10 сынып. Сап және оларды басқару » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » 10 сынып. Сап және оларды басқару

10 сынып. Сап және оларды басқару

12-02-2015, 01:46
Автор: Абзал
Қарау саны: 2283
Пікірлер: 0
Версия для печати
Cыныбы: 10
Тақырып: VІ тарау. Саптық дайындық
§1. Cап және оларды басқару.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
а) Оқушыларды саптық тұрыс қабылдай білуге. «СапталІ», «ТүзелІ», «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» пәрмендерін орындай білуге үйрету;
ә ) Оқушылардың рухын арттырып, өз іс-әрекеттеріне сенімділікке, ептілікке, жинақылыққа, ұжымшылдыққа, зейінділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу;
б ) Оқушылардың саптық машықтану дағдыларын, іскерліктерін, белсенділіктерін, икемділіктерін қалыптастыру;
Құрал-жабдықтар мен көрнекі құралдар: ҚР ҚК-ң Саптық жарғысы, «Саптық дайындық» тарауы бойынша плакаттар, түрлі-түсті суреттер.
Өтетін орны: мектептің сап алаңы (плац).
Сабақ түрі: сабақ-практикум.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, практикалық жұмыс, жаттығу.
Уақыт: 45 минут.
Сабақ жүрісі:
І. Кіріспе бөлім-3 мин.
-топ жетекшісінің баяндауын қабылдау, киім үлгісі мен тазалықты тексеру, сабақ тақырыбын мақсаттарын, оқу сұрақтарын баяндау.
ІІ. Негізгі бөлім- 37 мин.
а) теориялық дайындықтарын сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтап алу- 12 мин.
ә ) жаңа материалды меңгерту- 25 мин.
Жоспары:
1 ) Саптық тұрысты қабылдау.
2 ) . «СапталІ», «ТүзелІ», «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» пәрмендерін орындау.
1.Оқушыларды бір сызық бойына сапқа тұрғызамын. Саптық тұрыстың элементтерін үлгілі көрсете отырып (алдынан, жанынан) таныстырамын. Одан әрі қандай жағдайда және қалай саптық тұрыс қабылданатынына жете мән бере отырып саптық тұрысты қабылдау ретін көрсетемін. Пәрмен бере отырып оқушылардың жаттығуды дұрыс орындауын қадағалаймын, егер қате әрекеттер жасаса өзім жасап көрсетемін.Аяқтың ұшын алшақтатуды, денені біршама алға ұмсындыруды, ішті тартуды, иықтарды жазып, қолды жамбасқа тигізіп төмен жіберуді көрсетемін және оқушыларға қайталауды талап етемін, басты дұрыс ұстай білу жаттығуын жасатамын.
2. Оқу тобының(взводтың) «ТүзелІ», «Тік тұрІ» пәрмендеріне жаттығуы үшін жаттықтыруды бірнеше рет қайталап, ал қажет болған жағдайда оқушылардың қателерін түзеп және көрсетіп отырамын. Оқушылар «ТүзелІ» және «Тік тұр» пәрмендерін орындауды меңгерген соң, «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» пәрмендерін орындайды. «Еркін тұрІ» пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, назарды әлсіретпей және сөйлеспей еркін тұруы керек. «ЖинақталІ» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін және жабдықтарын түзеу керек, қажет болған жағдайда саптан шығу үшін тікелей бастықтан сұранады. «ЖинақталІ» пәрменінің алдында «Еркін тұрІ» пәрмені беріледі. Осы пәрмендердіңқалай орындалуы керектігін түсіндіріп және көрсетіп болған соң оны үйренуге кірістіріледі. Осы мақсатта «Бөлімше, бір қатарға - сапталІ», «ТүзелІ», «ТіктелІ», «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» деген сияқты пәрмендер беру арқылы түрлі сапқа тұрулар жүргізіледі. Оқушылар «СапталІ» пәрмені бойынша саптағы өз орнын иемденеді, саптық тұрысты қабылдайды, ал мен оның орындалу дұрыстығын тексеремін. Саптық тұрыста дұрыс тұру үшін кеуде тік ұсталып, иекті алға шығармай үстау керектігін ерекше айтып өтемін. Саптық тұрысты орындау дұрыстығын тексеру үшін барлық элементтермен тұтастай жаттықтырамын.Бұл мақсатта: «Бөлімше (взвод)- сапталІ», «Бөлімше (взвод) – тік тұрІ» пәрмендері беріледі. Тексеру үшін оқушылар аяқтарының ұшымен көтеріледі. Егер олар саптық тұрыста дұрыс тұрған болса, онда бөлімшенің (взводтың) барлық оқушылары пәрменді алға еңкеймей орындайды. Егер «Аяқтың ұшын көтер , жаса- бірІ » пәрменін берсем, саптық тұрыста дұрыс тұрған оқушылар аяқтарының ұшымен көтеріле алмайды. «ТүзелІ» жағдайын взвод немесе бөлімше құрамында екі қатарлы сапта үйретемін. «ТүзелІ» пәрмені сапта тұрған оқушылар «Тік тұрІ» пірменін орындар алдында белгіленген аралық пен арақашықтықты ұстап, қатарда бір сызық бойына түзеліп, саптық тұрыста тұруы үшін беріледі. Оқушылар «ТүзелІ» пәрмені берілгенде бастарын оңға бұрады, бұл кезде аяқ, қол, кеуде қалпы өзгермейді, ал басты өзін «1-ші» деп санағанда 4-ші адамның кеудесін көріп тұратындай жағдайда бұрады. Басын оңға бұрғанда, оң жақ құлақ сол құлаққа қарағанда жоғарылау болуы тиіс. Оқу тобының (взводтың) «ТүзелІ», «Тік тұрІ» пәрмендеріне жаттығуы үшін жаттықтыруды бірнеше рет қайталап, ал қажет болған жағдайда оқушылардың қателерін түзеп және көрсетіп отырамын. «СапталІ», «Еркін тұрІ», «ЖинақталІ» пәрмендерін бірнеше дүркін бере отырып, оларды дұрыс және нақты орындауға қол жеткізуге тырысамын.
Қорытындылау:-5 мин.( оқушылардың іс-әрекетіне баға беру; жіберген кемшіліктерді жоюға тапсырма беру; қош айтысу).
Үйге тапсырма: АӘД оқулығы 271-272 беттер, жаттығу жасап дайындалып келу.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.