Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп

6-06-2015, 00:03
Автор: Зинат
Қарау саны: 4360
Пікірлер: 0
Версия для печати
А есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі
негізгі тұлға-мұғалім.
/Strong.Ward Grant 2011/
Қазіргі заман талабына сай еліміздің білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатқаны бәрімізге мәлім.Осы өзгерістердің бірі 3 айлық курс, яғни Кембридж тәсілін оқып-үйрену. Мен де өз білімімді жетілдіру мақсатымен осы 3 айлық курсқа келген болатынмын. Бұл курста біз аталған тәсілдің бағдаламасымен таныса отырып, 7 модульді сабақтарымызда қалай ықпалдастыру керектігін үйрендік. Бір ай бойы оқып-үйренгенімізді байқау үшін мектепке тәжірибеден өтуге келдік. Менің тәжірибе кезінде 3-сыныпта таңдап алған пәнім дүниетану пәні болды. Сыныпта барлығы 8 оқушы бар. Бірінші бетпе-бет кезеңінен келген соң алдымдағы әр оқушы өзіндік бір сырға толы болып көрінді. Әрине мұндай сезім менің 3 айлық курстың 1-ші бетпе-бет кезеңінен алған әсерім және тренеріміз Рысты Теміртасқызының оқытқан, берген білімінен болуы керек. Алдымен сабақтарымды бастамас бұрын, «Мен оқушыларымды, пәнді, оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа, қаншалықты жақсы білемін? немесе Менің сыныбымда тәртіп ережелері мен нормалары қаншалықты сақталған? Оқушыларым бір-бірімен жұмыс істеуге қаншалықты құлықты?» деген секілді сұрақтарды қойып алдым. Сосын сол сұрақтарға өзім іштей ойлана жауап бере отырып, нұсқаулықты пайдалана отырып, тренердің өткізген сабақтарын еске түсіре отырып барлық төрт сабағымда да «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» деген модульді ықпалдастырдым. Осы модульдің ішінде тереңірек диалогтік оқытуды қарастырдым. Себебі, диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасауы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.1
Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде сабақта диалогтік оқытудың маңызы зор. Мен тәжірибеден өтуге келгенде ең алдымен өзіме мынандай сұрақ қойдым: Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын қалай арттырамын? Олардың білім деңгейінің өсуіне қалай үлес қосамын? Сондықтан Мерсер мен Литлтонның еңбектеріндегі «Диалог сабақта оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады және олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады2» деп айтқан сөздеріне сүйене отырып «Диалог негізінде оқыту және оқу» әдісін өзімнің төрт сабағамда да басынан аяғына дейін кіріктіруге тырыстым. Бұрынғы сабақтарымда топқа бөлудің түрлері жай, қарапайым түрде өтетін. Ал осы сабақтарымда топқа бөлудің түрлерінің өзі ерекше өтіп, оқушыларды қатты қызықтырды.Тек оқушылар ғана емес, өзімде сабақ бере жүріп, өзімнің алдымдағы оқушыларымды толық танымағаныма, олардың қызығушылықтарын оятуға әбден мүмкін екендігіне көзімді жеткіздім.
Ең алғашқы сабағым «Қазақстан-егемен ел» тақырыбында болды. Бұл сабақты кіргеннен оқушымен амандасу, олармен тренинг, сергіту сәттерін өткізу арқылы оқушылармен өзара ынтымақтастық атмосферасын жасадым. Суреттің қиындыларын құрастыру арқылы оқушыларымды екі топқа бөліп алдым. Алғашқы сабағымда «Жасырын сөз» арқылы сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне анықтатып, бір-біріне айтып, сыни тұрғыдан ойлата білдім.
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу– қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар(сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу » барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.3 Диалогтік әңгіменің бір түрі зерттеушілік әңгімені қолдану үшін оқушыларға глобустан Отанымызды, елімізді іздеп табуға тапсырма бердім. Оқушылар глобусты пайдалана отырып, бір-бірімен әңгімелесе отырып, зерттеу жұмысын жасады.
Барнс (1971жыл) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтты. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.4 Мен осы кісінің айтқан сөзін басшылыққа ала отырып, осы сабақта оқулықпен жұмыс соның ішінде мәтінмен жұмыс жасағанда әр топ өздеріне жүктелген мәтінді оқи отырып, өз топтарында түсіндіріп, мазмұндап, өзара талқылау жасады. Осы тапсырманы орындату арқылы сыныптағы диалогтік әңгімені дамыттым. Диалогтік әңгіменің екінші түрі әңгіме-дебатты мен дарынды оқушыларға «Т» кестесі деп аталатын тапсырма берген кезде қолдандым. Себебі оқушылар кестені толтыра отырып, жауабын айтып және басқа оқушыларға дәлелдеді. Қалған оқушылар өздерінің пікірлерінде қалады, немесе орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталады. Осы тапсырмада мен өзімнің қателік жібергенімді білдім. Себебі бұл әдісте оқушылар уақытты көп жоғалтты, жазды және ортаға шығып дәлелдеді. Мен осы кезеңде дарынды оқушылардың 4-не де бірдей оқытпау керек пе еді,әлде басқа тапсырма алуым керек пе еді деп ойладым. Ал қалған оқушыларға сауалнама үлестірдім.Ол оқушылар сауалнамаға жауап жазып, жауаптарын оқып кетті. Сыныптағы оқушылар дұрыстығын тексерді. Осы тапсырма кезінде қалған 4 оқушы белсенділік танытты. Нашар оқитын оқушым Романнның өзі жоғары белсенділік танытып,сұрақтардың бәріне дұрыс жауап беріпті. Ал Асылхан да сабақ бойына араласып, қосылып отырды. Бұрынғы сабақтарда бұл оқушым сылбыр, сабаққа еш араласпай,тыңдамай отыратын. Бірінші сабағымыз бола тұра оқушылар не істеу керектігін, қалай жасау керектігін түсінгенінің өзі олардың іс-әрекетке деген сындарлы ойларының дәлелі болар. Мен өзімнің алғашқы сабағымда-ақ оқушыларымда да өзгеріс бар екенін байқадым. Оқушылармен кері байланыс орнатқанда олар сабақтың ұнағандығын, ерекше өткендігін жазыпты. Сабақ соңында «Апай сіз қатты өзгеріпсіз!» деген сөздерін де естіп жаттым. Сонымен қатар келесі сабаққа қандай сұрақтарың бар дегенде Мерей деген оқушым «Үкімет тағы да қандай қызметтер атқарады?» деп сауал жазыпты. Міне мен осы сұрақты күтіп едім. Мерей деген дарынды оқушымның осындай кері байланыс жасап маған сұрақ қойғанына қатты қуандым.
Сабақта не сәтті өтті?
Осы сабағымдағы жеткен жетістігім оқушының маған деген сұрағының болғаны.
Сабақта не сәтсіз болды?
Сәтсіздігім дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасағанда оларға берілген деңгейлік тапсырманың дұрыс болмауы болды.
Екінші тізбектелген сабағымның тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер» деп аталды. Өткен сабақта жіберген қателігім бойынша жұмыс жасау үшін осы сабақтың өне бойына тырысып бақтым. Қандай деңгейлік тапсырмалар беруге болады? Қандай тапсырма берсем дарынды оқушыларды одан әрі дамыта аламын? деген секілді сұрақтардың төңірегінде жұмыс жасадым.Топтық жұмысты да жақсы ұйымдастыру үшін,оқушыларды үнсіз қимылмен 3 топқа бөлдім. Сосын оқушыларды алдымен бағалаудың түрімен таныстырып кеттім. Әрі қарай үйге берілген тапсырма «Эссе» болатын. Эссені барлық оқушылар оқып шықты. Үй тапсырмасы тексерілген соң әр оқушыға формативті бағалау ретінде өзім ынталандыру сөздерін айтып отырдым, мысалы «Жарайсың!», «Жақсы жазылған», «Әдеби тілмен, көркем сөзбен жазылған» және қалған оқушылардың көзқарастарын сұрап отырдым. Эссе сендерге ұнады ма? немесе Қандай ұпай қояр едіңдер? Өзгеріс енгізер ме едіңдер? деген секілді. Оқушылар бұл сұрақтардың барлығына да өз ойларын айтып. Бұл , «Әдемі жазылған, бізге ұнайды» деген сияқты мақтау сөздерде айтып жатты. Осы жұмыс барысында мен формативті бағалау мен сыни тұрғыдан ойлауды ықпалдастырдым деп ойлаймын. Осы кезде мен нұсқаулықта берілген сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбатына үлкен пайда әкелетін дәлелдерді еске түсіріп өттім. Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай
деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.5
Осы дәлелдемелерді пайдалана отырып, оқулық бойынша мәтіндер бөліп бердім, бірінші топ мемлекеттік ту туралы оқыса, екінші топ мемлекеттік елтаңба, ал үшінші топ мемлекеттік гимн жайында оқыды. Оқып болған соң өз топтарында талқылады, пікір алмасты,диалогтік қарым-қатынас құрды. Жеке-дара, жұппен топпен жұмыс жасады. Осы мәтінмен жұмысты жасағанда оқушылардың өздері мәтінді оқып, талдауы жақсы нәтиже беретініне көзім жетті. Оқушыларға 2-сыныпта өткендеріңді еске түсіріп, дәптерлеріне 1-топ туды, ал екінші топ елтаңбаны суреттеп жазыңдар деп тапсырма бергенімде 1-топта отырған Диас деген дарынды оқушым дәптеріне елтаңбаны бейнелеп жазып жатып, «Ортасындағы күннің суреті ме әлде шаңырақ па?» деп маған сұрақ қойды. Менің жауабымды күтпей-ақ Жанар деген оқушым «шаңырақ» емес пе деп жауап бердім. Жанардан мұндай алғырлықты күтпеп едім.Жарайсың Жанар! деп осы кезде мақтап жібердім. Және осы тапсырма бойынша ақпаратты технологияны пайдалана отырып, слайдпен қосымша материал көрсеттім. Бұрынғы сабақтарымда сенікі қате, сенікі дұрыс деп ауызбен айтып бағалай салатынмын, енді осы жолы оқушылар тудың, елтаңбаның суреттеріне қарай отырып, өз қателіктерін өздері тауып, қаншалықты дұрыс, қаншалықты қате екенін іштей біліп отырды. Осы сабақтың ой толғаныс кезеңінде манағы бірінші сабақта жіберген қателігімді түзету мақсатында дарынды оқушыларға семантикалық карта берілді. Қалған оқушылар «Сәйкестендіру тестін» белгіледі.Берілген сәкестендіру тесті де, семантикалық карта да бір жағынан оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік туғызды. Сабақтағы оқушылардың белсенділіктерін критерийлер арқылы бағаладым. Кері байланыс кезінде оқушыларға смайликтерге арнап жазылған сөздер тараттым. Сол сөздерді белгілеп оқушылар маған кері байланыс жасады және барлығына да сабақтың ұнағандығы мені шаттандырды.
Үшінші тізбектелген сабағымның тақырыбы : «Қарулы күштер» деп аталды. Енді бұл сабақта оқушыларға ашық сұрақтар қоюға және осы сабақта оқушылардың қарулы күштер жайлы білімдерінің аз болатындығын ойлай отырып, қосымша материал беруді де жоспарыма кіргіздім. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға тырыстым. Сабақта өзім көшбасшылық жасай отырып, сыни тұрғыдан ойлата отырып, ББҮ кестесін толтыртудан бастадым. Бұл кестені оқушылар бар ықыластармен толтырды. Оқушылардың кестенің бірінші бөлімін толтырту үшін «Қарулы күштер жайында не білесіңдер? Қарулы күштер дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ қойдым. Мен бұл сұрақты қою арқылы оқушыларға түрткі болдым деп ойлаймын. Бірақ оқушылардың қарулы күштері жайлы білімдерінің аз болғандығы сабаққа жетерлік кедергілер келтіретінін сездім.Ал екінші кестенің бөлігін толтырғанда оқушыларға «Осы сабақ бойына не білгілерің келеді? Қандай мәліметтер қызықтарды?» деп ой тастадым. Сонда оқушылардың бүгінгі сабақта көп білгісі келетіндерін оқыған кезінде білдім.Осы кестені жазып болған соң оқушылар кестенің үйрендім деген бөлігін толтыру үшін мәтінмен танысты. Тағы да байқағаным оқушылардың мәтінді өздері оқып, талдап бір-біріне түсіндіргені дұрыс болатынын алдыңғы сабақтарда көзім жеткен болатын. Оқушылармен түсінгендерін тексеру үшін бір-бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түсіп басқа топтарға түсіндіріңдер деп тапсырма бергенімде, Асылхан деген оқушым да үндемей отырғанымен кей кезде ұтымды ойлар айтып мені таң қалдырып жатты. Сонымен қатар осы сабақта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау мүмкіндіктерін тексеру үшін, талантты оқушыларыма бес жолды өлең жазуға тапсырма бердім. Тапсырма бойынша Мерей, Диас деген дарынды оқушыларым мен ойлағаннан да артық нәтиже көрсетті. Сабақта кездесетін кедергілерді жою үшін дайындаған сабақта АКТ модулін пайдалана отырып, слайдпен көрсететін материалдарым да оқушыларға көп көмек берді.
Төртінші сабағым: «Қазақстан халқы» деп аталды. Бұл сабақта оқушыларға өзім көшбасшылық жасай отырып, «Ыстық микрафон» ойынын өзкіздім.Бұл бір жағынан психологиялық дайындық болса, бір жағынан диалогтік қарым-қатынас жасау және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Үйге берілген тапсырма сурет салуға берген болатынмын.Суретті қарулы күштер тақырыбына арнап салу керек болатын. Осы жұмыс бойынша мені Ерасыл, Роман сияқты оқушыларым таң қалдырды.Салған суреттері тақырыпқа сай,олардың бұрын бұндай жауапкершіліктері барын білмеппін. Мен тек сыныпта Диас деген дарынды оқушымның суретті жақсы салатынын білетінмін,ал бүгінгі жағдай мен үшін өте қуанышты жайт болды. Осы сабақта жаңа мәтінмен жұмыс жасамас бұрын әр түрлі ұлт өкілдеріне сай «Ұлтың кім?» ойынын ойнатқан болатынмын. Бұл ойында оқушылар өздерінің білетін ұлттары жайлы айтады немесе биін,әнін,салт-дәстүрін айтып көрсетеді. Бұл ойында көшбасшы болған Мерей деген дарынды оқушым болды. Қазақтың қара жорғасын билегенде барлық оқушылар шапалақтап,бәрі өздерінің қазақ екенін бір рет болса да бойларынан өткізді. Осы сабақта Роман деген оқушым да өзінің ұлты орыс екенін айтып, орыс халқының меркелерін айтып өтті. Осы оқушым тәжірибе сабақтарымда көптеген қырынан танылып, мен білмеген өнерін көрсетіп жатты. Мысалы: ұялмай сөйлеуге үйренді, ашылды, достарымен бірігіп жұмыс жасайтын болды. Топпен жұмыс жасағанда оқушылармен араласып жатқанын байқап жүрдім. Мәтінді оқып,оның мазмұнын түсінген соң оқушыларды елімізде тұратын ұлттарды постерге суретін салуды тапсырдым. Сонда менің оқушыларым үлкен Қазақстанның картасын салды. Диас деген оқушым картаның балықтың пішініне ұқсайтынын да айтты. Диастың көшбасшылығымен карта салып, еліміздегі тұратын ұлттардың атауларын жазды. Осы жұмыс барысында менің орта мерзімдік жоспарға жазған оқудағы кедергілерімнің ішінен өзім ойлаған тосқауыл кездесті. Яғни,оқушылар ұлттардың атауымен мемлекеттің атауларын шатастырды. Бұл тосқауылды жоспарлағандай жеңуге тырыстым. Бұл жұмыстың түрі оқушылар үшін қызық болды. Сонымен қатар оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатымен дарынды оқушыларға «Ұлттар достастығы» деген тақырыбында эссе жазуға тапсырма бердім. Сыныптағы қалған оқушыларға дәптерлеріне қанша ұлт өкілдерін біледі,сонша ұлттардың атауларын жазуға тапсырма бердім. Берілген тапсырмаларды оқушылар шамасы жеткенше орындап, өзара бағалап та жатты.
Осылай әр сабағымды оқушылардың білімін көтеруге үлес тигізе алатындай, қызығушылықтарын ояту мақсатымен құрып,өткізіп отырдым. Қолданған әдіс-тәсілдерімді орынды пайдаланып, мұқият қарай отырып жоспарлауға тырыстым. Осы тәжірибеден өту барысында оқушыларымның біраз қырларын байқап,жан-жақты аша білдім. Сөйлемейтін, топта жұмыс жасағанда бөлектеніп отыратын Романның өзі де сөйлеп, әдемі смайликтер алу үшін қалыспай, жақсы баға алуға тырысты. Менің оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл модулін таңдауымдағы себептердің бірі сыныбымдағы төмен деңгейлі оқушылардың ашылуына, сөйлеуіне, топта жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу болатын. Сонымен қатар барлық сабақтарымда да оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл дилогтік оқытуды дұрыс қалыптастыруға және басқа да модульдермен ықпалдастыру жолында жұмыс жасадым. Сабақтардың барлығын да беріп болған соң курстың маған да, алдымдағы оқушыларыма да пайдасын зор екендігін түсіндім.
Болашақта осы аталған жеті модульді барлық сабақтарыма дұрыс ықпалдастырып, оқушылардың білім деңгейінің өсу жолында еңбек етемін. Және алдымдағы әр оқушыма өзіндік «мені» бар, пікірі бар жеке тұлға ретінде қарай отырып, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастырамын деп ойлаймын.

Пайдаланылған сілтемелер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-41 беттер
 
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.