2-класс дүниетану » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

2-класс дүниетану

16-02-2015, 16:59
Автор: Gulnur
Қарау саны: 520
Пікірлер: 0
Версия для печати
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Гильманова Роза Жанчаевна
Дүниетану
Тақырыбы:Топырақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушылардың алған білімдерін анықтап сол білімге сүйене отырып топырақ және оның құрамымен таныстыру.
Дамытушылығы: тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып біліктілігін,дағдыларын арттыру.
Тәрбиелігі:оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Түрі:жаңа сабақ.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,тәжірибе жасау,топпен жұмыс.
Көрнекілігі:карточкалар,топырақтың түрлері,құрамы,слайд арқылы көрсету.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II.Психологиялық дайындық:
а)Оқушыларды ортаға жинап топқа бөлу.
1-топ:''Табиғат''
2-топ:''Өсімдік''
3-топ:''Жануар''
ә)Топтастыру әдісін пайдаланып өткен тақырыпқа шолу.
Судың қасиеті:
-мөлдір;
-сұйық;
-түссіз;
-жұтқыш;
-аққыш;
-дәмсіз;
-еріткіш;
III.Мағынаны тани білу.
а)”Ойдан жұмбақ құрастыру“ ойыны арқылы жаңа тақырыпты табу.
ә)Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ деп атаймыз.Жер бедері бірнеше қабаттан тұрады.Беткі қабатының түсі,қоңыр болады.Оған қоңыр түс беретін өсімдіктердің шірінділері,жануарлар мен жәндіктердің қалдықтары.Оны қара шірік деп атайды.Тереңдеген сайын өсімдіктердің тамырлары азая түседі және құрт-құмырсқалардың індерін көруге болады.Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді.
IV.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқытып,мазмұнын айту.Оқушылардың өз ойларын тыңдау,сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
V.Жаңа сөзбен танысу.
«Қарашірік» сөзі.Мағынасы:топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығын айтамыз.
VI.Сергіту сәті.
-Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды шыршалар.
Қайың терек үстінде,
Қона қалды ұлпалар.
VII.Сарамандық жұмыс.
Үш топ «Топырақтың құрамында не болады?»сұрағына тәжірибе жасау арқылы жауап береді.
1-топ тәжірибесі:-құрғақ топырақты алып қарайық.Не байқадың?
2-топ тәжірибесі:-бір кесек кебу топырақты стакандағы суға салайық.Не байқадың?Көпіршік нені білдіреді?
3-топ тәжірибесі:-бір уыс топырақты темір қалбырға салайық.Отқа қойып қыздырып,оның үстіне шыны ұстайық.Не байқадың?
VIII.Шығармашылық жұмыс.
Мақсаты:Тақырыптық ойын арқылы оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында топырақ тақырыбы бойынша өз ойларын толық жеткізе білуге тәрбиелеу,яғни мына тақырыптарды таңдап алып,жарнама жазу,әңгіме құрастыру,құттықтау сөз жазу,ертегі құрастыру,сурет салу,өлең шығару,жұмбақ құрастыру керек.
IX.Сабақты қорытындылау кезеңі.
Әр топқа сұрақ беріледі,оны ақылдасып жауап береді.
1.Топырақ дегеніміз не?
2.Топырақтың бойында қарашірік қалай пайда болады?
3.Топырақтың беткі қабатының түсі неге қоңыр болады?
4.Топырақ қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
5.Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?
6.Топырақтың қандай түрлері бар?
X.”Не үйрендік?”. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
XI.Үйге тапсырма беру.Бағалау.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.