Ата заңым – айбыным » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Ата заңым – айбыным

26-01-2015, 15:47
Қарау саны: 5254
Пікірлер: 0
Версия для печати
Ата заңым – айбыным
Құрметті ұстаздар мен оқушылар
«Ата заңым – айбыным» атты топтық сайысқа қош келдіңіздер

Кештің мақсаты: Жалпы заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, оқушылардың өз құқықтарын жеке біліп, заң біліміне деген қызығушылығын туғызу. Тәуелсіз Қазақстан елінің Ата заңын қадірлеп, құрметтеуге шақыру.

Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев.
Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат мұратына жетеді демекші «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы
«Балам бол, басқа бол – бәрінде заң біреу – ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» Ж.Баласағұни
Халқымыздың ғасырлар бойы аса зарыға күтіп, құдайдан жалбарына тілеп, ақсарбас атап жүрген арманына да ақыры жетті.
ҚР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Қазақ ұлты да енді өз билігі өзінде болатын қабырғалы елге, дербес мемлекетке айналды. 1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды. Ата заң бізге – адамдық қадір қасиетінмізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар ождан бостандығы құқығын қорғауға адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізге сақтауға кепілдік береді.

Ал бүгін, міне жарқырап,
Нұрын шашты алтын заң
Заң болғанда қандай заң
Көрмеген бұрын ешбір заң
«Еңбек етте міндет ет
Дем ал деген осы заң
«Сансыз халық достасып,
Өсе бер!» деген осы заң

«Қандай сынақ болса дағы беріспе,әрқашан да үміткер бол жеңіске» атты ұранмен сайысқа 8 - сынып оқушысы Мирасбеков Дәулет келіп отыр.
«Досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек бақытқа барынша ұмтылуда білімде керек» атты ұранмен сайысқа 8- сынып оқушысы Байкөбенов Аманбек келіп отыр.
«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп»атты ұранмен сайысқа 9-сынып оқушысы Ормантаев Орынбек келіп отыр.
«Бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын тәуелсіздік таң үшін» атты рухты ұранмен сайысқа 9-сынып оқушысы Әміров Қайсар келіп отыр.
«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты ұранмен сайысқа 10-сынып оқушысы Еркінғалиұлы Әли келіп отыр.
«Білімдінің жолы - ақ, болашағы- нақ» атты ұранмен сайысқа 10- сынып оқушысы Әкімбаев Асылжан келіп отыр.
«Сиқырлы жіп»
Жіпті бірінші оқушы қолына кішкене жіпше лақтырылады (секіреді). Бұл - сиқырлы жіпше. Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп - өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай болып көретінініңізді бір - екі сөзбен айту керексіз. Бүкіл бала қолдарынан өтіп, мұғалім қолына оралады. Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңыздар.
Жіп оралып қалмау керек. Өмірді қайта сүре алмаймыз.
Өмір деген тірі жанның жарығы
Өмір деген махабаттың жалыны
Өмір деген кейде гүл береді қолыңа
Өмір кейде нұр төгеді жолыңа
Өмір кейде сүріндіріп өзіңді Ауыр жүгін арқалатар мойыңа
Өмір деген бір шалғын өтеді де кетеді
Өткізе біл көңілді


Өмір өтер бірақ рух өшпейді
Шын өмірге ешбір баға жетпейді
Арманыңа жету үшін төзімді бол,
Аласың сонда ғана өмірге жол

Енді қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылар алқасын сайлайық.
Төреағасы:
Мүшелері:




Топтық сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.
І шарты Таныстыру
ІІ шарты «Ой толқын,білім- теңіз» құқық саласы бойынша сұрақтарға жауап беру
ІІІ шарты «Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» Мақал -мәтел жалғастыру
ІУ шарты «Тамсантып тілін, тұлпарын, білімге ұмтыл ұрпағым» Жағдаяттық сұрақтар
У шарты «Қанекей тілім сөйлеші» Ой пікір бөлісу

Ата заңым барлық заңның негізі
Ата заңым бабалардың лебізі
Арқа сүйер Ата заңда адамда
Артық санау, кемісітудің жоқ ізі

Таныстыру бөлімі әр топ өз аттарын, ұранын айтады
Әділет тобы: Ақиқат тобы:
Ұраны:Әділ болу әр адамның парызы Ақиқаттан қала алмаймыз ешқашан,
Мұны біледі жасы мен кәрісі Ақиқат ашылады әрқашан
Әділетті болғаның қандай жақсы Ақиқатсыз өмір жоқ біз білетін
Анықталып тіршіліктің ақ қарасы Ол емес өмірді өзгертетін

Еркін елдің Ата заңы ардақты
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты
Адам құқы, бостандығы теңдігі
Барлығын да қарастырған жан – жақты

Құқығыңды білесіңбе бөлімі бойынша сұрақ жауап әдісі

1 Егемендік алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет қабылданды( 2 рет 1993 жыл1995 жыл)
2 Республикадағы заң шығарушы орган (парламент)
3 ҚР Конститутциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады (9 бөлім 98 бап)
4 ҚР валюта қашан қолданысқа енгізілді (1993 жыл 15 қараша)
5 Қазақстан Республикасы құқықтық унитарлы мемлекет деп нешінші бапта көрсетілген (1 бап)
6 Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады (бала туған кезден басталады)
7 Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі (18 )
8 Әр адамның жеке басының куәландыратын құжат (төлқұжат)
9 Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады (16 )
10 Құқық салаларын атаңдар (азаматтық, әкімшілік, отбасылық, қылмыстық, еңбек ету құқығы)
11 Азаматтық кодекс қашан қабылданды (1994 жыл 27 желтоқсан)
12 ҚР Мемлекеттік нышандары туралы заң қай жылы қабылданды (1992 жыл 4 маусым)


Ән орындайтын Жақсылықов Ғайса «Жаса Қазақстан»

Ата заңмен арайланған айналам,
Басшы орынға сайлаймын да сайланам
Білім алам, еңбек етем, демалам
Қартайғанда зейнеткер боп жайланам

ІІІ бөлім «Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» мақал- мәтел жалғастыру

1 Тура биде туған жоқ, 4 Қылмыскер кісіден қорықпайды
(Туғанды биде иман жоқ) (ісінен қорқады)
2 Дау мұраты біту 5 Сөз шынына тоқтайды
(Жол мұраты жету) (пышақ қынына тоқтайды)
3 Атаның баласы болма 6 Малым жанымның садағасы,
(Адамның баласы бол) (Жаным арымның садағасы)

«Тамсантып тілін, тұлпарым, білімге ұмтыл ұрпағым» бөлімі бойынша жағдаяттық сұрақтарға жауап беру керек
І
Қарт адам Париж қаласындағы ҚР елшілігіне келіп, оған ҚР азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыру керек қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме
( берілмейді )
ІІ
Ирина мен Қайрат ҚР азаматтары, бірақ олар Украйнада келісім бойынша жұмыс істейді. Олардың отбасында ұл бала дүниеге келді,балаға қай елдің азаматтығы беріледі
( ҚР азаматтығы беріледі )
ІІІ
«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді, балалар бұл туралы қайдай пікірде

ІV
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата анасынан айрылып қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай балалар құқығын көрсетер едіңдер
(бала құқығы бұзылды ма ия)

Ән орындайтын Ғалламов Данияр «Атамекен»

«Қанекей тілім сөйлеші бөлім» бойынша «Жастарды қылмысқа итермелейтін жағдай» ой пікір бөлісу

Ән « Қазақ елі» орындайтын Жүгінісова Жансая

Әділ қазылар сайыс қорытындысын бағалайды

Бақыт құсы әр Адамға қонып бір,
О,Тәңірім, бізді Баққа жолықтыр
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
дей келе Ата заңым айбыным атты топтық сайысымыз осымен тәмамданды
Көңіл бөліп назар аударғандарыңызға рахмет
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.