Топтық жұмыс оқушылардың сөйлеу әрекетіне әсер етеді ме? туралы есеп » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Топтық жұмыс оқушылардың сөйлеу әрекетіне әсер етеді ме? туралы есеп

Топтық жұмыс оқушылардың сөйлеу әрекетіне әсер етеді ме? туралы есеп

7-06-2015, 00:49
Автор: Дина
Қарау саны: 2440
Пікірлер: 0
Версия для печати
Топтық жұмыс оқушылардың сөйлеу әрекетіне 
әсер етеді ме? туралы есеп
«Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде , олар «мұғалім – оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс - қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс – қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуі және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады».(1) 
Яғни, негізгі жеті модулді сабақ барысында қалай тиімді қолдансам екен. Балаларға түсінікті, әрі қызықты етіп жеткізуге тиімді жолдарын, стратегияларын қарастырдым. Бұл ойлануға тұрарлықтай мәселе. Оқушыларымды 4 топқа бөлдім. Топта отырған оқушылар бір - бірімен диалог құрып, өзара әңгімелесе отырып, оқуда енжарлық танытпай, бір - біріне түсінбегенін түсіндіріп, тығыз қарым - қатынасқа түсе бастады. Сабақты бастамас бұрын топтарға әр топ ережесін жазыңдар дедім. Олар ережені жазуға кірісті. Сосын олардың жазған төрт ережеден бір топ ережесін жаздық. Оқушылардың өздері құраған топ ережесі:

-Бір-бірімізд тыңдаймыз. -Мұғалімді тыңдаймыз. - Басқаның пікірін тыңдаймыз. - Топтың әр мүшесін сөйлету. - Оқушының әр сөзін тыңдау. - Қате жауапты сынамау. Бұл ереженің жақсы жері оқушылар шулап, бір - бірін тыңдамай, сөздерін бөле берген кезде ережені көрсете қоямын. 6б-сынып оқушыларымен өтілген әрбір сабағымда топтық жұмыс кеңінен орын алды. Оқушыларды топқа бөлер алдында «Жақсы тілек», «Сымсыз телефон», «Мен қандаймын», «Есім туралы» түрлі тренинг өткіздім. Тренингті өткізу мақсатым - оқушылардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру еді. Әр сабақты жоспарламас бұрын мен өзімнің алдыма мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолдарын іздедім, яғни оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыра отырып өз ойларын ашық және нақты жеткізе алу арқылы сабақта белгілі бір нәтижеге жету болды. Сол себептен мен бірінші сабағымды өткізу мен үшін жан-жақты ойланып, жоспарлауды талап қойдым. Сабағымның әр қадамын, әр тапсырмасын, жақсы, яғни оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында дайындадым. Мен оқушыларды сандарға,түстерге,мозайка арқылы топтарға бөлдім. Осылай менде төрт топ құралды. Ең алдымен оқушылардың қызығушылығын ояту үшін мен психологиялық ахуал өткіздім. Сабағымды үй тапсырмасын сұрап болған соң, жаңа сабақты түсіндірместен, сын тұрғыда ойлауға үйрету модулінің «Ой шақыру» стратегиясы арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында миға шабуыл жасадым. Тақырып туралы бұрыңғы білетіндерін анықтап, соған сүйену жолдарын таптым. Әрі қарай не болатынына қызықтыра ортырып, белсенділіктерін ояттым. Ой тастай отырып, оқушылардың ойларын өрбіту арқылы тақырыпқа әкелу. Мектептегі тәжірибеден өту кезінде өткізген әр сабағымнан өзімнің де, алдымдағы оқушылардың да өзгергенін сездім.дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау,үстірт білім алу жағдайларғы орын алды.Дәстүрлі оқытудыан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей жай ғана жатталғандықтан , тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде қолдана алмайды. (2) Дәстүрлі сабақ кезінде тапсырманы берем, оқушылар оны орындайды. Ол тапсырмаларды орындау кезінде оқушы жан-жақты ойланды ма, талдай алды ма, оған көңіл бөлмейтінмін. Дәстүрлі сабақта оқушыларға жаңа білімді дайындап берсек, енді қазір оқушылардың өздерінің ой тастап, ізденуге жетелеу керек. Келесі тапсырмада сын тұрғысынан ойлау стратегияның «шатастырылған бауларды» қолдандым. Мұнда оқушылар топ болып жұмыс істеді. Осы тапсырмаларды орындау барысында ерекше көзге түскен Лолита, Карина, Дарья,Лейла,Сережа, Дима деген оқушылар бар белсенділіктерін көрсете білді. Әр тапсырманы оқушылар бар ынталарымен, қызығушылықтарымен орындай білді. Сосын мен оқушылардың көру қабілетін,зейінің тексеру үшін ойын ойнаттым. Осы ойын барысында мүлдем сабаққа құлықсыз қатысатын Диас пен Дима деген оқушылар өздерінің сурет салу бейімділігін көрсете білді. Сабақ соңында оқушыларға бір – бір стикер тарата отырып, сабақтан алған әсерлеріңді, сабақтың ұнағанын немесе ұнамағанын жазыңдар дедім. Дәстүрлі оқытуда кері байланыс болмады. Оқушылардың кері байланысқа жазған сабақ туралы пікірлеріне қарай отырып, кемшіліктердің орнын толықтыруға тырыстым. Дәстүрлі оқытуда қырық бес минут сабақ беріп шығасың, оның оқушыларға ұнағанын ұнамағанын білмейсің, менен кеткен кемшіліктер туралы ойланбайтын да едім. Ал, қазір әр сабағыма талдау жасаймын. Кері байланыс арқылы өзімді өзім реттей аламын. Себебі, оқушылар тек қана тілек жазып қоймайды, санымен қатар ұсыныс та жазады. Барлығына сабақ ұнады. Арнайы білімді қажет ететін Артур деген оқушым сабағыңызға рахмет деп жазыпты. Л атты дарынды да талантты оқушым «бұл менің ең жақсы өткен қазақ тілі сабағы» деп жазыпты. Осындай жылы лебіздерді оқығаннан кейін өзімді бақытты сезіндім. Барлық сабақтарымның басындағы қорқыныш сейіліп, мойнымнан ауыр жүк түскендей болды. Өткізген барлық сабағымның мақсатына жеттім деп ойлаймын. Менің өзіме түйіндегенім оқушыларды топқа бөліп жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені топта оқушылар бәрі бірігіп жұмыс істейді, өз ойларын ортаға салады, тұйық оқушылар топта ашылып өз ойын барынша жеткізе алады 
Қорыта келе, жаңа әдіс бойынша өткізген сабақтарымда, топта оқушылар өздерін еркін сезініп, пікір алмасып, білімдерін толықтырып, дарынды және талантты оқушылар орташа оқитын оқушыларға өздерінің көмектерін ұсынып, әр сабақ сайын топтық жұмысқа дағдыланып, әр қайсысы жан-жақты ойлана отырып, өздерін басқа қырынан көрсете алды.Тағыда қуантатын жағдай арнайы білімді қажет ететін Артур атты оқушымның оқу үлгерімі жақсарды. Бұл деген керемет емеспе! Яғни, келешекте әр сабағымда оқушыларды топқа бөлу арқылы оқушының мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып, әр сабақта белгілі бір нәтижеге жетемін деп сеніммен айта аламын.





Сілтемелер:
1. «Көпіршілер» және олардың ЖАДА-ға қатынасы 29 бет.
2. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері 6 бет.
 
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.