11 сынып. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » 11 сынып. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.

11 сынып. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.

12-02-2015, 01:50
Автор: Абзал
Қарау саны: 2887
Пікірлер: 0
Версия для печати
Cыныбы: 11
Тақырып: VІ тарау. Саптық дайындық
§1. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.

Оқыту мен тәрбиелеудегі міндеттер:
а) Оқушыларды орнында тұрғанда бұрылыс жасауға, саптық және жорықтық адыммен қозғалыс жасауға; қозғалыстағы бұрылыстар жасауға машықтандыру;
ә) Оқушылардың рухын арттырып, өз іс-әрекетіне сенімділікке, жинақылыққа, дәлдікке, төзімділікке, жауапкершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу:
б) Оқушылардың саптық машықтану дағдыларын, икемділіктерін, қабілеттерін, белсенділіктерін қалыптастыру:
Құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар: ҚР ҚК-ң Саптық Жарғысы, «Сап дайындығы» тарауы бойынша слайдтар, бейнебаян, мультимедия.
Уақыты: 45 минут.
Сабақ түрі: сабақ-практикум.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, практикалық жұмыс, жаттығу.
Өтетін орны: мектептің сап алаңы (плац).
Сабақ жүрісі:
І.Кіріспе бөлім – 3 минут
- Взводкомандирінің баяндауын қабылдау, сәлемдесу, киім үлгісі мен тазалықты тексеру, сабақ тақырыбын, мақсатын, оқу сұрақтарын баяндау.
ІІ.Негізгі бөлім – 37 минут
а) өткен сабақта үйретілген саптық тәсілдерді меңгеру барысын тексеру – 12 минут.
а) жаңа саптық тәсілдерді қысқаша түсіндірулермен көрсету және сол тәсілдерді үйрету – 25 минут
Жоспары:
1) Орнында тұрғандағы бұрылыстар.
2) Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс.
3) Қозғалыстағы бұрылыстар.
1) Оқушылар орнында тұрғандағы бұрылыстарды саптық тұрысқа машықтанған соң дұрыс меңгере алады.Сабақтың басында оқушыларға орнында тұрғандағы бұрылыстар жекелей, барлық сабақтарда, мұғалімге (бастыққа) келгенде және одан кеткенде, сондай-ақ сапқа тұрған кезде орындайтындықтарын түсіндіремін.Бөлімше, взвод ретінде жасақталған оқу тобы саптық тәсілдерді сабақта, содай-ақ сапта тұру мен қозғалыс кезінде де орындайды.
Меңгеру жүйелілігі былай: оңға бұрылыс, солға және артқа бұрылу, содан кейін бұрылыстар жарты айналымда оңға хәне солға. Орнында тұрғандағы бұрылыстарды үйрету үшін бөлімшені (взводты) 2 адым аралықпен бір қатарға сапқа тұрғызамын. Саптың ортасына шығып, белгіленген қарқынмен тұтастай бұрылысты көрсетемін. Содан кейін бұл тәсілді алдын ала және орындалатын пәрмендер бойынша әрекет ету ретінде түсіндіре отырып, баяу қарқынмен көрсетемін. Тәсілді бқліп көрсете отырып, артқа және солға бұрылуды сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен, ал оң қол жаққа оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей, дененің салмағын салу арқылы екі тәсілмен орындалатынын түсіндіріп, көрсетемін. Тәсілдерге жаттығу уақытында оқушылардың өздері дауыстап санағандары немесе кіші барабан қолданғандары жөН.
2) Саптық адым бөлімшелердің салтанаатты шерумен жүріп өтуі кезінде, олардың қозғалыс кезінде, әскери сәлемдесуді орындау кезінде, әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.
Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.Ең күрделі тәсіл ретіндегі саптық адымға жаттығу, орындау оқушылардан ерекше жинақылықты, дәлдікті, аяқ пен қол қозғалысының үйлесімділігін талап етеді, оны дайындық жаттығуының көмегімен бөліктері бойынша өткіземін.Дайындық жаттығуларының жүйелілігі мынадай:
- қолмен қозғалыста жаттығу:
- төрт санау бойынша қозғалыста саптық адыммен жаттығу:
- екіге санау бойынша саптық адыммен қозғалыста жаттығу:
- баяу қарқынмен (минутына 50-60 адым) саптық адыммен қозғалыста жаттығу:
- жарғыда белгіленген қарқынмен саптық адыммен қозғалыста жаттығу:
Саптық адыммен қозғалысты орындап және үйренушілерге оның қай жерде қолданылатынын түсіндіріп, бөліктерібойынша 1-ші дайындық жаттығуын көрсетемін.
- қолдармен қозғалыс жасау, ал содан соң «Қолмен қозғалыс, жаса – бір, жаса - екіІ» пәрменін беремін. Бөлінулер бойынша қолға арналған 1-ші дайындық жаттығуларына жаттыққан соң келесі жаттығуды үйретуге көшемін.
Орнында адым басу үшін «Орнында адым - басІ» пәрмені беріледі. Оқушылар бұл пәрмен бойынша аяғын жерден 15-20 см-ге көтеруі және табанға толық қоюы керек. Орнында тұрып қолымен адым жасауға арналған дайындық жаттығуларын меңгеру үшін «Орнында адыммен қол қозғалысын жаса – бір, жаса - екіІ» пәрменін беремін. Жаттығу барысында қолдың дұрыс қозғалуы мен қалпына ерекше назар аударылады. 1-ші және 2-ші жаттығуларды тұтастай меңгерген соң, келесі жаттығуды төрт және екі санауда саптық адыммен қозғалуға жаттығуды оқып-үйретуге кірісемін. Жаттығуды меңгерген соң, саптық адыммен кідіріссіз әр санау сайын қозғалыс жасауға: «Саптық адыммен, бөліктері бойынша кідіріссіз әр санау сайын, адым-басІ»- деп минутына 50-60 адым қозғалыс жасауға үйретуге кірісемін. Содан соң тұтастай алғанда, минутына 110-120 адым қозғалыс қарқынын қатаң ұстанамын.
3) Қозғалыстағы бұрылыстарға жаттықтыру өзімнің көрсетуіммен және әңгімелесуіммен басталады. «Қозғалыстағы бұрылыс оңға, бөліктер бойынша, жаса-бір, жаса-екі, жаса-үшІ» деп пәрмен беремін. «Жаса-бірІ» санауы бойынша саптық адымды сол аяқты алға созу, қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізу арқылы іске асырып, қол төмен түсірілген қалыпта тоқтату қажет. «Жаса-екіІ» санауы бойынша сол аяқтың өкшесімен шұғыл бұрылып, бір мезгілде бұрылыспен оң аяқты шығара отырып, жаңа бағытқа адым жасау, «Жаса-үшІ»санауы бойынша сол аяқты қою.
Жаттықтыру үшін бөлімшені бірінші, екіншіге санатып бір-біріне қарсы аралығы 8 адым, ал аралықтары 4 адымда, олар тік бұрыштың (саптың алаңы) ішкі сызықтарында кіші 4 бұрышқа қарсы болатындай қалыпта орналастырамын. Жаттықтыру 4 санауда үш адым алға қозғалыспен «Қозғалыстағы бқрылыс оңға 4 санаумен адым-басІ» пәрмені бойынша «1, 2, 3, 4І» санауымен жүргіземін. Оқушылар «1, 2, 3І» санаумен 4 бұрыш сызығының бойымен алға 3 саптық адым, ал «4І» деп дауыстап айтылған санаумен оңға бұрылып, адым жасайды. Жаттықтыру басында қозғалыс қарқыны минутына 60 адым, ал содан соң минутына 110-120 адым болады.
Қозғалыста солға бұрылу оңға бұрылу сияқты жаттықтырылады. Оның айырмашылығы мынада – бөліктері бойынша солға бұрылуға жаттығу 4 адым жасалған соң жүргізіледі де, бұрылыс оң аяқтың ұшымен кезекті «бірІ» санауымен жүзеге асырылады.
Қозғалыстағыартқа қарай бұрылуға үййрету түртке санауда бөліну бойынша: «Қозғалыста артқа қарай бұрылыста бөліну бойынша: «жаса-бір, жаса-екі, жаса-үш, жаса-төртІ» пәрмені бойынша басталады..
Оқушылар «Жаса-бірІ» санауы бойынша артқа бұрылу үшін сол аяқпен алға қарай адым жасайды да, сол қалпында тоқтап қалады, ал «Жаса-екіІ» санауы бойынша оң аяғын жарты адымға алға және біраз солға шығарып, екі аяқтың ұшында тұрып, сол қолмен шұғыл бір жаққа бұрылады да, сол қалпын сақтап қалады. «Жаса-үшІ» санауы бойынша сол аяқпен алға қарай адым жасайды, ал «Жаса-төртІ» санауы бойынша оң аяғын қосады.
Жаттығу жаңа бағытта осы тәртіппен орындалады: алдымен менің санауыммен, ал содан соң оқушылардың өз бетімен санауымен.
Сабақ соңында оңға , содан соң солға бұрылыстарды орындайды да алға қарай бір адым жасап , кері (артқа) бұрылады.
ІІІ. Қорытындылау:- 5 минут ( оқушылардың іс-әрекетіне баға беру, жіберген кемшілігін жоюға тапсырма беру, қош айтысу).
Үйге тапсырма: АӘД оқулығы. 273-276 беттер, өз бетімен жаттығу жасап дайындалып келу.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.