Жаралы торғай » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Жаралы торғай

18-12-2016, 21:57
Автор: bilimtime
Қарау саны: 537
Пікірлер: 3
Версия для печати

Жаралы торғайФ. Оңғарсынова атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Бекбосынова Алтын

Сабақтың тақырыбы: Жаралы торғай

Сілтеме: Ана тілі 4 сынып.

Жалпы мақсаты: Ақынның өмір жолына тоқталу. Өлеңнің көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау, негізгі идеясын ашу.

Міндеттері: Білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын арттыру және қоршаған ортаға ,қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне тәрбиелеу.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері: Мұғалім оқуға бағыттап отыру. Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу.

Сабақта туындалатын негізгі идеялар:Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырыпты меңгерту.Оқушылардың өмірден байқағандарын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру.

Сабақтың жүрісі

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау, оқушыларды түгендеу.

 

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз – білім алу.

Міндетіміз – еңбектену.

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.

Оқушыларды топқа бөлу. (3 топ)

1) Тапқырлар 2) Ойшылдар 3) Өнерпаздар

(Бағалау критериясын айтып кетемін)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өлең қай жыл мезгіліне арналған?

Өлеңде нені суреттейді?

III. Жаңа сабақ:

Қызығушылығын ояту.

Құстың даусын тыңдай отырып, қандай құс екенін айту.

-Торғай қайда тіршілік етеді?

-Ол немен қоректенеді?

-Оның қандай пайдасы бар?

Бүгін міне торғай туралы әңгімелей отырып, Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» өлеңімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын және тақырыбын жазыңыздар.

ІV. Ассациация құру.

«Пікірлер ағашы»

Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 5 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. Ол қырыққа жуық кітаптың авторы . «Таң өлеңдер» жинағы Мәскеуде жарық көрген.

Өтебай Тұрманжановтың шығармалары негізінен балаларға арналған.

V.Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:

Оқушылардың өздеріне тізбектей оқыту.

 

VІ.Топпен жұмыс.

I топ Торғайдың не үшін ән салуға зауқы болмады?

II топ Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?

III топ Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?

VІІ.Ой қозғау

«Жаралы» сөз мағынасын түсіндіру.

Есіңде болсын

Табиғаттағы барлық тіршілік иесінің өзіндік пайдасы болады.

VІІІ.Сергіту сәті.

Қане қанат жаяйық,

Ұшқан құсқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

 

Дәптермен жұмыс

Тапсырма:

Өлеңнің төртінші шумақтағы теңеу сөздерді теріп жаз.

-Теңеу дегеніміз не?

Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.

Құндыздай- бағалы аңның терісіне, жүніне теңеп тұр.

Қорғасындай- торғайдың көзіндегі мұң қорғасын салмағындай ауыр.

 

ІX.Шығармашылық жұмыс.

I топ. 5 жол өлең.

II топ. Өлең мазмұны бойынша сурет салу.

III топ. Өлең желісі бойынша эссе жазу.

 

Видео (табиғат туралы)

Табиғат туралы әңгімелеу.

Атпау

X.Топтастыру.

 

 

Қорғау

Ұясын бұзбау

 

 


Жұмыртқасын жармау

Жем шашу

 

 

 

XІ.Қорытынды:

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.

 

XІІ.Рефлексия

Сабақ ұнады ма?

Сабақтың мақсатына жеттік пе?

Қай топ өте белсенді жұмыс істеді?

Бағалау

XІІІ.Үйге тапсырма:

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлең жолдарын қара сөзбен баяндап, жазып келу

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (3)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.