DataLife Engine > Все новости / Физика > Сызықтық спектрлер

Сызықтық спектрлер


16-10-2016, 23:29. Разместил: bilimtime

ШҚО

Абай ауданы

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Физика-информатика пәнінің мұғалімі: Мухатова Лайла Шалабаевна

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық спектрлер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Атомның ядролық үлгісімен Резерфорд тәжірибесімен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша сызықтық спектрлермен танысамыз. Неліктен кванттық теория бойынша жарықтың интенсивтігі өте аз болғанда, флуктуация бақылануы тиіс?

  1. Жарық табиғатына деген көзқарас қалай дамыды?
  2. Жарықтың толқындық қасиеті қандай тәжірибелерде айқын байқалады?
  3. Жарықтың кванттық қасиеттері қандай құбылыстарда байқалады?

V. Жаңа сабақ

Егер газ жанарғысының солғын жалынына кәдімгі ас тұзының ерітіндісіне батырылған асбест кесегін ұстайтын болсақ, спектроскоп арқылы зорға байқалатын үздіксіз спектрдің үстінде жарқыраған сары сызықты көреміз (1-суреттің 2-жолағы).

5цвет

1-сурет. Шығару спектрлері: 1-тұтас; 2-натрийдің; 3-сутегінің; 4-гелийдің; Жұтылу спектрлері: 5-күннің; 6-натрийдің; 7-сутегінің; 8-гелийдің.

Бұл сары сызықты жалындағы ас тұзының молекулалары ыдырағанда пайда болатын натрий буы береді. Жаңа айтылған түсті жапсырмада сутегі мен гелийдің де спектрлері көрсетілген. Олардың әрқайсысы - жалпақ қоңырқай жолақтармен бөлінген, жарықтылығы түрліше түсті сызықтардың жолақтары. Мұндай спектрлер сызықтық спектрлердеп аталады. Сызықтық спектрлердің бар болуы - заттың тек әбден белгілі бір ұзындықтағы толқыңдар (дәлірек, белгілі өте жіңішке спектрлік интервалдарда) шығаратынының айғағы. Сендер 2-суреттен сызықтық спектрдегі толқын шығару интенсивтігінің спектрлік тығыздық шамасын көріп отырсыңдар. Әрбір сызықтың шекті ені бар.

Сызықтық спектрлерді газ күйіндегі атомдық (бірақ молекулалық емес) барлық заттар береді. Бұл жағдайд іс жүзінде бірімен-бірі өзара әсерлесетін атомдар жарық шығарады. Бұл - спектрлердің ең іргелі, негізгі түрі.

Дараланган атомдар қатаң белгілі ұзындықтағы толқын шығарады. Әдетте сызықтық спектрлерді бақылау үшін жалындағы зат буларының жарқылы немесе зерттелетін газ толы түтіктегі газ разрядының жарқылы пайдаланылады.Атомдық газдың тығыздығын арттырғанда кейбір спектрлік сызықтардың ені ұлғаяды және, ақырында, газ өте жоғары сығылған кезде атомдардың өзара әсерлесуі едәуір болып, бұл сызықтар бірін-бірі жауып, тұтас спектр түзеді.

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. Қандай тәжірибелер атом құрылымының күрделі екенін көрсетеді?
  2. Сызықтық спектр дегеніміз не?
  3. Сутегі спектрінде қандай сериялар бар?
  4. Атомның қандай күйлерін стационар күйлер деп атайды?
  5. Энергетикалық диаграмма деген не?

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

1.Есептер шығарту.

VIІI.Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §7.1


Вернуться назад