Қоғамның рухани негізі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Қоғамның рухани негізі

11-02-2015, 07:25
Автор: Мөлдір
Қарау саны: 1840
Пікірлер: 0
Версия для печати
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Ақжайық ауылы
Ақжайық жалпы орта білім
беретін мектебінің тарих пәнінің
мұғалімі Сағит Мөлдір
Азбекқызы

Сыныбы: 9
16. Қоғамның рухани негізі
Сабақтың мақсаттары:
- әлеуметтік құрылым ұғымының мәнін ашу; қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік
- қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы; әлеуметтік қатынастар; әлеуметтік қамтамасыздық мәселелері туралы түсінік беру; дамуы мен келешегі туралы ой қорыту;
- әлеуметтік әділеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сызбаларды пайдалана отырып баяндау және сұрақтар бойынша әңгіме.
Көрнекі құрал: әлеуметтік топтар мен әлеуметтік құрылымды көрсететін сызбалар; таратпа материалдар.
Базалық білім: «Адам.Қоғам.Құқық»,«Қазіргі дүниежүзі тарихы»,«Қазақстан тарихы» курстарынан өтілген адамдар қауымдастықтары және олардың ұлттық-этностық, тілдік, нәсілдік белгілеріне қарай бөлінуі; феодализм тұсындағы таптар: шаруалар, феодалдар; капитализм тұсындағы таптар: жұмысшы, зиялы болып бөлінуі туралы мағұлматтар.
Тірек ұғымдар: әлеумет; әлеуметтік құрылым; таптар; топтар; қабаттар; макротоптар; микротоптар; хоғарғы тап; орта тап; төменгі тап; тұтыну себеті; тіршілік минимумы; әлеуметтік қатынастар; әлеуметтік қамтамасыздық; зейнет жасы; «ынтымақтастық» зейнет қоры; жеке (индивидуалдық) зейнет қоры.
Сабақтың барысы:
Параграфта негізгі ғылыми ақпарат беретін ақпарат беретін төрт тақырыпша және қосымша материал бар. Бірінші «Әлеуметтік құрылым ұіымы» деп аталатын тақырыпшаны мына сызбаларды пайдалана отырып, баяндап түсіндіру керек. Сызбалар «Әлеуметтік топтар», «Әлеуметтік карта» деп аталады.

Әлеуметтік топтар
6-кесте
Макротоптар Микротоптар
Өркениет
Мемлекет
Ұлт Сынып
Команда
Топ
Отбасы
Салыстырмалы тұрақты,
Ұзақ өмір сүреді Салыстырмалы тұрақсыз,
Қысқа мерзімде тарап кетеді

Кестелер мен сызбаларды бірнеше түрге құбылтып пайдалануға болады. Мысалы, мұғалім төменде келтірілген «Әлеуметтік картадағы» ұялардың кейбірін, тұтас бағандарды, жолдарды ашық қалдырады. Содан кейін төртбұрыштарға нендей жазулар жазу керек екендігін оқушыларға тапсырады. Егер «Әлеуметтік топтар» атты

кестедегі екінші жолдағы мағұлматтарды толтыру керек болса, оқушы ол жерлерге, тиісінше «макротоптар» деген көрсету сөздің астына «өркениет, мемлекет, ұлт» деген сөздерді, «микротоптар» деген көрсету сөздің астына «сынып, команда, отбасы» сияқты сөздерді жазуы керек.

Әлеуметтік топтар (2-нұсқа)
7-кесте
Макротоптар Микротоптар
Салыстырмалы тұрақты,
Ұзақ өмір сүреді Салыстырмалы тұрақсыз,
қысқа мерзімде тарап кетеді

Бұл тақырыпшада термин көп. Сондықтан олармен сөздік жұмысын жүргізу керек. Қажетіне қарай термин сөздерді орысшаға аударып,түсіндіріп отыру керек.
Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы сызба арқылы түсіндіріледі.

Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы

8-кесте

Жоғары
тап
3-5% Ірі өнеркәсіп иелері,
Жоғары лауазымды
шенеуліктер Толық
материалдық
қамтамасыздық

Орта тап
80-85% Орта және шағын
бизнесшілер; ғылым, өнер
қайраткерлері, дәрігерлер,
мұғалімдер,жоғарғы маманданған жұмысшылар
Қанағаттанарлық
материалдық
қамтамасыздық

Төменгі тап
10-15% Жалақысы аз жұмысшылар;
жұмыссыздар; түрлі жағдайлармен асыраушысынан айырылғандар
Материалдық
қамтамасыздық
деңгейі төмен

Екінші нұсқасын жасап пайдалануға болады. Ол үшін бағанадағы төртбұрыштарды ашық қалдыру керек. Сонда нұсқа мынадай түрге енеді.

Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы (2-нұсқа)
9-кесте

Жоғарғы тап
3-5% Толық
материалдық
қамтамасыздық

Орта тап
80-85% Қанағаттанарлық
материалдық
қамтамасыздық

Төменгі тап
10-15% Материалдық
қамтамасыздық
деңгейі төмен

22-23. Демократия-халық билігі
Сабақтың мақсаты: түрлі басқару жүйелерінің ішінде демократиялық билік жүйесініңалатын орнын көрсету. Оның өзіндік ерекшелігін, негізгі қағидаларын ашу. Депократмялық биліктің басты құрылымдары (демократия институттары) туралы түсінік беру. Демократиялыққа үйрету.
Тақырыпқа кірісер алдында өмірде жиі кездесетін, көпшілікке таныс бірнеше билік түрін салыстырып, әрқайсысына қысқаша түсінік беріледі. Мысалы, «бір адамның шексіз билігі- абсолютті монархия, ал бір адамның заң арқылы шектелген билік түрі- конституциялық монархия, т.б.» Бір әлеуметтік топтың немесе бір партияның шексіз билігі. Бұл жерде саяси биліктің екі түрлі болатынын айта кету керек: тоталитарлық түрдегі партиялық-мемлекеттік жүйе (бұрынғы Кеңес Одағы) және демократиялық ерікті сайлау арқылы жеңіске жеткен партияның не партиялық коалициялық билігі. (Бірақ кезекті сайлау арқылы бірнеше жылдан кейін келесі партияның үкімет келу мүмкіндігі толық сақталатынын түсіндіру.)
Тоталитаризм мен авторитаризмнің және демократияның басты белгілерін оқушылардың көмегімен саралап шығарып алып, тақтаға үш қатар бағана түрінде түсіріп, демократияның белгілерін көрсету. Осы арқылы демократияның институттарына шығу.
Олар:
а) ерікті сайлау;
ә) көппартиялық жүйе;
б) жергілікті өзін-өзі басқару;
в ) тәуелсіз баспасөз;
г) нарықтық экономика, т.б.
Ең бастысы, осылардың барлығының адам құқығы мен еркіндігіне сүйенетінін және сол ұстанымнан шығатынын дәлелдеу қажет. Оны дәлелдеу үшін төмендегідей сызба жасауға болады. (Демократияның құрылымдары Адам құқығы шектелетін жерде жұмыс істей алмайды.)
Үлгі: Ерікті сайлау жүйесі
- Пікір білдіру еркіндігі (сайлуға түскен үміткердің бірінші міндеті);
- Сөз бостандығы (бағдарламасын тарату еркіндігі не бір үміткерді қолдау құқығы);
- Жиналыс жасау өқөығы (сайлау үрдісінің өзі топтасудан, үміткерді ұсынудан басталады);
- Жеке таңдау жасау құқығы (үміткерлерді таңдау);
- Партия құру, партияға бірігу (партиялық тізімге кіру, партиядан сайлану).
Осы құрылымдардың қажеттігіне оқушылардың өздерінің көзін жеткізу шарт. «Халық билігі» деген термин сонда ғана шығады.
(Мұғалімнің міндеті – оқушыларды осыған алып келу.) Ол үшін сыныпты үш топқа бөліп, әрқайсысына бір сұрақтан бөліп беру керек.
Олар:
1. Халық өз билігін қалай жүргізеді?
2. Халық өз билігін қандай жолдармен бақылайды?
3. Халық өз билеушілерін қалай ауыстыра алады?
Бұл жерде «Жұмыла көтеру» әдісін қолданған дұрыс.
Демократия туралы айтылған бірнеше айқындаманы (3-4) жазып, іліп қою қажет. Керек деп тапқан уақытта, анықтамалардағы пікірдің ұқсас жақтары мен бірін-бірі толықтыратын жерлерін оқушылардың өздеріне тапқызып, шағын пікірталас ұйымдастыруға болады. Үйге тапсырма ретінде «Демократия қасымызда жүр» деген шағын әңгіме жаздыру қажет. Әңгіме арқауы демократияның күнделікті жеке өмірдегі көрнісі болмақ.
Балалар нені білуі керек?
1. Демократия – қоғамдағы түрлі басқару жүйелерінің бірі.
2. Демократия – идеология емес, нақты механизмдердің жиынтығы.
3. Халықтың қолында өздерінің билеушілерін бақылайтын және
ауыстыра алатын мүмкіндік болуы керек.
4. Біздің республикамызда демократия құрылымдарының жұмыс
Істеу деңгейін бағалай білуге тырысу керек.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.