Мағжан Жұмабаев (1893-1938) “ Мен кім? Қазақ тілі” өлеңдері » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Мағжан Жұмабаев (1893-1938) “ Мен кім? Қазақ тілі” өлеңдері

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) “ Мен кім? Қазақ тілі” өлеңдері

30-01-2015, 10:19
Автор: Жанаргул
Қарау саны: 2137
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
“ Мен кім? Қазақ тілі” өлеңдері Сабақтың мақсаты:
а) М.Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;
ә) Мағжан өмірі мен өлеңінің байланысын ашу;
б) Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген С.Торайғыровтың “Шығамын тірі болсам адам болып”өлеңін мәнерлеп жатқа айту.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ақын қандай серт берген?
2. Адам болып шығу дегенді сендер қалай түсінесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мағжанның қандай шығармаларын білесіңдер?
Мағжанға айып тағылғанда қандай айып тағылған еді?
Слаид арқылы Мағжанның өмірін,шығармашылығын,әрбір өткен асуларын көрсетіп кетемін. Сонымен оқушылар М.Жұмабаев кім? М.Жұмабаев бес арыстың бірі,ақын,аудармашы,оның көптеген өлеңдері бар.Ол жастарды білім үйренуге,тілін,елін сүюге шақырды.
Мағжанның барлық өмірі поэзиясында.
Мағжан
Ұлы ақын Эпик ақын
Лирик,сыршыл ақын
Мағжан қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті,адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді.Ол әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі.Туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
Мағжанның қандай поэмалары бар? 1922-1927жылдары жазылған мынадай поэмалары бар. «Қорқыт»,Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Тоқсанның тобы», «Қара сөздер»(1923), «Шолпанның кінәсі» әңгіме.
Ары қарай сабағымызды «Қазақ тілі»өлеңін сатылай кешенді талдаумен жалғастырамыз.
1.Авторы: Мағжан Жұмабаев
2.Тақырыбы: Қазақ тілін қадірлеуге шақыру
3.Жанр түрі: Өлең
4.Шумақ саны: 4
5.Тармақ саны: 16
6.Бунақ саны: 2-3
7.Буын саны: 11-12
8.Ұйқас түрі: ААБА,қара өлең ұйқасы
Қорытынды: «Мағжанның ақындығы да,кісілігі де ерекше бөлек еді.Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі,тіпті ең дарындысы,күштісі Мағжан болытын.Бірі- біздің осы күнгі М.Әуезов»
С.Мұқанов

Үйге тапсырма:
“Мен кім?”,”Қазақ тілі” өлеңдерін жаттау.
Қазақ тілінің тарихы туралы мәлімет дайындау.







Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.