10 сынып. Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » 10 сынып. Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы.

10 сынып. Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы.

12-02-2015, 02:52
Автор: Абзал
Қарау саны: 1647
Пікірлер: 0
Версия для печати
Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы.
Бөліктері мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы. Оқтау кезіндегі
бөліктер мен механизмдердің жұмысы (10 сынып)


Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға АК (РПК) бөліктері мен механизмдерінің ату кезіндегі жұмысы туралы мағлұмат беру, АК (РПК)-ы ұрыста білікті пайдалану, кідірістер мен ақауларды тез жоюға үйрету;
ә) саналы, тәрбиелі, қолына қару ұстай алатын, онымен әдіс-тәсілдер жасай алатын қаруға жауапкершілік сезімге тәрбиелеу;
б) АК (РПК)-ы игере, пайдалана білу іскерліктерін, дағдыларын, икемділіктерін жетілдіру.
Уақыты: 45 минут
Сабақтың түрі: сабақ-практикум
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіре отырып көрсету
Сабақ өтетін орын: Алғашқы әскери дайындық бөлмесі
Көрнекі құралдар: оқу автоматы, «Атыс дайындығы» тарауы бойынша плакаттар, интерактивті оқу құралы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау – 8 минут
а) «Миға шабуыл» стратегиясы
1. Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
2. Ұңғы калибрі неше мм?
3. Нақты атыс қашықтығы неше м?
4. Атудың көздеуші қашықтығы неше м?
5. Атыс қарқыны қанша?
6. Жарақталған оқжатармен қосқандағы салмағы неше кг?
7. Сүңгі-пышақтың салмағы неше гр?
8. Оқжатардың сыйымдылығы қанша?
9. Оқтың шекті ұшу алыстығы қанша?
10. Оқтың қиратқыш әрекеті сақталатын қашықтық?
11. Оқтың бастапқы жылдамдығы?
12. Сүңгі-пышақ қай уақытта қосылады?
ә) «Кім жылдам?» стратегиясы
Соққыш-ағытқыш механизм бөліктерін тақтаға тез жазу.
Б) «Заттық баяндау» стратегиясы
АК-ы толық емес бөлшектеу және жинақтау ретін көрсете отырып баяндау.
В) «Түсіну теориясы»
1. Оқжатарды АК-ге қосқанда қару механизмдерінде қандай өзгеріс болады?
2. Ауыстырғышты (АВ) автоматты атуға қойған кезде қару механизмдерінде қандай өзгеріс болады?
3. Бекітпе жақтауын артқа жылжытқанда қару механизмдерінде қандай өзгеріс болады?
4. Бекітпе жақтауын босатқанда қару механизмдерінде қандай өзгеріс болады?
5. Ауыстырғышты сақтандырғышқа қойғанда қару механизмдерінде қандай өзгеріс болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау – 2 минут
ІV. Жаңа сабақты меңгерту – 25 минут

Тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің ату
кезіндегі жұмысы

Жоспары:
1. Бөліктер мен механиздердің автоматты ату кезіндегі жұмысы
2. Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы

Оқушының жұмыс дәптерінің нұсқасы

Атыс жүргізу
1. Автоматты атыс
Ауыстырғышты АВ-ға қою - 5 минут

Ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрыш шығыңқысын босатады да, жекелей ату денесінің ойығында қалады. Ағытқыш ілмек өз осінің айналасында бұрылуға мүмкіндік алады, жекелей ату дөңесі ағытқыш ілмекпен бірге ауыстырғыш сектормен бұрылудан ұстап тұрады.

Ағытқыш ілмекті басу - 5 минут

Оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппе әсерінен өз осінде айналып, соққышқа қатты соғылады. Соққыш бұзғыш пен патронның капсюлін қиратады. Патронның капсюлі тұтанады, дәрілі зарядын жандырады да, атыс жүзеге асады. Оқ дәрілі газдардың әсерінен ұңғы арнасының бойымен қозғалады, ол газ бөлетін тесіктен өтісімен, газдың бір бөлігі осы тесік арқылы газ каморасына өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп, бекітпе жақтауын кері итереді. Бекітпе жақтауы кері кете отырып, оны тұтқасынан ұстап, кері шегергендегідей фигуралы ойықтың алдыңғы қимасы арқылы ось бойымен айналдырады да, ұңғы қорабының ұрыстық тіреуінен оны ұрыстық шығыңқы шығарады – бекітпе ашылады, ұңғы арнасы ашылып, ол серіппенің әсерінен баяу жоғары көтеріледі, ал автоағытқыш дөңесі шүріппенің алдыңғы қуысына тақайды. Осы кезде ұңғы арнасынан оқ ұшып шығады. Бекітпесі бар бекітпе жақтауы екпінмен бірге артқа қарай жылжуды жалғастырады; лақтырғыш ілмегімен ұсталып тұрған оқсауыт ұңғы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысына түйісіп, патрон сыртқа лақтырылады. Бұдан әрі бөліктер мен механизмдер жұмысы, шүріппе мен баяулатқыш жұмысын қоспағанда, нақ оқтау кезіндегідей болады.


Ағытқыш ілмекті босату - 5 минут

Бұл ретте ағытқыш ілмек ұрыстық серіппенің әсерінен бұзылады да, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасының жолына тұрады. Шүріппе ұрыстық қайырмада тоқтайды. Атыс тоқтатылады, бірақ автомат (пулемет) одан әрі автоматты атыс жүргізуге дайын болып оқталған күйде тұрады.

2. Жекелеп ату
Ауыстырғышты жекелей атуға (ОД) қою - 5 минут

Ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрышты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол жекелей атыс септегішінің ойығынан толық шығады да, атыс кезінде соққыш-ағытқыш механизмінің жұмысына қатыспайды.

Ағытқыш ілмекті басу - 5 минут

Оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің осінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизмдер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс атқарады, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып, оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырмасының қозғалыс жолына тұрады. Қосымша шүріппенің ұрыстық қайырмасы жекелеп ату дөңесінен асып түседі, ал шүріппе артқы жағдайда қалады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті түсіріп, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек түскен кезде ұрыстық серіппенің әсерінен жеке ату дөңесімен бірге айналады, жекелеп ату дөңесі шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, шүріппені босатады. Ұрыстық шүріппенің әсерінен шүріппе айналады, алдымен баяулатқыш ілгешегіне, содан соң оның ортаңғы шығыңқысына соғылады да, ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті басу кезінде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, бөліктер мен механизмдер жұмысы қайталанады. Кезекті атыс болады.

V. Жаңа сабақты бекіту – 5 минут
1. АК (РПК)-дан автоматты атыс жүргізгенде ауыстырғышты АВ-ға қойғанда қару механизмдерінде қандай өзгерістер болады?
2. АК (РПК)-дан автоматты атыс жүргізгенде ағытқыш ілмекті басу кезінде қару механизмдерінде қандай өзгерістер болады?
3. АК (РПК)-дан автоматты атыс жүргізгенде ағытқыш ілмекті босату кезінде қару механизмдерінде қандай өзгерістер болады?
4. АК (РПК)-дан жекелеп ату кезінде ауыстырғышты ОД-ға қойғанда қару механизмдерінде қандай өзгерістер болады?
5. АК (РПК)-дан жекелеп ату кезінде ағытқыш ілмекті басқанда қару механизмдерінде қандай өзгерістер болады?

VI. Бағалау – 2 минут

VII. Үйге тапсырма: §6. «Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы» тақырыбын оқып келу. 205-208; АӘД-н жұмыс дәптерінің 24-беттегі кестені толтырып келу.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.