Адамдықтан безбе! » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Адамдықтан безбе!

27-10-2015, 19:10
Қарау саны: 356
Пікірлер: 0
Версия для печати
Дүниеге шыр етіп туылғаннан бері, біз адамбыз. Одан бетер қалай және кім болу, сенің және отбасынның құзырында."Адам бол, Адамдықтан безбе",-деп үлкен әжелеріміз, аталарымыз бала кезімізден санамызға құйды. Өкінішке орай көбіміз бұл ақылдан безіп, ата-аналарымыз алыстатқан нәрселерге бой аламыз. Жаман қылықтарға бой алдырамыз, қоғамда жырқылдап күліп, түкіреміз. Пасық қылықтар жасап жақсылықтан жұрдай боламыз. Бұның бәрін қойып, адамгершілікке тоқтала кетсек, төмен қарап ұяламыз. Неліктен? Себебі Жақсылық қазіргі таңда жоқшылықпен тең. Неліктен адам баласы жақсылыққа көп бой алдырмай, жақсы іспен айналаспасқа? Неліктен адам баласы бір - біріне жай ғана сауат алу үшін көмек бермеске? Неліктен адам баласы бірге, қасында жүрген адал досың, жарың біреуге барып сыртынан өсек айтуды тоқтатпасқа? Себебі адамдықтан безген, жамандықпен басы айналған аңқаумыз.Әркім өз тірлігін, жеке басын ойлап әлек. Оны жасырудың қажеті де жоқ. Жасыру дейміз, ап - анық көріп - ақ тұр да. Бұлай жалғаса берсе, заман не болмақ? Достық, махаббат қайда бармақ? Сонда бәрі жалған болғаны ма? Жоқ олай болуы мүмкін емес, себебі дүниеде жаманнан басқа жақсы нәрселер де бар. Және жақсылық қашанда жаманды жеңеді.Себебі дүниеде жақсы адамдар да жетерлік.Тек қана өмірді бағалап, барына қанағат қылып, әр нәрсеге шыдамдылықпен, түсінікпен қарау керек.Адам болудан безбе, сонда ғана өмірдің рахатын көрерсің ағайын!
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.