Т.Жароков Ауыл күзі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Т.Жароков Ауыл күзі

25-02-2016, 00:59
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1459
Пікірлер: 0
Версия для печати

Әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары

3-сынып

Күні: 01.10.2015ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалім: Мурсалимова Кымбат

Килымбековна

Сынып: 3

Бөлім: «Маужырап барқыт қоңыр күз...»

Сабақтың 18

Қатысушылар саны /сабақты босатушылар: 22/1

Тақырып: Т.Жароков Ауыл күзі

Сабақтың мақсаты:

Автор туралы мағлұмат алады. Өлеңді өз бетінше түсінеді. Сыни ойлауға машықтанады. Тақырыпты зерттейді, қорғайды. Өз дәлелін ұсынады. Білімін өмірмен байланыстырады

Күтілетін нәтижелер:

Топтық жұмысқа өзіндік реттеледі, өзара сыйластық қарым-қатынас орнатады, бірін-бірі бағалап үйренеді, мәтінді талдау түрлерін қолдана алуға дағдыланады

Тілдік мақсат:

Жүйелі сөйлеу, сұрақтарға толық жауап беру, өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу

Бастапқы білімдері:

Күз, күзгі еңбек туралы бұрыннан білетіндері

Ресурстар:

АКТ құралдары (проектр, ноутбук, слайд тақтасы, фотоаппарат), күз тақырыбына арналған әуенді видео-ролик, жапырақтар, себет, себетке салынған үлестірмелер (түрлі-түсті жапырақтар), флипчарттар, әдебеиттік оқу оқулығы 3-сынып Атамұра баспасы 2014жыл

А-3 қағазы, маркерлер, бағалау парақшасы әр топқа, «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» парақшасы, стикерлер

Сабақ барысы:

Сабақтың бөліктері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1/Ұйымдастыру

Тренинг.

 

 

2 мин

 

 

 

Алғашқы ұйымдастыру кезеңі

Тренинг «Орныңды тап»

Саптың басында – 1 қаңтар, соңында – 31 желтоқсан. Туған күндері (жылын есептемей) бойынша орналасу.

 

 

Баяу күз мезгіліне сай әуен ойнап тұрады.

Оқушылар 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығында туған күндері бойынша орналасады. Қошемет.

Мақсатын анықтап алу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ой шақыру»

(видео-ролик)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөліну: «Жапырақтан құр қалма» ойыны. Себетке салынған түрлі-түсті жапырақтарды алу арқылы 4 – топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына жайғасады. Топ ережесін еске түсіру:

· Барлық пікір құнды

· Біреудің сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдау

· Өзара жағымды қарым-қатынасты сақтау

· Уақытты үнемдеу

· Белсенді болу

Флипчарттарды іліп қою

 

 

 

 

Өткен аптада барған топсаяхатты еске түсіру. «Ой шақыру» әдісі

Өздері топсаяхатта түсірген видео-ролик бойынша сұрақтар қою

Нелерді көріп тұрсыңдар? Далада қандай өзгеріс бар? Неліктен күз мезгілін сары түспен бейнелейді? Күз мезгілі несімен ұнайды немесе ұнамайды? Жапырақтар неге сарғаяды? Күз мезгілі туралы қандай өлеңдер білесің, авторларымен бірге ата? Бұл видео нені айқындайды? Сонымен бүгінгі сабағымызда жаңа бөлімді оқуды бастаймыз. Ол қалай аталады деп ойлайсыңдар? («Маужырап барқыт қоңыр күз») Бұл бөлімде шығармалардың мазмұны не жайында болмақ? Оқушылармен бірге тақырып пен мақсатын анықтау. (Автор туралы мағлұмат аламыз Өлең мазмұнын өз бетімізше түсінеміз. Тақырыпты зерттеп, қорғаймыз. Білімімізді өмірмен байланыстыра алатын боламыз. Олай болса, Мәтін мазмұнын білуі.

Бүгін Т.Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңі төңірегінде жұмыс жасаймыз.

Түрлі-түсті жапырақтар арқылы 4 – топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына жайғасады. Топ ережесін еске түсіреді:

· Барлық пікір құнды

· Біреудің сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдау

· Өзара жағымды қарым-қатынасты сақтау

· Уақытты үнемдеу

· Белсенді болу

1-топ. Жасыл жапырақ

2-топ. Қызыл жапырақ

3-топ. Сары жапырақ

4-топ. Қызғылт-қоңыр

Топ жетекшілерін сайлап алу.

 

 

Автор туралы мағлұмат аламыз Мәтін мазмұнын өз бетімізше түсінеміз. Тақырыпты зерттеп, қорғаймыз. Білімімізді өмірмен байланыстыра алатын боламыз.

Алдын-ала бағалау парғы таратылып қояды. (өйткені балалар бағалау парақшасымен жұмыс істеп дағдыланған, реттелген) Критериалды бағалау бүкіл сабақ барысында топ жетекшілері белгілеп отырады.

Білу

/үй тапсырмасын тексеру/

Түртіп алу әдісі

 

6 мин

 

 

 

 

Автор туралы мәліметті өздері айтуға тырысады. Автор туралы қосымша мәлімет слайд презентациямен жұмыс.

Т.Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңі.

-Күз мезгілі ақын тілімен, яғни көркем сөзбен қалай бейнеленеді екен, соған назар аударайық. Өлеңді топта мәнерлеп оқиды.

Оқулықпен жұмыс. Түртіп алу әдісін қолдану. Сөздік жұмысы:

Дабылдап – шулап, қарбалас уақыт

Балбырап – раххаттанып

Албырап – әбден піскен

Маужырап – қалғып, риза боп

Бүге – майыстырып, иіп

Автор туралы мәліметті өздері айтуға тырысады. Өлеңді топта мәнерлеп оқиды. Топ мүшелері барлығы оқиды. Оқыған кезде қарындашпен өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп отырады. Оқып болған соң сөздік жұмысы жүргізіледі. Бірігіп мағынасын ашады.

Бас бармақпен бағалау

жоғары – өте жақсы

жанына – жақсы

төмен – орташа

Түсіну

(күз туралы видео)

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

Топтар «Ауыл күзі» өлең мазмұнын постерге түсіреді. Постерлерін іліп қою.

Бағдаршамның көздері арқылы әр топ бір-біріне баға береді, неге өздері таңдаған түспен бағалағандарын айта кетеді.

Бағдаршамның үш көзі таратылады:

Қызыл – орташа

Сары – жақсы

Жасыл – өте жақсы

Топпен жұмыс істейді. Постерге өз ойларын түсіреді, топта талқылайды, біреуі қорғайды, қалған топтар тыңдап, өз ойларын қосады. Бағдаршамның көздері арқылы әр топ бір-біріне баға береді, неге өздері таңдаған түспен бағалағандарын айта кетеді.

 

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

«Мен саған, сен маған» ойыны. Күздің пайдасын білу. Қарама-қарсы екі топ бір-біріне дайындап келген сұрақтарын береді, жұмыс жасайды.

1-топ. Кесте толтыру. А-4 парақшасына

2-топ. Әрбір сары түстегі сөз тіркесіне байланысты өлеңде не айтылған? Бұл сөздер неліктен сары түспен жазылған деп ойлайсыңдар?

3-топ. Күзде адамдар қандай еңбек түрлерімен айналысады? (постер)

4-топ. Күз мезгілі туралы өлең құрастыр, немесе әңгіме.

Әр топ алған тапсырмаларын жазып болғаннан соң сағат тілі бойынша қорғайды.

Барлық топтың жауаптары тыңдалып, талқыланады.

Көңілді видео-ролик арқылы қимылдар жасаулары

Әр топ қарсы топ дайындап әкелген тапсырмаларын орындап, топта талқылап, қорғайды. Бағалауды шапалақ арқылы білдіреді:

Қатты – өте жақсы

Сәл ақырын – жақсы

Ақырын – орташа

 

 

 

 

 

 

Белсенділікпен қатысады.

Талдау

1/Венн диаграммасы

2/SWOT – талдауын

 

 

 

2 мин

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Венн диаграммасы арқылы қала күзі мен ауыл күзін салыстырады. (ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды, ортақ белгісін айтады). Ауызша жауаптар

SWOT – талдауын қолдану. Тақырыпты төрт қырынан қарастыру

1-топ. Күз мезгілінің мықты жағы туралы өз ойларын білдіреді. А-4 парағына

2-топ. Күз мезгілінің әлсіз жағы. А-4 парағына

3-топ. Күз мезгілінің мүмкіндіктері. А-4 парағына

4-топ. Күз мезгілінің қауіпті жағы. А-4 парағына

 

Тақтаға ілу, қорғату

 

 

 

 

 


Топтар бір-бірінің жауаптарын бас бармақ арқылы бағалайды

1/Венн диаграммасы арқылы қала күзі мен ауыл күзін салыстырады. (ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды, ортақ белгісін айтады). Ауызша

SWOT – талдауы арқылы тақырыпты төрт қырынан қарастырады

1-топ. Күз мезгілінің мықты жағы туралы өз ойларын білдіреді. А-4 парағына

2-топ. Күз мезгілінің әлсіз жағы. А-4 парағына

3-топ. Күз мезгілінің мүмкіндіктері. А-4 парағына

4-топ. Күз мезгілінің қауіпті жағы. А-4 парағына

Жинақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыпты бағалау

Күз мезгілін, ауыл күзін бағалау

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

Әр топқа жеке тапсырма.

1-топ. Өлеңнің ішінен тек қана күз мезгіліне қатысты сөздерді жинақтайды

2-топ. Өлең сюжетіне сай қимылдар келтіру

Бір оқушы өлеңді жатқа айтып тұрады, топтағы қалған оқушылар қимылмен көрсетеді.

3-топ. Т.Жароковтың «Ауыл күзін» әуенге салып айтады және неге бұл әуенді таңдағанын да айта кетеді.

4-топ. Өлең шумақтарына әдеби талдау жасайды.

 

2 жұлдыз, бір тілек арқылы бағалату

 

 

Ауылдағы күз мезгілінің кереметтігі туралы ойлар айтылады. Егер, күз мезгілі біздің өмірімізде болмаса не болар еді?

1-топ. Өлеңнің ішінен тек қана күз мезгіліне қатысты сөздерді жинақтайды

2-топ. Өлең сюжетіне сай қимылдар келтіру. Бір оқушы өлеңді жатқа айтып тұрады, топтағы қалған оқушылар қимылмен көрсетеді.

3-топ. Т.Жароковтың «Ауыл күзін» әуенге салып айтады және неге бұл әуенді таңдағанын да айта кетеді.

4-топ. Өлең шумақтарын талдайды.

2 жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды

 

 

Күздегі таңғажайып бейнедегі көкөністер, жемістер арқылы бағалайды

Бағалау

 

2 мин

 

Бағалау парақшасы арқылы формативті бағалау. Топта критерилер бойынша бір-бірлерін бағалайды.

Қорытындысын бағалау парақшасына жазып қояды

1/Күзгі топсаяхат туралы видео-ролик бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруі– 1ұпай

2/Автор туралы мәліметі – 1 ұпай

3/Өлеңді мәнерлеп оқуы, сөздік жұмысына қатысуы – 1 ұпай

4/Ауыл күзі туралы өз ойын білдіруі – 1 ұпай

5/«Мен саған, сен маған» ойынына қатысуы – 1 ұпай

6/Венн диаграммасына өз ойын қосуы – 1 ұпай

7/ SWOT талдауына қатысуы – 2 ұпай

8/Топқа жеке тапсырма – 1 ұпай

9/Күз мезгілін бағалауы – 1 ұпай

Бағалау парақшаларының қорытындысы арқылы бағалау

Топ басшылары қорытындысын шығарады, топтастарына көрсетіп, таныстырады

Кері байланыс

2 мин

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

1/қиын емес

2/қиын, бірақ ненің қиындық тудыратынын түсінуге тырыстым

3/қиын, бірақ өлеңмен жұмыс істеуге арналған стратегияларды қолдана бастадым

4/қиын, бірақ сабақты игерген сияқтымын

5/барлық тапсырмаларды еш қиындықсыз орындай алдым.

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? парақшасына стикер жапсыру арқылы өз ойларын білдіреді

 

Үй тапсырмасын беру

1 мин

 

 

И.Бази Жеміс бағында мәнерлеп, түсініп оқу, мазмұнын білу,?! Автор туралы мәлімет жинақтау

Күнделіктеріне жазады.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.