Түбір сөз және туынды сөз » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Түбір сөз және туынды сөз

Түбір сөз және туынды сөз

9-11-2016, 20:48
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1114
Пікірлер: 3
Версия для печати

Түбір сөз және туынды сөз«№9 бастауыш мектебі»

 мемлекеттік  мекемесі

Өткізген: 3 «А»сынып жетекшісі Базарбаева А.И.

    Тақырыбы: «Түбір сөз және туынды сөз»

Сабақтың тақырыбы:Түбір сөз және туынды сөз.

Мақсаты:Түбір сөз туралы түсінік беру: түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөздің туынды сөз деп аталатынын меңгерту.Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту.Сөйлеу тілін дамыту,дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі;слайд,сұрақтар жазылған кеспе қағаздар.

Әдісі: топтық жұмыс жасау,түсіндіру,сұрақ жауап.

Барысы: Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,Түгендеу.

Психологиялық дайындық: Қазақ тілі өз тілім,ана тілім,

                                             Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

                                              Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

                                          Болашағым бақытым дара тілім.

Топқа бөлу; әртүрлі суреттер арқылы топқа бөлдім.

1-топ-Түбір.

2-топ-Жұрнақ

3-топ-Жалғау

4-топ-Қосымша

Үй тапсырмасын сұрау.(кеспе қағаздардағы сұрақтарға балалар жауап береді)

Жаңа сабақ: Ребус шешу.(әр топ ребусті шешеді)

«Түбір сөз және туынды сөз» деген сөз шығады.

Оқулықпен жұмыс:

19-жаттығу .Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.(тақтаға жазу)

Жұмысшы,достық,сыйлық, талапкер,қызметкер,дойбышы,астық.

20-жаттығу.Топтық жұмыс.Сөздерді оқы,олардың қайсысы түбір,қайсысы туынды сөз.

Түбір сөздер-өнер,ек,ертең,жарыс,іс,егін,жаз.

Туынды сөз-Жазушы,сарғыш, іскер,ертеңгі,көңілді,балапан.

21-жаттығу.Дәптермен жұмыс.Мақалды оқып жатқа жаз.Мағынасын түсіндір.

Бой сергіту. (Оқушылар интербелсенді тақтадан қараап орындайды.

 

23-жаттығу. Топтық-жұмыс.Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.

24-жаттығу.Топтық жұмыс.Ойын: «Қай топ көп сөз жасайды?»

Әр топ берілген қағазға заттың атын білдіретін сөздерді,сынын білдіретін сөздерді жасайды.

25-жаттығу.Ойын: «Кім жылдам?

Үй жұмысы.
22-жаттығу. Мәтінді көшіру. Ереже жаттау.

Қорытынды: Сабақты қорытындылау.Оқушыларды мадақтау,бағалау

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (3)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.