Ашық сабақ: ҚР. Қылмыстық кодекске сипаттама » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Ашық сабақ: ҚР. Қылмыстық кодекске сипаттама

Ашық сабақ: ҚР. Қылмыстық кодекске сипаттама

28-01-2015, 15:50
Автор: Мереке
Қарау саны: 2188
Пікірлер: 0
Версия для печати
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар мен студенттер және қатысып отырған қонақтар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, қүқықтың мемлекет болып жарияланганына 23 жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің нормалары кейбір өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа Кодекстің қабылдануына байланысты өз күшін жойды.
Жаңа қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бүгін бізде қонақта қалалық БКО Ішкі істер департаментінің инспекторы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:
полиция майоры Камелин Бейбит Маратович
Орал қалалық ІІБ Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмаған істері жөніндегі: полиция аға лейтенанты Есеркенов Симжан Мұратұлы
Қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі: Журекенова Алия Бекесовна
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Бекіту сұрақтар қою
Қылмыс дегеніміз – адам әрекетінің бір түрі.
Қылмыс – Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес, жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет (Іс- әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық жаза –сот үкіметімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты Қылмыстық кодексте белгіленген аталған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын айыруға немесе шектеуге бағытталған мемлекеттің мәжбүрлеу саласы.
Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
I. Сабағымыздың бірінші бөлімінде құқық туралы жалпы түсінік беріледі.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: 1.табиғи құқық, 2.азаматтық құқық, 3.экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
1. «Сенің құқығың!»
______________14-бап
(1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.)
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
_____________15-бап
(2. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.)
3. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
______________________16-бап
(3. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.)
4. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
(4. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.)
__________________ 17-бап
5. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
(5. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.)
___________________19-бап
6. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
(6. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.)
«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері.
Қылмыстық кодекс 16 тарау 393 баптан тұрады
Қылмыстық кодекс (ағылш. criminal code; нем. Strafgesetzbuch it ) - Бірыңғай, жүйеленген заңнамалық акт, қылмыстық заң.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
«Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
1.Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
2.Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді. 3.Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4.Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қылмыстың жіктелуі. Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады.
Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады. Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады. Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады. Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік. Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді. Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті. Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады: • жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті; соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау; кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану; жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жасы толған және есі дұрыс болғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек
Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады. Қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі. Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы.
Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі). Қылмыстың ниеті – қылмыс жасаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.
Қылмыс субъектісі. Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.
Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген.
Ол тізім мынадай құрамнан тұрады: а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрлау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады.
Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған қылмыс. Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы мүмкін: қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау. Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау. Бейімдеу – затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту). Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс мән – жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады. Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар бегілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Қорытынды. Сонымен, қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс - әрекет. Барлық қылмыстар сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай төртке бөінеді: онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр қылмыс, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс. Қылмысқа қатысу, бірнеше адамның біртұтас қоғамға қауіпті нәтижеге жету үшін өз күш әрекеттерін біріктіруін білдіретін қылмыстық әрекеттердің ерекше нысаны. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда ғана болады, қылмысқа қатысушылардың барлығы қасақаналықпен әрекет етеді. Қылмыс жасау салалары – бұл адамның қылмысты қасақана жүзеге асыруының белгілі бір сатылары боып табылаы.
Жазадан шартты түрде – мерзімінен бұрын босату сотталған адам:
а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
б) ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 70-бап).
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады.
Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 78-бап).
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
г-1) бас бостандығын шектеу;
д) ҚР-ң 2004 жылғы 9 желтоқсандағы №10-III Заңымен 79 баптың 1 тармағының д) тармақшасы алып тасталды.
е) бас бостандығынан айыру болып табылады.
Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз АЕК-ке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындаудың ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.
Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін – он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( студенттер пікірі тыңдалады.) Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» - деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қарамаған оған пышақ көрсетті.
Көріністен кейін қойылған сұрақтар:
- Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды?
Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы.
3. Білгенге маржан -(Терминдермен жұмыс).
Конституция-ең жоғарғы заңды күші бар акті.
Кодекс-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жүйеленген нормативті акті.
Амнистия-қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлігі адамға сот тағайындаған жазаны жеңілдету немесе жазадан босату.
Санкция-қолданылатын жағымсыз шара.
Жаза-соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Прецедент- нормативтік актілердің бірі.
Сұрақтар:
І-топ «Фемида»
1.Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2рет 1993ж.,1995ж.,)
2.Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы).
3.ҚР-сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы)
4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тауке хан)
5. ҚР-сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік).
6.Қылмыс құрамын атаңыз? (объект, объективті жақ, субъективті, субективті жағы).
7. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент) .
8.ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылдады? (1991ж, 16 желтоқсан).
9.ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары туралы» туралы заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым).
10.Азаматтардың құқық қабілеттілігі қай кезден басталады? (Бала туылған кезден бастап).
2-топ «Бейбітшілік»
Сұрақтар:
1.Конституция сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «соnstitutio» -құрылғы, өкім).
2.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін).
3.Қылмысты санаттары қарай қалай бөлеміз? (Жеңіл, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр ).
4. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой).
5.ҚР-ғы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. (Халық).
6.Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?-(16 жас).
7.Алғаш рет қабылдаған Ата Заң қабылдаған уақыт. (1993ж, 28 қаңтар).
8.ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
9. Мемлекеттік биліктің жүйесі? (Президент, Парламент, Үкімет, Сот және БАҚ)
10.Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап).
Сабақты қорытындылау.
Оқытушының қорытынды сөзі. Міне, осы айтылғандарды саралай келгенде, біздің еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы сіздер мен біздердің қолымызда. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер.Ендеше, М.Әуезов атамыздың «Ел боламын десең ,бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болуы керектігін осы бастан ой- зерделеріңізде сақтаңыздар.
Үйге тапсырма: 1) «Өлім жазасы қажет пе?»
2) ҚР-ның Қылмыстық кодекстің баптары
3) Қайталау сабағы.
4)«Біздің қылмыстық кодекс» туралы тың мәліметтер



Пәні Құқық негіздері
Тобы 4аФК
Уақыты 27.03.2014ж
Сабақтың тақырыбы Қ.Р. Қылмыс кодексіне сипаттама
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а)Ақпараттық құзыреттілік

б)Коммуникативтік
құзыреттілік
в)Проблеманы шешу


Мемлекет пен қылмыс құқығы шығуы туралы теориялар жөнінде, Қылмыстық Кодекс туралы ақпаратты меңгерту.

Қылмыстық жауапкершілік жөнінде өз ойын дұрыс жеткізу, ҚР Қылмыстық КҢодексі баптарын талдау;

Қазіргі таңдағы жастар арасындағы қылмысты борлдырмау жолдарын анықтау;

Сабақ типі жаңа білімді хабарлау.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар АКТ, проблемалық
Сабақтың әдісі Ұжымдық және топтық оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, экономика, саясаттану
Оқыту құралдары 1. фото суреттер,слайдтар, видеоматермал, карточкалар.
Сабақ барысы Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу.
Проблеманы анықтау:
Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз -« Қ.Р.қылмыс кодексіне сипаттама» Бүгін біз құқықтық мемелекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан ақпарат алуы тиіс.Заңды аттамай,тура жолмен жүріп,еліне адал қызмететкен азамат қана мұратына жетеді.Еліміздің тәуеллсіз,демократиялық,құқықтық мемлекет болып жарияланғанына 23-жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім.1997 ж 16.07. ҚР. Жаңа ҚК қабылданып,ол 1998 ж 1-қаңтарынан бастап заңды күшіне енген.
Сондықтан заңды білу – заман талабы. Жұмыс орнын әзірлеу.

Сабақтың мақсат – міндеттерін қабылдау

Проблеманы шешуге қай тұрғыда келетінін түсіндіреді.




II Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық. Әрекетті жоспарлау және мақсат қою.
Ақпараттық ізденісті жоспарлау.
1. Әнгімелесуді ұйымдастыру
1. Құқық туралы жалпы түсініктерді сараптау ұйымдастырады.












Сұрақтар:
- Қылмыс дегеніміз не?
-Қылмыс дегеніміз не?
- Қылмыстық жаза
- Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі қандай?
Әрекетті жоспарлау және мақсат қою.
Ақпараттық ізденісті жоспарлау.
Әнгімелесуді ұйымдастыру: Мемлекет және құқық негіздеріатты тақырыпқа сұрақ сауалдар арқылы құқық ғылымы, оның пайда болуы мен дамуы туралы білімін қатайтып, мемлекет пен құқық негіздері теориясына тоқталып, жаңа тақырыпты түсінуге бет алады.


3.ҚР Конституциясының «Адам және азамат» бөлімінде берілген азаматтардың құқықтарын анықтау бойынша топтық жұмыс ұйымдастырады.

Оқушылар қойылған сауалдарға жауап беріп, мемлекет және құқық негіздері туралы қандай ақпарат жинағанын, - олардың тікелей байланыстарын қүрайтынын түсіндіреді және қойылған сұрақтарға әңгіме құрады.
1. Құқық туралы жалпы түсініктерді сараптайды.
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік норма құқық пен мораль деген ұғымдар кіреді.
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

2. Сұрақтарға жауап береді.
Қылмыс дегеніміз – адам әрекетінің бір түрі.
Қылмыс – Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес, жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет (Іс- әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық жаза –сот үкіметімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты Қылмыстық кодексте белгіленген аталған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын айыруға немесе шектеуге бағытталған мемлекеттің мәжбүрлеу саласы.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.











3. ҚР Конституциясының «Адам және азамат» бөлімінде берілген азаматтардың құқықтарын анықтайды

1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
1.2. «Сенің құқығың!»
_______________14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
_____________15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
______________________16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
__________________ 17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
___________________19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
Жаңа материалды қабылдауға дайын болу.



















Мемлекет және құқық негіздері теориясының пайда болу тарихын түсінді. Құқық ғылымы туралы білімі бар.
Белгілі әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды.

IV. Жаңа материалды түсіндіру. Ақпараттық ізденісті жоспарлау.

Сабақтың тақырыбы: Қ.Р. қылмыстық кодексіне сипаттама.

1. Қылмыстық кодекске сипаттама береді.
Қылмыстық кодекс 16 тарау 393 баптан тұрадыҚылмыстық кодекс (ағылш. criminal code; нем. Strafgesetzbuch it ) - Бірыңғай, жүйеленген заңнамалық акт, қылмыстық заң.

Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген.
Ол тізім мынадай құрамнан тұрады: а)жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар:қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрлау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері:ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар; б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру жәнет.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады.
Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.
Жазадан шартты түрде – мерзімінен бұрын босату сотталған адам:
а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
б) ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 70-бап).
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
г-1) бас бостандығын шектеу;
е) бас бостандығынан айыру болып табылады.
Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

2. Шақырылған полиция қызметкерлері
БҚО ІІД-ң инспекторы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі: полиция майоры Камелин Бейбит Маратович
Орал қалалық ІІБ Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмаған істері жөніндегі: полиция аға лейтенанты Есеркенов Симжан Мұратұлы
сұхбаттасу ұйымдастырады.

3. Қорытынды жасауға көмектеседі
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» - деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Берілген текстпен жұмыстанады.
Сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыстанады.
Сұрақ қойып түсінігін толықтырады













Өз білген жауаптарын ақпарат түрінде ортаға салып, талқылайды.



Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген:онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

Қылмыс субъектісіжай, белгілі бір жасы толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек
Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады. Қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі. Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы.
Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі). Қылмыстың ниеті – қылмыс жасаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.
Қылмыс субъектісі. Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыруон жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін – он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( студенттер пікірі тыңдалады.)






2. Полиция қызметкерлеріне өз сұрақтарын қояды.
- Жастар арасындағы көп кездесетін қылмыс түрлері қандай?
- БҚО бойынша жастар қылмысы статистикасына тоқтасаңыз.
- Көшеде тәртіп бұзушылыққа қандай шара қолданылады?
- Ұялы телефонның ұрлықтары бәсеңдеді ме? , т.б







Өз бетімен ақпарат табуға, талдауға, іріктеу жасауға, кайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және акпараттарды тасымалдауды үйренді.
ұсынылған ақпараттан дәйектер мен қорытынды таба біледі.
көпшілік алдындағы баяндаманың нормасы мен шегін сақтайды;
өз
қызметіндегі қызығушылығын атайды.




















Бірыңғай, жүйеленген заңнамалық акт, қылмыстық заң туралы білімдерін толықтырады.

ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады.

















































ақпаратты адамға сұрақ қоя отырып алады;

V. Жаңа білімді бекіту. Тапсырмалармен жұмыстануды ұйымдастыру.

1. Білгенге маржан -(Терминдермен жұмыс).














Сұрақтар қою.
Сабақты қорытындылау.




























Оқытушының қорытынды сөзі. Міне, осы айтылғандарды саралай келгенде, біздің еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы сіздер мен біздердің қолымызда. Тапсырмалармен интерактивтік тақтаны қолданып жұмыстанады.

1. Білгенге маржан -(Терминдермен жұмыс).
Конституция Кодекс Амнистия Санкция Жаза Прецедент


Конституция-ең жоғарғы заңды күші бар акті.
Кодекс-қоғамдық қатынастардың белгілі бір сал
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.