Щ дыбысы мен әрпі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Щ дыбысы мен әрпі

3-02-2016, 10:13
Автор: Назым
Қарау саны: 362
Пікірлер: 0
Версия для печати
Бердіқұлова Сандуғаш Құрманбекқызы
Қызылорда облысы, Шиелі кенті «№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Щ дыбысының жазба, баспа түрімен таныстыру, оны дұрыс дыбыстату.
Дамытушылығы: Сөздерге дыбыстық талдау жасату мақсатында, оқушылардың сөздік қорын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, Щ дыбысының баспа және жазба түлері, щёткалар, суреттер.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық Қайырлы таң достым! Қайырлы күн болсын! Бүгінгі күнбізге Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын. Сабаққа сегізде келеміз, Сабақтан қалмаймыз дегенбіз. Әліппені 5-ке оқып, Білімді оқушы боламыз дегенбіз. II. Ой шақыру стратегиясы. — Кеше қандай әріппен таныстық. — Э дыбысы мен әріпі — Қане, сол Э дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші — Экран, экспресс, экипаж, элеватор, электр. — Э дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? — Дауысты. Қане, балалар дыбыс дегеніміз не? Дыбысты естиміз, айтамыз. — Әріп дегеніміз не? Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз. — Олай болса балалар мен сендерге қазір жұмбақ айтамын, мұқият тыңдап, жауабын шешеміз. Түймесін басқан Сәулесін шашқан. (Электр шамы) III. Үй тапсырмасын тексеру — Ендеше, үйге қандай тапсырма берілді? — «Электр» өлеңін жаттап келу. (2-3 оқушыдан сұрау) — Ендеше, оқушылар біз қазір «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнаймыз. Ол үшін қазір біз Екі топқа бөлініп, сөздер айтып жарысамыз. 1-топ Э әріпінен сөз айтады 2-топ Ю әрпінен сөз айтады. IV. Жаңа сабақ. «Топтастыру» стратегиясы. «Ой қозғау стратегиясы» — Жуынғанда қандай құрал-жабдықтарды пайдаландық? (Оқушыларға атату). Тіс жуу үшін не қажет? — Тіс пастасы, тісщёткасы Аяқ киімімізді тазалау үшін нені пайдаланамыз? — Щётка. — Қане барлығымыз маған қараймыз. Щётка түрлерін әкеліп көрсетемін. Әр щёткаға байланысты сұрақ қойып, жауаптарын ыңдаймын. — Қане, осы «щётка» сөзін буынға бөліп көрелік. тыңдаймын. Щёт – ка (2 буын, 5 дыбыс). — Таныс емес қандай дыбыс естіледі? — Щщ (айттыру) Щ қандай дыбыс? — Щ дауыссыз дыбыс, ол кедергі арқылы айтылып тұр. — «Щётка» сөзінде щ дыбысы сөздің қай буынында? — 1-буында, басында. Щ дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: щётка, борщ т.б. — Интерактивті тақтадан Щ щ дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп қою. Өзім тақтаға Щ щ дыбысын жазамын. — Щ дыбысы бұрын өткен қай дыбысқа ұқсайды? — Ш дыбысына. — Айырмашылығы қандай? — Щ дыбысының аяғы бар. Оқулықпен жұмыс. — Суретті слайдтап көрсету; — Сурет бойынша сөйлем құрату. — Қане, балаға ат қояйықшы? — Ол не істеп жатыр? Щётка – дыбыстық талдау жасату. 5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз 3 көктекше, 2 қызылтекше. 1) Экрандағы сөздерді өзім оқып беремін. — Сөздерді буынға бөлдіру, мағынасын аштыру. Борщ – орамжапырақ, дәрумендер қосылып жасалатын сорпа. Ащы – жуа ащы, бұрыш ащы. Тұщы – ішетін суымыз тұщы. Өзен суы тұщы, ал теңіз, мұхит суы – ащы болады. — Біз бүгін осындай үлкен көлдің бірі – Балқаш көлімен танысамыз, яғни бүгінгі мәтіннің тақырыбы «Балқаш». а) Слайдтан Қазақстанның физикалық картасынан Балқаш көлін көрсету; б) Балқаш көлінің суреті; Видеодан Балқаш көлін көрсетемін. 1) Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру; 2) Оқушыларға тізбектей оқыту; 3) 1 оқушыға тұтас оқыту. Мәтінге талдау жүргізу (сөйлем санын анықтату). Мәтінде щ әрпі бар ма? (оқушыларға таныстыру). «Балық» ойынын ойнап жіберейік. Тақтада балықтардың суреті тұрады. Әр оқушы келіп балықты алады, балықтың арғы бетінде щ әрпіне байланысты сөздер бар. Сол сөздерді дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. ( щетка, ащы, тұщы, борщ) Сергітусәті Тазалық сақшысы Айнаға қараймыз Иіс сабын, орамал Шашты да тараймыз Қасында пастасы Ас ішіп болған соң Щёткасы тағы бар. Мектепке барамыз. (Әуенімен айту) Интерактивті тақтадан: «Щёткалар» өлеңін суретімен шығарып қоямын. 1) Өзім мәнерлеп оқимын 2) 2 рет хормен оқыту 3) Оқушылардан сұрау. Жазу жолындағы сөздерді оқыту. (2 оқушыға). — Олай болса, балалар енді дәптермен жұмыс жүргіземіз. — Барлығымыз дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі өткен Щ дыбысының бірінші ауада жазамыз. (Өзім жазып көрсетемін). Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық. Бүгінгі өткен әріпті Көркеметіп жазайық. Дұрыс отыру ережесін еске салу, айту. Дәптерді мадақтау. V.
Сабақты қорыту. — Біз бүгінқандай дыбыспен таныстық? — Ол қандай дыбыс? — Щ дыбыстан келетін сөздер атату. Оқушыларды мадақтау.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.