Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша есеп » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша есеп

10-09-2015, 21:56
Автор: erlan-emi
Қарау саны: 3252
Пікірлер: 0
Версия для печати
Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағы бойынша рефлексивті есебі.

Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.
«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» дегендей бүгінгі таңның талабы таудай болып тұрған заманда талмай еңбек етіп, сауатты да мәдениетті, қажырлы да қайратты, ізденімпаз болсаң ғана «білекті бірді, ал білімді мыңды жығады» деген ата - бабаларымыздың ұлағатты сөзінің кемелденгенінің айқын көрінісі.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін - білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра алға карай ұмтылуымыздан басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың:
«... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Осы сөздерді басты назарға ала отырып, өзім Кембридждік оқыту курсында үйренген оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудың ұтымдылығын мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым. Осы мақсатта 11қыз, 9ер баланы құрайтын өзімнің 4 «б» сыныбымда дүниетану пәні бойынша тізбектелген төрт сабаққа орта мерзімді жоспар жасадым. Жоспар бойынша алған төртінші сабағым «Қазақстан мәдениеті» тақырыбының төңірегінде қамтылды. Қазақстан мәдениеті жайлы біліп, мәдениеттің құрамын айыру, ел өнерінің, мәдениетінің көркеюі туралы ой толғай білулерін алдыма мақсат етіп, сол мақсатыма жету жолымда АКТ-ны, флипчартты, ән жинағын, сұрақты кеспелерді пайдаландым. Негізі сабақтың нәтижесінде оқушылардың еліміздегі мәдениет салалары, ол салада еңбек сіңіріп жүрген қайраткерлердің алар орны жайлы білімдерінің ұшқырлана түсуі күтілді. Аталған мақсат пен күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, жұмыс кезеңдерінің дәйекті түрде, тізбектеле ұйымдасуы, оқыту мен оқу нәтижелерін өлшей отырып, барлық оқушыларды қамту үшін асқан шеберлікпен сынып оқушыларының жасы 9-10 аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.
Сабақтың әр кезеңі мен үшін, оқушылардың өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал ететіндей, одан әрі өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін арттыратындай етіп таңдау арқылы ортасынан ойып орын алу үшін маңызды болып табылды. «Қазақстан мәдениеті» деп аталатын сабағымды, әдеттегідей, психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Әр оқушы өз есімінің әріптеріне лайық адами құндылықтарын атап шығу керек болғанда, оқушылар бір-бірінен іркілмей, бір-бірін қайталамауға тырысып бақты, әсіресе, ер балалар тапқырлық пен шапшаңдық танытып, өздерін жоғары дәрежеде бағалады. Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға көмектесу үшін сыныптың оқушыларын «Білімпаздар», «Әдебиетшілер», «Музыканттар», «Суретшілер» деп жазылған кеспелерді таңдау арқылы 4 топқа бөлдім. Сабақтың құрылымын оқушыға бағыттай отырып, ББҮ әдісіне салып құрған болатынмын. Сабақтың тақырыбын ашпас бұрын не білемін? деген сұрақ арқылы түрткі бола отырып, нені білетінін, түсінетінін анықтап алғаннан кейін, ортаға өз ойларын салып, талдап, шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіруден кейін бастапқы білім, дағдыларын өрбітіп, өрістету мақсат етілген соң флипчартқа түсіру көзделген болатын. Осы сәтте балалардың топ ортасында жұмыла жұмыс атқарғылары келгенімен, алайда Қазақстан мәдениеті деген тіркестің мағынасын толыққанды ашу үшін оқулықтарына көз тастаумен болды. Сол сәтте мұндай жағдаятты қалай шештім? Осы жерде оқушыларға мнемоникасына сүйенгендерін жөн санап, алдымен «мәдениет» сөзінің мағынасын ашып, адам қолымен өңделіп немесе жасалатын өзгерістердің түрлері мәселен, дастарқан мәдениеті, сөйлеу, киіну мәдениеті жайлы тәрбие сағаттарынан көңілдеріне тоқығандарына тоқталып өттім. Сол кезде ғана механикалық түрде есте сақтағаннан гөрі, ойларында осы сөзді басқа бір нәрсемен ұштастыра естерінде сақтап қалғандай болды. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша жұппен, топпен талқылау негізінде диалогтік оқыту жүзеге асты, өз беттерінше жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады, өзара қолдаушы болып, қате жауаптары үшін қорықпай, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектесе білді. Содан соң ғана қолайлы оқу үшін өзара топтар бір-бірінің таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» айту арқылы бағалап, «ұйымшылдықпен топ болып шықты» немесе «еліміздегі мынадай мәдени орындарды атады» дегендей қолдау, мадақтау айтып бақылау дағдылары артты. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды аяқтай алмағандықтан, мен оларға қосымша 2 минут уақыт бердім. Бұл оқушылардың дәлелдерінің деңгейі мен маңыздылығын, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды жұмсалуын мойындап, қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін.
Одан әрі келесі кезең 3-тезиске сай проблемаларды шешу үдерістерін арттыру үшін не білгім келеді? сұрағына жауап іздеуге итермеледі. Оқушыларға «Үш қадамдық сұхбат» жүргізу үшін топ ішіндегі балаларға А, Ә, Б, В деген атаулар бердім. Яғни, балалар өздерінің бүгінгі сабақта не білгісі келетіндерін сұрастырып, кезектесіп сұхбат алып, тақырып төңірегінде араларында зерттеушілік әңгіме туды.
Әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге талпына білді. Яғни, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (МАН, 52-бет). Осылай оқушыларды топ ішінде топтастырып жатқанда ортада ЖАДА қалыптастыруға түрткі болып, ынтымақтастық атмосфера қалыптастыра отырып, оқыту ортасын құра бастадым. Сол кезде сыныбымдағы өзге балалар ортадан шектете беретін менің назарымда болған Е. деген оқушы топ ішінде 5-бала болып отырғандықтан, оның қасына өзім отырып жұп болдым.
Осы сәтте балалар арасынан апай мен оқушының тең дәрежелі болып отырғанына оқушылардың бірі тұрпайы қараса, енді бірі қызық көрді. Ал алдымда отырған оқушы бұрын мұндайды көрмегендіктен, оның көздері –ақ таңғалғандықты, сөздері бір-бірімен байланыспай біресе күліп, біресе сасқалақтап жауап беріп отырды. Неге? Себебі, біз менталитетімізге сай бір-бірімізге жақсы сөздер айтуға, мақтауға келгенде аянып қаламыз ғой. Оқушы түгілі өзіміздің үйдегі балаларымыздың маңдайынан иіскеуге уақыт таппай, кеудесінен итермелеп жатамыз. Сол себепті бұл оқушым мұғалімнің қасында өзін еркін сезінуге батылы жетпегендей сезінді. Бұл қолданған тәсілім тұйық оқушының ашылуына да оң әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының ортасында ұстазының қолдауына ие болған баланың бойында өз күшіне деген сенімділік артты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым деп ойлаймын. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауда қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білуге дағдыланды.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр сабақ сайын жас ерекшеліктеріне сай сергіту сәтін ұйымдастырып отырдым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады (МАН, 61 бет). Осы сабағым өнер тақырыбына жақын болғандықтан, сергіту сәтін мынадай түрде өткіздім: интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады. Сергіту сәтінен кейін бөлінген топ атауларына байланысты топтық тапсырмалар орындалды. Бұл жаттығудың шарты бойынша «Білімпаздар» тобының оқушылары оқулық бойынша берілген атақты ел азаматтарына тоқталу негізінде жұмыс атқарды. «Әдебиетшілер» тобы өз жандарынан өлең шығарып, шығармашылығын «авторлық үстелде» таныта білсе, дарынды оқушы, бірнеше жүлделердің иегері К. атты оқушым бастаған «Суретшілер» тобының құрамындағы оқушылар Қазақстанның мәдениетін танытатындай еліміздегі танымал орындардың бірі - «Нұр мешіттің» суретін нобайлады. Ал «Музыканттар» тобында мектеп қабырғасында ән салып жүрген, үздік оқушы есебінде менің қадағалауымда жүрген А. есімді оқушы бастаған әнге ерген бір топ ұлдар ән сабағында айтып жүрген өлеңдерін шырқап, сабақтың шырайын келтірді десем болады. Бұрын-соңды сабақ үстінде ән айтып «ерігіп» отыруға жол бермейтін мұғалімнің қолдарына «еркіндік» беріп қойғандай сезінген оқушылар өздерін сабақта жайлы сезінді. Осының нәтижесінен алдағы уақыттарда оқушылардың ойын еркін білдіруде, «шығармашылықтың қызықты сәттері қай топта кездесіп қалады екен» деген қызығушылықтан туындайтын ойлары топ ішінде қай ортаға түссе де белсенділік танытуға бола алатындығына сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.
Сабақта алған білімдерін жинақтау кезінде идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап, талдауға көмектесу үшін «Ат пен атқосшы» әдісін пайдаландым. Негізгі мақсатым бұл жерде оқушылардың сабақ барысында түйген ойларын, алған білімдерін бір арнада тоғыстыра білулерін қадағалау еді. Сұрағына сай жауабын сыңарластыра білуде 1 оқушы мақалдың жалғасын дұрыс таппаса, енді 1 оқушы экономисттің атқаратын қызметін программалаушының орнымен шатастырып алды. Қателікті сол жерде құрдастардың қол ұшын созуы арқылы, өз тарапымнан «көпірше» болып түзетіп алдық.
«Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56-бет) екенін ескере отырып, сабақ соңында оқушылардан "Оқушы үні" тестін алдым. Тест нәтижесінде сабаққа оң ынта таныта қоймайтын оқушылар осы сабақ бойынша өз ойларын жазса, үнемі белсенділік танытып жүрген оқушылар өз ойларын айтып қалуға, мүмкіндігінше толығымен орта мерзім бойынша өтілген сабақтардан алған - білгенін жазуға тырысыпты. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдайтын, дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау, не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс кезеңінде оқушылар өз білімдерінің деңгейін бағалау смайликтері арқылы көрсете білді. Сабақ соңында түйгенім жоғары деңгейге жету тек төменгі деңгейдегі қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады (МАН, 78-бет). Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолындағы ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын. Өткізген сабағым тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлшегі болса да, менің ұстаздық, тәлім берелік тәжірибемде теориялық білімімді дамытып қана қоймай, тұжырымдамалар мен рефлексияны енгізу және практикамда пайдалануда бағдарламада ұсынылған идеяларды толыққанды қолдана білдім деп ойлаймын.
Сабақтың өн бойында Жером Брунердің "Орман өсіру" әдісі бойынша ұдайы тапсырманы аяқтауға итермелеп, түрткі болып, бағыттаушылық негізінде дамуларын қолдап отырдым. "Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді" дегендей қашанда күдіктене білетін, соның нәтижесінде тоңмойындыққа салынбай, діттегеніне жете білетін білімді ұрпақты сусындататын біз, ұстаздар, болғандықтан аянбай еңбек ету бүгінгі күннің, заманауилықтың талабы болып отыр. Исаак Ньютон өлерінде былай деген екен: "Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама?" Біз де осы бағдарлама бойынша оқығанымызбен тоқталып қалмай, осы жетістікке ғана қуанып қоймай, алдымен балаларға беретін жаңашылдықты, сыни ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп ойлаймын. Бұл орайда бағдарламаның жеті модульінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, ал мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Қазіргі жаһандану заманында мұғалім бәсекелестікке лайық тұлға тәрбиелеу үшін заман ағымына сай білім беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Ол үшін мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.




Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.