Қазақ тілі-Мәңгілік тіл » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Қазақ тілі-Мәңгілік тіл

5-10-2015, 20:56
Автор: kaldykyz
Қарау саны: 736
Пікірлер: 0
Версия для печати
Қазақ тілі - Мәңгілік тіл
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
Н.Назарбаев
Тіл-адамзат баласына берілген бағалы да құнды сый! Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Қай ел болмасын өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл – ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра, бүкіл қоғам үшін маңызды тіршілік. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.
Тіл-мәңгілік құбылыс.Тіл-атадан балаға қалған асыл мұра. Тіл-шексіз дүние. Өйткені ол басқа нәрселер сияқты тозбайды, ортаймайды.Ұлттың ұлт болуы тілге байланысты.
Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз халқына арнаған жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет», - деп түйді.
«Тіл халқымызбен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан «мәңгілігінің мәңгілігі», ұлтымыздың төлқұжаты, рәміздік белгісі, мәдениетіміздің мәйегі, рухани әлемнің сарқылмас қазынасы»,-деп жазушы Ғабит Мүсірепов туған тілінің құндылығына баға берген. Тілдің осындай құдіретін терең түсініп, қадірлей білген халқымыз оны көшіп жүрсе де, батпаққа батырмай, шабындыға алдырмай, таза күйінде ұрпағына жеткізді. Бабамыздан, данамыздан қалған нұрлы да, сырлы тіліміздің бүгін де есесі қайтып, еңсесі көтерілді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өмірдің барлық саласында кең түрде, бар мүмкіншілігімен қолданылуы керектігі заң түрінде бекітілді. Бұл – егемендіктің нәтижесі.
Қазақ елінің біртуар батыры Б.Момышұлының «Осы күнде ана тілімізді білмейтін оқымыстыларымыз аз емес. Бұл біз үшін жетістік пе? Өз басым жетістік деп айта алмаймын. Себебі анасын сыйламағандардан қандай мейірім күтуге болады?»,- деп өткір тілімен батыл пікірін білдірсе, Ғабит Мүсірепов «Ана тіліміз барлық еркелігімізді көтере береді деп, не жер баса алмай, не көкке ұша алмай қалғандарымыз да жолығады. Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Жастар – біздің болашағымыз. Қатты айтып отырғанымыз сондықтан»,- дей келе «Тіл мәселесін мемлекеттік мәселе етіп көтеретін уақыт жетті. Баяндамалар, жарыссөздер, ғылыми кітаптар қазақ тілінде көп болса, ол – тілді байытатын негізгі жағдайдың бірі. Ел мен ел өз тілінде сөйлесіп отырса, барлық халықтың тілді бағалауы, құрметі артады»,- деп ана тіліне деген перзенттік жанашыр жанайқайын білдірген. Тап осы кезеңде авар ақыны Расул Ғамзат ақынның:
«Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ» деген сөздері тіл жөніндегі түйінді ойдың ұран.
Қазақ дейтін аты бар дана халықтың тілі де көркем. Бойында ұяты, ар-намысы, абыройы бар елдің ертеңі бар. Әрдайым атымызға затымыз сай боп, аспанымыз ашық, еліміздің жұлдызы биіктен жанып, ана тіліміздің тұғыры жығылмай, мәртебесі биік болсын деген ниет білдіріп, иықты, сезімі асқақтаған ақынның төмендегі жыр жолдарымен сөзімді аяқтаймын:
Бәрі сенде: Ұят, Абырой, Намыс, Ар,
Ерлік – күллі қасиеті алыптың.
Кім де болса, сол арқылы танысар,
Барша бекзат болмысымен халықтың.
Бәйтеректер тамыр жайып тереңге,
Тартады алға арғымақта не арда.
Шыңға шырқау қиын емес өренге,
Құдіретті қазақ тілім, сен барда!
Басқа тілді сүйдім... және сүйемін,
Несі айып, биік мұрат көздесе,
Жаса мәңгі, менің тілім! Киелім,
Саған ыстық махаббатым өзгеше!..
Тағдыр мені бақытты етіп жаратқан
Тағдыр мені бақытты етіп жаратқан,
Тұла бойым нәр алған мөлдір бұлақтан
Ақ отауым- бесігімде тербетіп,
Ана тілін ақ сүтімен дарытқан.

Ана тілмен танып өстім Отанды,
Суретін сап өзен,тауым, жотамның
Теңіздейін білімнің тұңғиығын,
Өз тіліммен тереңге бойладым мен

Отаным ана тілмен отауы бір,
Ала алмас бірлік барда жауың ешбір.
Қорғаның -намысшыл ұлт, дінің,ділің,
Көтерген көк байрағын әділеттің.

Бүгінде ана тілім өрге басып,
Келеді талай асу белден асып.
Қуанышқа кенелдім,ортақтасып,
Мәңгілік өз тіліме көңілім тасып...


Мусаханова Калдыкыз Зиндапиловна
Алматы облысы Қарасай ауданы Л.Н.Толстой атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі




Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.