Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерісті қалай енгізгенім және басқарғаным туралы рефлексивтік есеп. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерісті қалай енгізгенім және басқарғаным туралы рефлексивтік есеп.

Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерісті қалай енгізгенім және басқарғаным туралы рефлексивтік есеп.

12-12-2015, 22:27
Автор: Зейнегул
Қарау саны: 2769
Пікірлер: 0
Версия для печати
Кузенова Зейнегул Смадиновна
Ақтөбе қаласы
№47 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерісті қалай енгізгенім және басқарғаным туралы рефлексивтік есеп
Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену- заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген осы бағдарлама – Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін. 
Курс бағдарламасында «Мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді» делінген. Олай болса, білім беру – бұл жекелеген құбылыс емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.
Мен Кембридж университеті ұсынған Бағдарлама аясында бірінші «Бетпе-бет» кезеңі бойынша теориялық білім алып, біліктілігімді жетілдірдім. Оқу барысында көп нәрсені үйрендім. Топта жұмыс жасау ынтымақтастық атмосферасының қалыптасып, өзгелермен пікір алмасуға, өз – өзіңді реттеуге үйрендім.. Жалпы мұғалім қандай болу керектігін және оқушыларға қалай білім беру керектігін үйрендім. 
Сындарлы оқыту негізінде оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуді, өзін – өзі реттеуді, оқушылардың өз беттерінше білім алуына жағдай жасау қажеттігін білдім. Және Бағдарламаның жеті модулімен танысып, жүйелі жоспар құруды үйрендім. Тізбектелген орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды модульдерді кіріктіріп, оның әдіс – тәсілдерін қолдана отырып жоспарладым. Сындарлы оқыту барысында оқушылардың өз ойын еркін айтуға, алған білімін өмірде пайдалана алуға үйретуім керек.
Екінші кезеңде өз мектебімде тәжірибеден өттім. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі тапсырмаларды орындау барысында курс бағдарламасын оқыған әріптестерімен кеңестім. Бағдарлама идеясын түсініп, топпен сараладық. Соның нәтижесінде 
-Бағдарламаның негізгі идеяларына сәйкес рефлексивті ойлауды;
- Оқыту үдерісін жоспарлауды; 
- Оқушыларды оқу үдерісіне тартуды;
- Оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалауды.
Сондай-ақ, нені оқыту керектігін, қалай оқыту керектігін, оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керектігін үйрендім. Бұл дағдыларға жекелеп тоқталатын болсам: Мен көбінесе сыни тұрғыда ойлауды дамыту үшін аталған бағдарламаның стратегиялары бойынша оқушыларға тапсырмалар беріп отырдым. Оқушылар барлық тапсырмаларды ынталы орындады, сыни тұрғыда ойлана бастады. Бұдан байқағаным – мұғалім тек ұйымдастырушы, бақылаушы болады да, оқушы оқу үдерісінің негізгі субьектісіне айналады. Бұрын қайта-қайта айтып жүріп орындататын оқушыларым да өз бетімен жұмыс жасай бастады. Әрі уақытымды үнемдеп, әр сабақтағы мақсатыма жетіп отырдым. 
Бағдарламаның «Қалай оқу керектігін үйрету» тармағына байланысты өзімнің оқыту үдерісін жоспарлауымды өзгерттім. Барлық сабақтарымды Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру арқылы өткізуді жоспарладым. Алдағы уақыттарда осы Бағдарлама бойынша жұмысымды жалғастырар болсам, оқушылармен болған кедергілерді түгел жоюға болады деп ойлаймын. Өйткені қашанда үздіксіз берілген білім нәтижелі болады.Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. Мен тәжірибе кезінде 2 «Ә» сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақ өткіздім. Бірақ менің пайымдауымша, сабақ барысын толығымен өзгерткенге оқушылар үйрене алмады. Оны бірінші сабағымдағы оқушылардың дағдарысынан байқадым. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру және оқушылар өздерін жайлы сезіну үшін, барлық сабақты да тренингтен бастадым. Әр тренинг балаларға мейірімділік, шапағат, өздеріне деген сенімділік қасиеттерді сыйлады. Осы тренингтерден кейін, оқушыларда өзгеріс болғанын байқадым.Олар өздеріне оң эмоция алғандарын айтты. Бұрын сабақтарымда оқушылардың тыныш отыруын, артық қозғалысқа жол бермей келген мұғалім болған болсам, енді оқушыларыма барынша еркіндік, мүмкіндік бере отырып, сабағымда күлкі жиі естілетін болды. Мені таң қалдырған тосын жаңа тың идеялар естідім. С деңгейіндегі оқушымның күнде осылай бастайықшы деген сөзінен оның көңіл-күйінің көтеріңкі болып, сабаққа құлшынысының өзгерісін байқадым. Келесі сабақтарымда балалардың өздері қандай тренинг өткіземіз деп күтіп отыратын болды. А деңгейіндегі оқушым өзі ізденіп, қызықты психологиялық тренингтер ұйымдастыруға көмектесетінін айтқанда қуанып кеттім. Сонда оқушы назарын және қызығушылықтарын оятуда, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда тренингтердің маңызды екенін бірден түсіндім. Ынтымақтастық орта қалыптасқаннан кейін, оқушыларым жұмыс жасау кезінде өздерін өте жайлы сезініп, бір - бірімен әңгімелесуге, бір – біріне көмектесуге құлшынып тұрды. Әсіресе оқушылар топтық жұмыс барысында, сергіту сәттерінде көңіл күйлері өте жақсы болды. 
«Оқытудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі тиімді әдістердің бірі –топқа бөліп оқыту. Топқа бөлу процесінің өзі, оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға, ұжымдық қасиеттерді дәріптеуге тәрбиеледі Топ атауларын да тақырыппен, өмірмен байланысты атап, оларға түсініктеме берілді. Топқа бөліп өтудің өзі оқушыларға ұжымдық жұмыс жасауды, өзін-өзі реттеуді, өзгенің пікіріне құлақ асуды, ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуын, , көшбасшылыққа жетуді үйретті. Сыныпта барлық сабағымды да топқа бөліп оқыттым. Бұрын топқа бөлудің әр түрлі тәсілдерін білмейтінмін. Ал қазірде топқа бөлу жөнінен біршама әдіс-тәсілдерді үйрендім, өз сабағымда кейбірін қолдануға тырыстым. Мысалы, тізбектелген төрт сабақтарымның бірінші сабағымда оқушыларды мәтінге байланысты Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің талап, еңбек, қанағат,терең ой сөздерін таңдау арқылы топтастырдым. Екінші «Бала Мұхтар мен Абай» тақырыбындағы сабағымда сыныпты жыл мезгілдері атауларымен топқа бөліп алдым. Яғни «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» деп атадым. Ой қозғау үшін топтарға жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше сұрақтар қойдым. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып жауап берді.Бұрын бірден ашыла қоймайтын С деңгейіндегі оқушыларымның топтық жұмыс кезінде өздерінің басқа қырларынан ашылып, жауап беруге ұмтылып, сенімділіктері артып, оқуға деген құлшыныстары көрініп тұрды.Сөйтіп оқушылар топта бір-бірін тыңдап, сыйлап, бірге жұмыс жасауға дағдыланып келе жатқандары өз жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті. . Алдағы сабақтарда мен топқа бөлуде оқушылар өз идеяларын ұсынғанын жөн көрдім Өткен сабақты еске түсіру, үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Автор орындығы» әдісі арқылы бәріміз сұраққа жауап беруге дайын болайық» - дедім. Олар ойланып қалды, бұрын үй тапсырмасын өзім сұрайтынмын, кім дайын сол оқушы жауап беретін немесе бағасы аз оқушыдан өзім сұрайтын едім.Ал мына әдісте кез-келген оқушы жауап бере алатынын, әр топта «үнсіз оқушы» болмау керектігін ескерткенімде бір -біріне қарап қалды.Сол кезде А деңгейіндегі оқушылар С деңгейіндегі оқушыларға көмектесуге, үндемейтін оқушыларды сөйлетуге тырысты. Бұрын А деңгейіндегі оқушылар баға үшін өздерінен сұрағанды күтіп отыратын,ал енді С деңгейіндегі оқушыларды жетелеуге ұмтылғандарын көргенде топ мүшелерінің оң өзгеріске ұшырап, өзара реттеле бастағандарын және сабақ соңында топтар арасындағы достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйді байқадыЗaмaнaуи тexнoлoгиялapды тиімді пайдалану арқылыoқушылapды пәнгe қызықтыpa бiлу мұғaлiмнiң epeкшe шеберлігі деп ойлаймын. Сондықтан кез-келген ұcтaз зaмaн тaлaбынa caй бoлуы кepeк. Қaзipгi оқушыларды тaң қaлдыpу оңай емес, coндықтaн оқушылардың пәнгe дeгeн қызығушылықтарын apттыpу үшiн, aқпapaттық тexнoлoгияны игepe oтыpып, caбaқта бaйлaныcтыpып қолдану кepeктігін ұқтым. Сондықтан мен де AКТ - ның тиімділігін пaйдaлaнуды өз caбaқтapымa eнгiзіп, интepaктивтi тaқтaмeн, кoмпьютepмeн жұмыcты caбaқтa көбipeк қoлдaнуғa тыpыcтым.
.Жаңа сабақтың таныстырылымы кезінде интербелсенді тақтадан жыл мезгіліне байланысты сөзжұмбақ шешілді.Әр топқа тақырыпқа ену үшін сөзжұмбақтың ерекше тор көзінен шыққан «көктем» сөзін тақырып етіп алып әңгіме құрастыруға нұсқау бердім. Оқушылар өз беттерінше сыни тұрғыдан ойлана отырып шағын әңгіме құрады.»Көктем» тобындағы А деңгейіндегі оқушының құраған әңгімесі өте мазмұнды болды. А деңгейіндегі оқушым өзінің  шығармашылық қабілетін таныта білді. Осындай әдемі көктемде бала Мұхтар қайда келіп еді? деген сұраққа сыни ойлана отырып, оқушылар жаңа тақырыпты аша білді. Тақырыпты топ болып талқылап, әр топ өз ойларын білдірді. 
Бұғaн дeйiнгі caбaқтарымда сабақ мaқcaтын өзім aнықтaп кeлceм, eндi oқушылap өздepiнiң caбaқтapдa нe бiлгici, нeнi үйpeнгici кeлeтiндiктepiн capaлaй aлaтын жaғдaйғa жeттi. Сөйтіп oқушылapдың cыни oйлaуын дaмытaтын әдістердің apқacындa oқушылap өз oйлapын epкiн , әpi caуaтты жeткiзугe дaғдылaнды,
Оқушылар жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істеу кезінде олардың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасадым. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін көптеген оқыту стратегияларын қолдандым. «Түртіп алу» стратегиясынқолданған кезде олар мәтінді оқи отырып (⩗)-білемін, (+) - мен үшін жаңалық, (?)- түсініксіз, деп белгіледі. Соңынан түсініксіз жағдайлар түсіндіріліп,дәлелдеді. Бұл әдісті мен «Қоңыр қозы»тақырыбын өткен кезде пайдаландым. Балалар осы әдісті пайдалану барысында, бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастырды, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалады , алда оқылатын проблеманың бағытын анықтады. Оқушылардың өз бетімен ескі мен жаңа білімдерін ұштастырғаны, оған терең талдау жасағаны, Бағдарламаның оқыту тәсілінің ұтымды жақтарын көрсетті. «Аквариумдағы балық» әдісі арқылы мен оқушылардың алған білімдерін пысықтадым. Осы тапсырманы орындау барысында балалар өз ойларын талдады және сараптады, ойлау логикасын дамытты, түсінік пен құбылыстардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтап, белгіледі. Мен оқушының оқу үлгерімін ғана емес,түсініп оқуын қадағалау мақсатында «Жекпе-жек», «Сиқырлы доп» әдістері арқылы жеттім. Бұрын жаңа сабақты мұғалім өзі түсіндіріп, өзі меңгертетін болды.Ал қазір оқушыларға бір-бірін оқытуына мүмкіндік беру керек. «Біреуі үйде-үшеу қонақта» әдісін қолдану кезінде «Бала Мұхтар мен Абай» тақырыбын бір-біріне топ мүшелері түсіндірді. Оқушылар ақпаратты өз бетінше оқып, оны өзінің ой елегінен өткізуге мүмкіндік алды. Топта сабақты жақсы меңгерген оқушылар қалды. Кейін жанұяларына қайта келіп топпен талқылады, ой бөлісті,тақырыптың негізін ашты.Тақырыптың мағынасына талдау жасауды оқушыларға тапсырма етіп бердім - берілген тақырыптың қай бөлігі оларға түсіну үшін маңызды екендігіне назар аударуларын сұрадым. Мәтінге оқушыларға бұрыннан таныс мәліметтерді енгізу- бұл оларға мәтінді игеруіне,мәтін мазмұнын тез есте сақтауына ықпал ететіндігіне көз жеткіздім. Әсіресе С деңгейіндегіоқушылар осы тапсырмалардан кейін сабаққа деген көзқарастары өзгере бастады. Көретін көрнекілік құралдарын сұрыптау, таңдау-мәтінді тыңдатуда көрнекілік құралдарын, жан-жақты қолдануы қажет деп ойлаймын. Бұл үшін оқушылар өздері шығармашылықпен айналысып, келесі сабаққа ресурсты да өздігінен тауып әкелетін болды. Мысалы: А деңгейіндегі оқушылар кластастарына меңгерілген ақпаратты түсінікті жеткізе білді. Осы оқушылар кластастарының және өз оқуына жауапты екендерін сезінді. Выготский оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007 ) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыруымен қатар , олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. . Сұрақ қою барысында оқушылар кластастарының жауаптарын ықылас қоя тыңдау және сұрақтар қоюға үйренді,өз оқуына және кластастарының оқуына жауапкершілікпен қарады, таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі артты Жай сұрақтар қойған кезде, оқушылар оған жауап бере отырып, қандай да бір деректерді айтты, кейбір ақпараттарды еске түсірді. Практикалық сұрақтар теориялық және практикалық өзара байланысты орнатуға бағытталды. Сендер кімді үлгі тұтасыңдар? деген сұраққаА деңгеіндегіоқушым: Біздер Ұлы Абай ақын мен жазушы Мұхтар Әуезов аталарымыздың өмірлерін үлгі тұтамыз деп жауап берді. Сендердің мақсаттарың қандай? деген сұраққа біз білімді боламыз деп мақсат қойдық. Бұл оның ақылды, білімді бала екендігін көрсетті. Оқушы сұраққа «қате» жауап берген жағдайда, мен оған ойлануға уақыт бердім.Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Оқушылардың нақты фактілерге көбірек көңілдері бөлінді, проблеманы шешуге үлестерін қоса алды. Балаларды шешімдер қабылдауға үйрету үшін практикалық сұрақтарды көбейттім. Мен жекелеген оқушылардың оқу қажеттіліктерін анықтауға арналған жабық сұрақтарды көбінесе С деңгейіндегі оқушыға қойдым. Мысалы: «Бұл оқиға жылдың қай мезгілінде болған?», «Мұхтардың атасының есімі кім?» Кейбір сұрақтарды шарт қою бөлшектері, жорамал, қиял, болжам түрінде құрастырдым. «Қалай ойлайсың, оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?» Ал «Бұл кейіпкер несімен ерекшеленеді?», «Атасы Мұхтардың құлағына не сыбырлады деп ойлайсың?» деген сұрақтар жоғарырақ деңгейдегі ойлауды қалыптастыру үшін қойылды. Бұpын мeн oқушығa нe үйpeтeмiн, oны қaлaй үйретемін дeп кeлceм, eндi oқушылap нe үйpeндi, қaлaй үйpeндi, қaлaй бaғaлaймын дeгeн cұpaқтapғa жaуaп iздeйтiн бoлдым. Бұрын мен оқушылapды бaғaлaу кeзiндe кiм қалай cұpaққa жaуaп бepce, coл бойынша бағалайтынмын. Оқушының iшкi уәжі,ойы , сөйлеу еркіндігі ескерілмейтін. Жeтicтiгi туpaлы пiкipiнeapнaйы уaқыт пeн көңiл бөлмeйтінмін. Ал енді бaғaлaудың түpлi әдicтepiн қoлдaнып, caбaқтa әpбip opындaғaн тaпcыpмaлapдaн кeйiн бaғaлaуды ұйымдacтыpып oтыpдым. Caбaқтapдa тoптық, жұптық, 2 жұлдыз, 1 тiлeк, бағдаршам,басбармақ,үш шапалақapқылы бaғaлaу, от шашу және бағалау парағы тәciлдepiн қoлдaндым. Бұpын oқушылapды тeк өзiм ғaнa бaғaлaйтын eдiм, eндi мұндaй жaуaпкepшiлiгi мoл icтi өздepi дe бaйқaп көpciн, өз – өздepiн aдaл бaғaлaй бiлciн дeгeн ниeтпeн бaғaлaу парағын тараттым. Aлғaшқы бaғaлaу кeзiндe көптeгeн қиыншылықтap кeздecтi. Өйткeнioқушылap өздepiн - өздepi бaғaлaуғa дaйын eмeceдi. Дeгeнмeн oлapдың бipiн - бipiүш шaпaлaқпeн бағалауы, өзімнің мapaпaттaуым, көңiл күйлepiн әp түpлi түcтi қaғaздapынa жaздыру apқылы жүpгiзгeн бaғaлaуларым cәттi шығып отырды. Coнымeн бipгeoқушылap бipiн - бipi бaғaлaудa жүpгiзгeн жұмыcтapы туpaлы түpлicын пiкipлepде aйтуға үйренді. Тiпті қapaпaйым мaқтaу cөздepдi ecту бaлa үшiн өтe жaғымды әcepiн бepіп, оның оқуғa дeгeн құлшыныcын apттырaды eкeн. Сондықтан Сабақтарда мен бағалаудың «Екі жұлдыз, бір тілек» , «Үш шапалақ», «От шашу», «Бармақпен бағалау», «Бағдаршам» арқылы бағалау сияқты түрлерін пайдаландым. Тілектерін жазған кезде, оқушылардың топтық жұмысқа қосқан үлесін атап көрсетті , мына оқушы ойын жақсы айтты, ал мына оқушы дұрыс айта алған жоқ деп көзқарастарын білдірді.Бұдан байқағаным, оқушылар мұғалімнен гөрі өзара баға қойып, сұрақ қою арқылы қателерін тапқанды ұнатып, сабаққа да қатысымы артып, қызығушылықтары да арта түседі. Осы Бағдарламадан оқып үйренген жеті модульді енгізіп өткізген сабақтарым қызықты өтті деп ойлаймын. Біріншіден, менің өз сабағымның берілу сатысы өзгерді, оқушыларыммен жұмыс жасауым да оңайға түсті, оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерімен, жұппен, топпен бірігіп диалогқа түсіп, талқылап, талдап, меңгеріп отырды. Өте тұйық, үндемейтін оқушыларым ашылып, ортада еркін сөйлей бастады. Дарынды және талантты оқушыларым да анықталды. Өзімнің де қоршаған ортаға, оқушыларға, сабағыма деген көзқарасымның өзгергенін байқадым. Бұл Бағдарламаның оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдері сабақ беруде өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс – әрекетінің негізі. /нұсқаулық,7 – бет/ Ең алдымен өзіңе деген сенімділік болу керек екен. Бағдарламаның жеті модулін қолдану барысында мен оқушылырымнан мынадай өзгерістерді байқадым:
-Терең ойлана білетін болды, жеке рефлексиялық қабілеттері дамыды;
-Топпен, жұппен жұмыс жасай алды; 
Өз ойын ашық айта алды, 
Сыни тұрғыдан ойлайды,
-Ақпаратты өздігімен ұғына алды, 
Ақпаратты жан-жақты талдай білетін болды «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде бағдарлама идеясын ұстанып, міндеттеріне сәйкес барлық тапсырмаларды орындау кезеңінде бірқатар кедергілерге тап болдым.Ол кедергілер: 
- Оқушылардың жаңа әдіс - тәсілдерге үйрене алмауы; 
- Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қиындықтар; 
-Топтастырудағы қиындықтар; 
-Оқыту үдерісінің бірден өзгеруіне оқушылардың әдеп дағдыларын қалыптастыру барысындағы қиындықтар. 

Бағдарламаның екінші «Бетпе – бет» кезеңінде әріптестеріммен бірге іс – тәжірибе кезеңіндегі кездескен қиындықтар мен кедергілерді қалай жою керектігін талқылап, сараладық. Әрине жұмыс бар жерде кедергілер де кездесіп жатады. Келешекте осы кедергілерді болдырмау мақсатында осы Бағдарламаның барлық мақсат - міндеттерін тиімді пайдалануды өзіме міндет деп қойдым. Сындарлы оқытудың тәсілдерін үйреніп меңгерген оқушылар міндетті түрде жақсы жағынан өзгеріп, саналы, білімді азамат болып, өзін жеке тұлға ретінде көрсетері анық.. 
Ғұлама ғалым А.Эйнштейн: «Мен өз шәкірттерімді ешқашан үйреткен емеспін, тек олардың үйренуіне жағдай жасап отырдым» - деген екен. Сол айтқандай, мен де оқушыларымның үйренуіне барынша жағдай жасауға тырысамын. 
Бағдарламаның өзара байланысты жеті модулінің идеяларымен таныса отырып, және бұл жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарына қосу арқылы мен мынадай білік, дағдыларды үйрендім: Этикалық және моральдық құндылықтарды ұстануды; - Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануды; Сыни тұрғыдан ойлауды; Білім беру ісіндегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсетуді; Жеті модуль аясында сабақ жоспарлауды; -Жеті модульді сабақтарымда пайдалануды; 
Қорыта келе, сабақтарымызда оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, бағалаудың түрлерін қолдану, жас ерекшеліктеріне сай білім беру, талант пен дарынды анықтау, оларды көшбасшы етіп тәрбиелеу заман талабы. Өз бетімен білім ала алатын, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман қалыптастыру үшін қажетті білім аламын және тәжірибе жүзінде дәлелдеймін деп сеніммен айта аламын.


Пайдаланылған әдебиеттер
Мұғалімдeргe aрналғaн нұсқaулық (ІІІ негізгі деңгей)

Бастауыш сыныпта оқытуәдістемесі журналы №5 2014 ж
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.