Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау жолдары » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау жолдары

Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау жолдары

27-03-2015, 15:41
Автор: Бакытжан
Қарау саны: 3537
Пікірлер: 0
Версия для печати
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Талап негізгі мектебінің 
бірінші деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Билялова Бақытжан Балтабаевна

Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау жолдары 
"Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" дегендей мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады.  Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталады 
«Тәжірибелік даналыққа тек тәжірибеде жүрген, өз тәжірибесіне негізделген, асқан шеберлік стандарттарына қол жеткізуге талпына отырып, жекелеген жағдайларда игіліктің тиісті қалпын бере алатын дана және орынды ойлар білдіру қабілетін дамытатын адамдар ғана ие бола алады» деп атап өтті. (Carr, 2006). Оқыту оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылатыны белгілі. Ендеше, мұғалімінің сабақта өз тәжірибелерін жетілдіруге арналған жұмыстары оқушының мақсат, мүдделерін айқындайды. Жаңаша оқытуда жеті модульды ықпалдастыра отырып оқыту, оқушының қызығушылығын арттыру болып табылады.Қандай жұмыс болсын жоспарлауды қажет етеді. Ал білім берудегі жоспарлау мұғалім үшін маңызды. Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек. Сонымен жұмысты жоспарлауды алдымен оқытудың негізгі мақсатын анықтап алудан бастаймыз.Оқу мақсаты нақты, айқын түрде келтірілген оқу нәтижелері арқылы көрсетілуі керек. Оқыту нәтижелері оқушылардың әрекеттері арқылы құрастырылады. Мұғалімнің алдында тұратын сұрақ: 1.Оқыту үшін қандай тақырыптар мен іс -әрекеттер реті қажет және оқушылардың оқып үйренуіне септігін тигізу үшін оны қалай ұйымдастырдыңыз?
2. Мұғалім қолданатын оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері
Әр сабағыңыз үшін белсенді оқуды ынталандыратын оқыту әдістерін дайындадыңыз ба?
3. Тақырыпта үйренудегі кедергілерді жеңу
Өзіңіздің сабағыңызда оқушылардың тақырыпты оқып-үйренуі үшін қандай қолдау жұмыстарын жоспарладыңыз?
4. Оқу нәтижесі
Оқушылардың (кейбіреуі немесе барлығы) сабақтар соңында нені біліп шығады, ұғынады немесе істей біледі деп үміттенесіз? Сіздің оқудан күтетін нәтижелеріңіз сыныптағы оқушылардың жасы мен деңгейіне сәйкес келе ме?
5. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау
Оқушылар тақырып бойынша не біледі? Оқушы қазіргі кезде оқып жатқан тақырыпты одан әрі қалай оқытуды жоспарлап отырсыз? Сабақ соңында Сіз жоспарлағанды оқушы қаншалықты меңгергенін қалай біле аласыз? Оқушыларға қалай оқып-үйренуді білу үшін қандай бағалау тәсілін қолданасыз? 
6. Барлық оқушыларды сабақта жұмысқа тарту
Барлық оқушылардың сабаққа қатысқанын қалай білесіз (дарынды балалар, басқаларға қарағанда шапшаң оқушылар, ерекше немесе арнайы білімді қажет ететін оқушылар)?
7. Негізгі дереккөздер
Сізге сабақ барысында қандай дереккөздер мен құралдар қажет болуы мүмкін? 
Сонымен өзім сабақ беретін 5-сыныптың қазақ тілінен тізбектелген сабақтар топтамасындағы "Синонимдер" тақырыбын жоспарлауда сабақтың жалпы мақсатын мынандай түрде алдым: Оқушыларға синоним сөздің емлесін мысалдар келтіру арқылы ережесін өздеріне анықтату, сөздердің лексикалық мағыналарын ажырата алуға үйрету, ойлау. пайымдау қабілеттерін дамыту.
Міндеттер: 1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;
2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту; 
3. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдау;
4. Ұжымдасып бірлесе жұмыс істеу.
5.Грамматикалық сауаттылыққа баулу.
Мұғалім үшін бұл жұмыстан күтілетін оқу нәтижелері мынандай: оқушылар сабақ аяқталғанда синонимдерді мысал ішінде ажырата алады. Синонимдік қатарлар құра алады. Берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз деңгейлері бойынша кластер, тапсырмалар орындайды Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді. Сабақты сыныпта психологиялық ахуал туғызудан бастадым. Келесі бөлімді " Адасып қалған сөздер " деп атадым. (Тақтада шашырай берілген сөздерді оқушы өз ойымен мағынасының жақындықтарына қарай бөліп жазады.)
Әсем,бала,келбетті,жазық, көркем,сәби,тегіс,перзент,ажарлы
Әсем,келбетті, көркем, ажарлы
Бала,сәби,перзент
Жазық,тегіс. 
Берілген мысалдарға қарай отырып,оқушылар синоним сөздердің ережесін анықтайды. ББҮ кестесінің бірінші бөлімін толтырады. Топтарға мысалдар жазылған парақшалар таратылады.
Ι-топ : Абырой да. бақ та. атақ та, даңқ та- бәрі осы егісте.
ΙΙ-топ: "Қырық өтірік "ертегісіндегі Тазша бала- өжет, тапқыр, шешен әрі ақылды кейіпкер.
Оқушылар топпен ақылдаса отырып мысалдардан синонимдік қатарларды табады, олардың бір ғана сөз табынан болатынын дәлелдейді. (Оқушылардың аздығына байланысты сыныпты екі топқа бөлдім)
Сабақта АКТ пайдаланылады. Тақтада қой бағып жүрген адамның суреті көрсетіледі. оның кім екендігі сұралады. Оқушылар: қойшы, шопан, бақташы деп жауап беледі.
- Қойлар қайда жайылып жүр? Оқушылар: өрісте, жайылымда деп жауап беледі.
Омоним мен синоним сөздерді салыстыруда Венн диаграммасын толтырады.
Тақырып бойынша қателерін түзетеді, жинақтайды, толықтырады.
Берілген бағалау парағына топ басшылары өздерінің бағалауы бойынша бағаларын қояды. Бағалау парағындағы ұпайлар есептеледі. 
Әр топ бір бірін түстер арқылы бағалау парағына критериилер бойынша баға берді.
Қорыта келгенде , сабақтың тиімді жоспарлануы, біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Екіншіден, әр оқушының қарапайымнан күрделі тапсырмаларға көтерілуіне толық жағдай жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
2. Ж.Қ.Балтабаева. Қазақ тілі( дидактикалық материалдар) "Алматы кітап", 2010.




Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.