстырып, өлең шумағын құр, толық талдау жаса.
ОЖ - Өлеңді жатқа жаз, сөздерге сұрақ қой.
О – Заттың сынын білдіретін сөздерді байланысып тұрған сөзімен теріп жаз, толық талдау жаса.
Т – Заттың сынын білдіретін сөздерді теріп жазып, дыбыстық талдау жаса.

Заттың санын білдіретін сөздер.

344 – жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз, қанша? неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Үш қышқа ұшқыш үш құс қонды.

Ж – Санамақ жаз немесе құрастыр. Заттың санын білдіретін сөздерді тап.
ОЖ – Жаңылтпашты жатқа жаз, сөйлемді толық талда.
О – Жаңылтпашты көшір, сөздердің байланысын көрсет.
Т – Жаңылтпашты көшіріп, сөздерді буынға бөл.

347 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, оларға сұрақ қой.

Жеті, он бір , қырық , елу үш , алтыншы , он үшінші , жиырма тоғызыншы .

Ж - Әр сөзге сөйлем құра, заттың атын, сынын, қимылын, санын білдіретін сөздерді тап.
ОЖ – Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, сөйлемдер құра, сөздерді буынға бөл.
О – Осы сөздерге кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып жаз. Тоғызыншы сөзінің тасымалдану жолы.
Т – Сөздерді көшіріп, оларға сұрақ қой, жиырма сөзіне дыбыстық талдау.

352 – жаттығу. Мақалды түсініп оқы, заттың санын білдіретін сөздерді олар байланысып айтылған сөздермен бірге теріп жаз.

1. Еңбек –адамның екінші анасы.
2. Жалқаудың екі досы бар - бірі – ұйқы, бірі – күлкі.
3. Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

Ж – мақалды жатқа жазу, толық талдау.
ОЖ – Қалаған мақалын жатқа жазу, толық талдау.
О – 3 мақалды жатқа жазу, толық талдау.
Т – Заттың санын білдіретін сөздерді олар байланысып тұрған сөзбен бірге теріп жазу, толық талдау.

357 – жаттығу. Көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөзді қойып , көшіріп жаз.

. . . қияр, . . . қозы , . . . көйлек , . . . қызық кітап , . . . ақ ешкі , . . . қызыл шар .

Ж – сөйлем құрап , толық талдау.
ОЖ – Сөйлемдер құрау, әр сөзге сұрақ қою.
О – Сөйлемдер құрау, байланысты көрсету.
Т – Қалаған сөздерге сөйлем құрау, сөздерге сұрақ қою.
363 – жаттығу. Қандай сөзді қоса отырып жеті күн атауын оқуға болады? Күн аттарын ретімен жаз.

Жек…, дүй…, бей…, сей…, сәр…,
Жұма.

Ж. Күн аттарын ретімен жаза отырып, сөйлемдер құраңдар,
Толық талдау жаса.
О. Күн аттарын реттімен жазу, 3 сөйлем құра, толық талдау..
ОЖ. Күн аттарын ретімен жаз. Сөзге толық талдау жаса.
Т. Күн аттарын ретімен жазу, сөздерді буынға бөлу

367-жаттығу. Берілген сөздерде заттың санын білдіретін қандай сөздер жасырынып тұрғанын тап, тапқан сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Тон, берік. Сібір, кекілік, малты, қажетіне, күш, төрттік.

Ж. Тапқан сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Сөзге толық талдау.
ОЖ. Тапқан сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Зат санын, атын, қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.
О. Тапқан сөздерді қатыстырып сөйлем құрап. Байланысты тап.
Т. Тапқан сөздерді көшір, 2 сөйлем құра ,сызбасын көрсет.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.