24 қадамда даму » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

24 қадамда даму

19-01-2015, 21:50
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1038
Пікірлер: 9
Версия для печати
24 қадамда даму
Сіз өзіңізді үнемі дамытуды қалайсызба? Өзіңізді үнемі жетілдіріп, күндеріңізді тіпті бір минутыңыздың өзі босқа өтпей жемісті болғанын армандайсызба? Онда мына кеңестер сондай адамдарға арналады.

Психология: 24 қадамда даму

1 Күнде кітап оқыңыз. Кітап- миыңызды дамытып, өміріңізді бағалап, қортынды шығаруға үйретеді. Көп оқыған сайын біліміңіз артыумен қатар сіздің барлық біліміңіз жүйелене түседі. Басқаша айтқанда информацияңыз тиянақталып анықтала түседі.

2 Жаңа тіл үйреніңіз. Жаңа тіл үйрену деген жаңа мәдениетпен танысу деген сөз.

3 Айналысатын сүйікті ісіңізді(хобби) жаңартып отырыңыз. Әдетке айналған істердің сыртында, жаңа нәрселермен айналысуды қызықтай бастаңыз. Жаңа дүние үйрену, жаңадан төзімділіктің, тәжірбенің артуы пайда болып, басқаша ойлауға тәрбиелейді.

4 Жаңа курстарға жазылыңыз. Өзіңіздің қалаған ұнататын курс секцияңыз барма? Бұл уақытыңызды босқа өткізбей нәтижелі іс атқаруға итермелейді. Көп уақыт болу міндет емес ең маңыздысы естен кетпес естелікпен, жақсы тәжірбе жыйнақтау.

5 Қорқынышқа қарсы төтеп бер. Адам басы қорқыныш болады. Күтпеген жағыдайда пайда болатын қорқыныштар, көптің алдында сөз сөйлеуден қорқу, қандайда бір күтпеген жайт болып қалама деп қорқу т.б біздің өсіп жетілуімізге кері әсерін тигізеді.

6 Өзіңіздің дәрежеңізді тексеріңіз. Әр бір адам қандай бір іске икемі болады. Ал барлық сала бойынша өзіңізді дамытыңыз. Басқаша айтқанда барлық салаға икемді болуға тырысыңыз.

7 Ерте тұр. Таңертең ерте тұрып үйреніз. Еңбекқор адам ешқашан түс ауғанша жатпайды.

8 Жаттығу үнемі жасаңыз. Белсенді өмір сүру тек оқу, жұмыс ғана емес белсенді жаттығуды да қажет етеді. Аптасына 2-3 рет спортпен шұғылданыңыз.

9 Өзіңіздің болашақ өміріңізді жоспарлап жазыңыз. Болашақта кім болғыңыз келетінін, 5 жылдан соң қайда, қанша ақшаның кірісін тапқыңыз келетінін жоспарлап жазып қойыңыз. Сосын жазғаныңызға күнде қарап қалай сол жоспарға жетуге болатынын ойлап, әрекет етіңіз.

10 Үйреншікті болған ортадан кетіңіз. Нағыз жетістік табанды еңбектердің қызып тұрған ортасында пайда болады. Тыныш жатқаннан жетістікке жету сирек. Сол себепті бұрын айналысып көрмеген іспен айналысыңыз. Мүлде барып көрмеген ортаға барыңыз.

11 Сыналып көріңіз. Бәсеке, сайыстарда сыналу адамды шыңдай түседі. Тіл үйреніп жатқан болсаңыз айында қанша сөз жаттағаныңызды, арықтағай жүрсеңіз қанша салмақ тастағаныңызды тексеріп отырыңыз.

12 Басқаның ойын тыңдаңыз. Адам өз кемшілігін байқамайды. Ал кемшілігімізді айналамыздағы адамдар жақсы байқайды. Сондықтан мүмкін болса басқаның пікірін тыңдап жүріңіз.

13 Істейтін жұмысыңызды жоспарлап жүріңіз. Жоспарсыз жұмыстау көбінде жұмыстың тез бітуіне себін тигізгенмен, кейде нәтижелі істеу аз болады. Күн сайын жатардың алдында немесе жұмыстан шыққан соң ертең істейтін шаруаңызды жоспарлап істеуге әдеттеніңіз. Сол жоспарыңызды тиянықты мүмкін болғанша нәтижелі атқаруға тырысыңыз. Ең бастысы жоспар бойынша жүруді ескеріңіз.

14 Өзіңіздің осал тұстарыңызды түзеңіз. Кісі басы осал тұс болады. Осал деп есептейтін қырыңызды қағазға тізіп жазып, бір-бірден қандай осал тұсын қайтіп жоюға болатынын ойлаңыз. Біраз уақыттан соң өзгеріп шығасыз. Сеніңіз!

15 Сізді таңқалдыра алатын адамдардан үйреніңіз. Сізді кім таңқалдыра алады? Сол адамда сіздің өзіңіз үйренуге
құлшынып істегіңіз келіп жүретін істерге шыдамдылығы толық бар. Ол кісіде қандай мінез-құлық бар сізді тамсандыратын? Оны қалай өзіңіз үйренесіз?

16 Жаман әдеттен аулақ болыңыз. Арақ, темекі т.б жақсы білес
іздер оны.

17 Әдеттеріңізді жаңартыңыз. Ерте тұру, кітап оқу, күнсайын жаңа сөз жаттау, жаңа достар табу сияқты өзіңізге пайдалы әдет қалыптастырыңыз. Дұрыс қалыптасу яғни жақсы әдет адамның жетістігіне көп үлесін қосады.

18 Теріс пыйғылды немесе жаман әдетті адамдардан аулақ жүрген абзал. Қай жерде болмасын теріс энергиялы адам көп болады. Шама келгенінше олармен алыстан сыйласыңыз.

19 Қиын адамдармен қатынасуды үйреніңіз. Сөйлесуге қаншалықты қиын болғанмен қатынас үзуге болмайтын адамдары да болады. Мысалға: мектепте, жұмыста, т.с.с жерлерде. Олар сіздің жүйкеңізге тиседе, олардың көңілін тауып қатынасуды үйреніңіз. Олармен қарым-қатынас жасай білсеңіз, болашақта кез келген адаммен еркін сөйлесе аласыз деген сөз.

20 Күнделік жүргізіңіз. Күнделік жазу өзіңізді тексерудің жақсы жолы. Өзіңе кездескен жағыдайды, қаншалықты дұрыс шешім шығарғанды, қандай нәтиже шыққанын, бұл сұрақ жайлы 3-ші адамның қандай көзқараста болғаны деген сияқты өзіңнің біліп алған, тәжірбе жыйнақтаған нәрселерді жазып белгілеп отыру, сізді бір қалыпты болуға көмектеседі.

21 Шахмат ойнап үйреніңіз. Ақыл ойды дамытатын ойындарды ойнап үйрену, өмірге қажет көп стратегияны үйретеді екен.

22 Бір айды сынақтың ай етіңіз. Бір ай ішінде жоспар құрыңыз. Мысалға: 5 кг жоғалтам, том-том кітап оқимын деген сияқты.

23 Өткеніңзді ұмытыңыз. Егер сізде келеңсіз жағыдай болған болса, немесе біреумен ренжіскен сияқты өткен оқиғалар барма? Болса барлығын ұмытыңыз. Олар сіздің алға жүруіңізге бөгет болады. Өткенді ұмытып, кешірімді болыңыз.

24 Күнде өзіңізді дамытатын мақала, баяндамаларды міндетті түрде оқып жүріңіз.

http://blogtime.kz/psihologia/24-kadamda-damu.html
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (9)
Пользователь offline Офлайн гулмира дияшева 24 қаңтар 2015 19:21
сертификатты калай аламыз материал кетти
[reply]Ответить[/reply]          1
Пользователь offline Офлайн Гульзада Мергенгалиевна 5 ақпан 2015 00:35
Адамға алға қарай ұмтылыс жасауға жақсы кеңестер екен. Рахмет
[reply]Ответить[/reply]          2
Пользователь offline Офлайн anara0406 5 ақпан 2015 13:21
Сертификат не себепті берілмей жатыр? 3 материал жарияланды сайтта...
[reply]Ответить[/reply]          3
Пользователь offline Офлайн Emiliotic 10 ақпан 2017 15:52
Надеюсь я дам вам полезную информацию
-----

шиномонтаж цены
[reply]Ответить[/reply]          9

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.