Жамбыл Жабаев (1846-1945) » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Жамбыл Жабаев (1846-1945)

17-02-2015, 16:50
Автор: MARZIA
Қарау саны: 6378
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев (1846-1945) «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: - Жамбыл Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдерінің мәнін ашу;
ә) дамытушылығы: - Ж. Жабаевтың өлеңдерін оқыта отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту;
б) тәрбиелігі: - оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау, БжС (Ауызша сабақ – 1 ) т.б
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қосымша әдебиеттер, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру. (1 – белгі)
ІІІ. Қабылдауды ұйымдастыру. Жаңа тақырып. Тірек сөздері (14 сөз) (2 – белгі)
ІҮ. Ұғынуды ұйымдастыру. (Мәтінді оқу)
Ү. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама – қарсы сұрақтар. (3 – белгі)
ҮІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрақтар. (4 – белгі)
ҮІІ. Талдау. Эссе жазу. (5 – белгі)
ІІХ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. ООМ бойынша жұмыс.
ІІ.Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру.1 – белгі
Өткен сабақ тақырыптары бойынша барлық оқушыға бір – бірден лездік сұрақтар қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
1. Ж.Аймауытов қай жылы қай жерде дүниеге келді?
/1889 жылы Повлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылынды дүниеге келеді./
2. Неше жасында Баянауылдағы орыс мектебіне оқуға түседі? /Он бес жасында/
3. Қай жылдар аралығында Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды? /1914-1919 ж./
4. Семинарияда кімдермен танысады? /Қ.Сәтпаевпен, М.Әуезовпен/
5. 1918 жылы кіммен бірігіп қандай журнал жығарады? /М.Әуезовпен бірігіп«Абай» журн./
6. Ж.Аймауытовтың еңбек жолын айтып бер. /ауыл мұғалімі, ХА комиссариатында алқа мүшесі, Семей губер./обл-қ/ оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы/
7.Ж.Аймауытов кім?/жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, психолог, педагог, журналист/
8. Ж.Аймауытовтың қандай романдарын білесің? / «Қартқожа», «Ақбілек»/
9. Қандай пьесалары бар? / «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Рабиға»/
10.Ж.Аймауытовтың ғылыми еңбектерін атап бер.
/ «Комплексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы»/
11. Қандай әңгімі-повестерін білеміз? / «Әнші»,«Күнекейдің жазығы»/
12. Ж.Аймауытов қандай жаламен қай жылы тұтқындалды?
/1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар»/
13. Қай жылы ату жасасына кесілді? /1931 жылы /
14.Кеңес өкіметі қай жылға дейін Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқуға тыйым салды? /1988/
15.Ж.Аймауытовтың бір, бес томдық шығармалар жинағы қай жылдары шықты? /1989 жылы бір томдық, 1996-1999 жылдары бес томдығы/
ІІІ. Қабылдауды ұйымдастыру. Жаңа тақырып.
Жамбыл Жабаев Алматы облысындағы Теріскей Алатаудың солтүстік баурайында 1846 жылы ақпанда Хан Жамбыл / Хантау тауы /тауының баурайында кедей отбасында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді. Жастайынан ән мен өнерге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан, өлең шығарады.
Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы.
«Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,-
деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.
Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері» атағымен қалды.
- Балалар, Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік – Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы. Ақынның көптеген өлеңдері еліміздің бейбітшілік саясатына арналған. Жамбыл Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімдері елімізге кеңінен танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға қайта елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. «Ленинградтық өренім» (1941ж.), «Мәскеу», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты өлеңдері, «Ұлы көш» толғауы майданның алғы шебіндегі кеңес жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды, сол кезде олар ауыздан ауызға таралып жатты.
«Ленинградтық өренім» туралы Прокофьев былай деп жазды: «Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі жарияланған кез ең ауыр кезең еді. Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылып тұрды. Халық бомбадан тығылу орнына Жамбыл өлеңі жазылған газеттерді алу үшін кезекте тұрғанын талай көрдік.»
Жамбылдың отаншыл өлеңдерінің ішінде дастандары ерекше орын алады. Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы», т. б. дастандарын атауға болады. Ол - керемет жыршы. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», шығыстың «Ләйлі – Мәжнүн», «Жүсіп - Зылиха», т. б. жыр - қиссиларын тәулік бойы талмай жырлаған.
«Өлең сөздің даңғылы,
Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Сондай шығармасының бірі – соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары. Яғни «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері. Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында көркем суретпен, терең философиялық мәнде туған.
Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.
Алғадай – 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы. 1943 жылы баласы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естірткен.
1. Өлеңнің І-ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?
2. ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

«Аттандыру» өлеңі
- Өлең кімге арналған?
- Ұлы Алғадайға арналған.
- Өлең не туралы?
- Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.
Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.
Өлең толғау секілді әуенмен айтылады.
Өлең құрылысына талдау.
Авторы: Ж. Жабаев
Жанры: өлең
Тақырыбы: Баласы Алғадайға бата, тілегін білдіру.
Мазмұны: Әке үмітін, ел үмітін ақтау
Шумақ: 5
Тармақ: 4 - 6
Ұйқас: қара өлең ұйқас /Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған/.
Бунақ: 2
Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
5 3
Атаңнан бата// ал,балам,
Арғымақ атқа// мін,балам!
Ақ сақалым// желбіреп,
Артыңнан қарап //мен қалам;
1 шумақ , 4. тармақ , 2 бунақ , 8 буынды
Әдебиет теориясы.
Бата да, қоштасу да – халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.
Бата - өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге
бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру).
Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда қоштасу, т.б.
Тірек сөздері (14 сөз) 2 – белгі
Тақтаға оқытылатын тақырып бойынша 14 кілтті сөзді жазу.
Жамбыл, Алатау, ауыл молдасы,Шағым,Сүйінбай,ақын, айтыскер, жыршы,Ұлы Отан соғысы,Аттандыру, Бата, Алғадай, .
Тақырып ішінде сөздердің мағынасын түсіндіру. Тірек сөздер жабылады. Жазуға берілген уақыт есте сақтау уақытына тең (1минут30 сек.)
ІҮ. Ұғынуды ұйымдастыру. (Мәтінді оқу)
Оқушылар оқулықтан бір парақты 5 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ – жауап алынатыны жайында ескертіледі. І қатар /Ж.Жабаев шығармашылығы/, ІІ қатар / «Аттандыру» өлеңі/, ІІІ қатар / «Алғадай туралы әрбір ой»/
Ү. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама – қарсы сұрақтар. 3 – белгі
Оқушылар рет ретімен емес ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты сұралады.
Қарама – қарсы сұрақтар:
1. Ж.Жабаев қай жылы қай жерде дүниеге келді?
/Жамбыл Жабаев Алматы облысындағы Теріскей Алатаудың солтүстік баурайында 1846 жылы ақпанда Хан Жамбыл / Хантау тауы /тауының баурайында кедей отбасында дүниеге келген./
2. Молдадан алған сабақ туралы ақын қандай өлең шығарды? / «Шағым»/
3. Бала Жамбыл кімнен бата алады? /Сүйінбайдан/
4. Ж.Жабаевтың қандай эпикалық шығармалары бар? /«Өтеген батыр», «Сұранша батыр»/
5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және елін, жерін қорғауға үндеуге арнаған қандай шығармалары бар? /«Ленинградтық өренім», «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» /
6. «Аттандыру» өлеңі кімге арналған?
/Ақын баласы Алғадайды соғысқа шығарып салып тұрып шығарған арнау өлеңі/
7. «Аттандыру» өлеңінің мазмұны. / Әке үмітін, ел үмітін ақтау /
8. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін қай кезде шығарған? /ҰОС-да баласы Алғадай қайтыс болғанда/
9. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін қандай өлең? /арнау өлең/
10. Өлеңнің І-ІІ бөлімдерінде не туралы айтқан? /баласын жоғалтқан әкенің қайғысы /
11. Өлеңнің ІІІ бөлімде не туралы айтқан? / әке өзіне тоқтау айтады /
12. Өлең неше шумақтан тұр? /13 шумақтан/
13. Алғадай қашан қайтыс болды? /1943 жылы/
ҮІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрақтар. 4 – белгі
Сын тұрғысынан сұрау. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар қойылады.
1. Жамбыл Жабаев жазушы. /жоқ/
2. Жамбыл Жабаев кедей отбасында дүниеге келген. /иә/
3. Ол ауыл молдасынан білім алмаған. /жоқ/
4. Бала Жамбыл сүйінбайдан бата алған. /иә/
5. «Аттандыру» өлеңі ағасына арналған. /жоқ/
6. «Аттандыру» өлеңі бата – тілек мақсатында айтылған. /иә/
7. Алғадай адамгершіліктен жұрдай еді. /жоқ/
8. Алғадай ҰОС – да ерлікпен қаза тапты. /иә/
9. Өлең 4 шумақтан тұрады. /жоқ/
10. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі арнау. /иә/
11. Өлең көңілді. /жоқ/
12. Алғадай 1943 жылы ерлікпен қаза тапты /иә/
13. Алғадайдың қазасы туралы ағалары естіртті. /жоқ/
ҮІІ. Талдау. Эссе жазу. 5 – белгі /63 сөз/
Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
ІІХ. Бағалау.
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:
4, 5 белгі – «5»
3 белгі – «4»
2 белгі – «3»
1 белгі – «2»
ІХ. Үйге тапсырма. 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.
Ж.Жабаев шығармашылығын оқып, өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.