коучинг жоспар » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

коучинг жоспар

6-03-2016, 13:01
Автор: Сагитова
Қарау саны: 1300
Пікірлер: 0
Версия для печати
Тренинг « Шаттық шеңбері» Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық Уықтар боп иіліп Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық. Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. 1. «Танысу» жаттығуы: Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді. ІІ.Топқа бөлу От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу (2 мин) Суреттер арқылы Топ мүшелеріне мінездеме От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанатын ата-аналар. Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар ата аналар Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ. Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар. Видео көрсетіледі Талдау (ата-аналар өз ойларын айтады) ІІІ. «Ротация әдісі» -Топтық жұмыс. (постер қорғау) 4 топқа тақырып беріледі 1 топ Баланың сапалы білім алуы үшін ата ана тарапынан жасалатын жағдайлар? 2топ Бала үшін мұғалім мен ата ана арасында қандай байланыс болуы керек? 3топ Бала тәрбиелеуде ата ананың ықпалы қандай? 4топ Тәрбиешімен қаншалықты тығыз байланыстасыз? Әрекеттеріңіз қанадй? ІY Ситуациялық сұрақтар: (Берілген каропкадағы сұрақтарды үйлестіру) Берілетін сұрақтар: 1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым түседі.. Не істейсіз? Сіздің әрекетіңіз қандай? 2. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді немесе үй тапсырмасын орындамайды. Сіз кімді кінәлайсыз? Тәрбиешіні ме? Жоқ әлде балаңыз тарапынан кінә табасыз ба? 3. Балаңыздың жағдайы туралы мектепке келдіңіз. Бірақ сынып жетекші сізді немқұрайлы қарсы алды,сіздің әрекетіңіз? 4. Балаңызда ІІІ тоқсанда тек алгебра сабағынан «3» шықты. Кінәні кімнен іздейсіз? Этюд сабағын қадағалайтын тәрбиеші ме, сыныптың білім сапасын бақылайтын сынып жетекші ме, жоқ әлде баланың немқұрайлығы ма? Сіздің әрекетіңіз? 5. Балаңыз сыныпта құрбыларымен тіл табыса алмай жүр. Осындайда сіздің әрекетіңіз қандай? 6. Ұлыңыз үйге келгенде көңілсіз келеді. Мектепке барғысы келмейтінін айтады. Сіздің әрекетіңіз? 7. Мектептегі ата-аналармен өтетін іс-шаралардың қаншалықты маңызы бар? Ұлыңызға ата анасымен өтетін іс шаралардың әсері бар ма? 8. Соңғы кездері бала күрт өзгерді,жақындарымен аз қарым-қатынаста болады,үндемейді,ұзақ ойланып отырады. Барлық сұрақтарға қырсығып жауап береді, немесе мүлдем кетіп қалады. Ата аналар баланың қиналып жүргенін байқайды. Мұндай жағдайда не істеу керек? «Оқушы үні» (Ата аналар өзінің ұлының туындысын табуға тырысады) «Үй,жол,жылан,бокал,шалбар және орамал» диагностикасы Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар. Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек. Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі. Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтылады: Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді. Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық. Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам. Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді. Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы. Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді. Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз. Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз. Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді. Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны. Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз Кері байланыс парағы беріледі. Кері байланыс: «Ашық айтсам...» жаттығуы Коучингтің жүргізілген күні ______________ Менің есімім ___________________________________ Менің коучинг барысында түйгенім Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе? Бәрінен де маған ұнады Ұсыныс_________________________________________________ Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз? _________________________________________________________________ Қолы__________________ Кері байланыс: «Ашық айтсам...» жаттығуы Ашық айтсам...» Коучингтің жүргізілген күні ___________________ Менің есімім ___________________________________ Менің коучинг барысында түйгенім Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе? Бәрінен де маған ұнады Ұсыныс_________________________________________________ Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?-------------------------------------------- Қолы--
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.