ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2-03-2015, 19:59
Автор: Алтынай
Қарау саны: 586
Пікірлер: 0
Версия для печати
ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Өсербаева Сәуле Беркінбайқызы
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Шиелі кенті.


Кіріспе
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне АКТ-ны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас күрделі жүйе болып табылады[1, 2].
Негізгі бөлім
Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып, педагогикалық инновация жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин, Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин [2] «инновация», «инновациялық құбылыс» түcініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский, В.А. Сластенов , В.С Лазерев, С.,Ц Поляков, М.М Поташник бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды [3]. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, В. Г. Зазыкина, Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн[4].
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлұқтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi – ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi"[5].
Жалпы, педагог кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет [4].
Бiрiншiсi – педагогикалық бiлiм беретiн орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушы оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру:
- интернет арқылы халықаралық байланыс;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытудың пәндік арнайы курстары;
- дербес компьютердің болуы;
- телекоммуникациялар;
- қызығушылық;
- белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік;
- ғылыми - зерттеу қызметі.
Екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады:
- білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы;
- педагогикалық қызыметінде коммуникациялық технологияларды қолдануға деген қызығушылық;
- педагогикалық жобалау;
- компьютерлік сауаттылық;
- біліктілік көтеру арнайы курстары;
- электрондық оқу - әдістемелік кешендердің болуы;
- педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті модернизациялау.
Біздің сөз етіп отырғанымыз орта мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру туралы болмақ.
Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.
Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзырлылықты адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы – әдістердің оралымдылығы – ойлаудың сынаулылығы. Аталған анықтамадан кейін біз ақпараттық құзырлылық дегеніміз не деген анықтамаға тоқталсақ. Ақпараттық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Әдебиеттерде «ақпараттық құзырлық», «компьютерлік құзырлық» терминдері жиі кездеседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты «ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық» деген терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және телекоммуникациямен шешу қабілеті.
Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушының ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:
- Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып-үйрену;
- Әр түрлi қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқып-үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;
- Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.
- Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастықта қолдану.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Бүгінде білім беруді одан әрі ақпараттандырудың кезеңі мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернеттік ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Білім беруді қайта құру білім алушылардан үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлылықтарына жоғарғы талап қойылады.
Қазіргі мектепке және ЖОО-на шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ұстаз бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Қорытынды
Сонымен, ақпараттық құзырлықты қалыптастыру келесі талаптарды қанағаттандырады:
1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру;
2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі педагогтың дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол оқытушының өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру – ақпараттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызуды көздейді. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
Қорыта келе, білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. М. Ғалымжанова. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру.// Информатика негіздері журналы. №3. 2006. 2-б.
2. Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
3. Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб
4. М.В Лебедева, О.Н.Шилова. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать. Информатика и образование; 2004; №3; 96-100 бб.
5. В.А.Каймин. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование;

Аңдатпа
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Соған сәйкес мақалада орта мектепте ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді пайдалану арқылы оқушылардың құзырлылығын дамыту көздері қарастырылған.

Өтініш
Атабаев тағылымы, 12 желтоқсан

Аты-жөні толығымен Өсербаева Сәуле Беркінбайқызы

Ғылыми дәрежесі
Жұмыс орны, мамандығы, пед.стажы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Қызметі, категориясы 2
Адресі Шиелі ауданы, Арай мөлтек ауданы, Байсын н/з
Телефоны кодымен 8724325-46-01, 87057020478
Мақала тақырыбы Орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру
Бағыты Құзырлылық – нәтижеге бағдарланған білім беру жжүйесінің сапалық көрсеткіші
Керекті техникалық құралдар +
Пленарлық баяндамада сөз сөйлеуді қалаймын -
Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын +

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.