Отбасым- өмірлік тұғыры » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Отбасым- өмірлік тұғыры

Отбасым- өмірлік тұғыры

8-11-2016, 18:33
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1325
Пікірлер: 7
Версия для печати

Тақырыбы: «Отбасым- өмірлік тұғырым»

Мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру;
3) сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Қарағайға қарап тал өсер, жанұяға қарап бала өсер».

Даналық сөз: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко т. б.

Кіріспе сөз
Құрметті қонақтар ,оқушылар ! Бүгінгі біздің сіздермен өткізетін тәрбие сағаты отбасы туралы болмақ.«Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында отбасының рөлі зор. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.Яғни отбасын мерекелі де,берекелі ұстай білген адам осы қасиеттердің бәрін өзінің келешек ұрпағынан көре алады деген ойдамын.Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласына 40 күн толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаңа 40 күн болса, онда сен тәрбиені бастауға 40 күн кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.

1.Ой қозғау: балаларға сұрақ қою.
Отбасы деген не?

Шаттық шеңбері:

(Бір біріне лентаны жалғастырып бере отырып жақсы тілектерін айту)

-Ендеше балалар біздің қолымызда қандай пішін пайда болды.

-Әрине шеңбер пайда болды

-Ал біздер отбасымыздың символы ретінде киіз үйдің шаңырағын аламыз.Осы шеңберді шаңырақ деп алып ,шаңырағымызды биік ұстап ,осындай үнемі үлкенде биік дәрежелі отбасында өмір сүрейік дегім келеді.

2.Топқа бөлу: Гүл теруге шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық оқушылар біртіндеп орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады.
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің келесі бетіне ата мен әженің,әке мен ананың,ұл мен қыздың суреттерін жапсыру. Осы үш суретке қарап топқа бөліну.

1-топ:Ата мен әже

2-топ:Әке мен ана

3-топ:Ұл мен қыз

3.Тақырыпты ашу. Киіз үйдің құрылымына жазылған сұрақтарға жауап бере отырып құрастыру арқылы тақырыпты ашу.

1.Ата деген кім?

2.Әже деген кім?

3.Сенен үлкен қыз бала саған кім болады?

4.Сенен үлкен ер бала саған кім болады?

5.Сен үйде кімнен өнеге аласың?

6.Сенің өмірдегі ең маңызды міндетің не?

7.Осы аталған адамдардың барлығы сен үшін кімдер?

ӘРИНЕ СЕНІҢ ОТБАСЫҢ

«Отбасым –өмірлік тұғырым»


4.«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»

Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?
Ендеше сіз осы жандардың орнында болсаң қайтер едің?

Әр топтан балаларды шығарып өз ойларын рольдерге бөліп ойнату.

5.Сергіту сәті:шапшаңдық мақсатында орнымыздан тұрып берілген шарларды бір бірден үрлеу.

6.Бейнежазба көрсету.

Бейнежазба көргендерін естерінде сақтау мақсатында өздерінің ойларын алдарына берілген қағазға жазу,яғни постер қорғау

7:Топқа тапсырма:

1-топ:берілген мақал-мәтелді жалғастыр.

Әке көрген оқ жонар

Ана көрген тон пішер

Ағасы бардың жағасы бар

Інісі бардың тынысы бар

Өзге елде сұлтан болғанша

Өз еліңде ұлтан бол

Ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілер.

Немере етін жеп,сүйегін қалдырады.

2-топ:жұмбақ шешу

Бір үйге көссіз боп басыңды сұғасың

Бұл үйден көреген боп шығасың.

( мектеп)

Маған да,саған да,жақын туыс- бес адам,

Оңға оқы,солға оқы,

Өзгермиді еш одан,

Бәріде өз жұртың

Кәне, кім айтады?

(Ата,ана,аға,апа,іні)

3-топ: жаңылтпашты тез арада жаттап айту

Бала бал арасын қуалады

Бал арасы баланы қуалады

Баласы шашын жібітіп отыр

Атасы насыбайын үгітіп отыр.

Апасы түбітін түте алмай

Ұрысып отыр.

Кері байланыс:

Сіздерде отбасы мүшелеріне жатасыздар. Жас ерекшеліктеріңмен мүмкіндіктеріңізге қарай отбасыңызға қандай үлес қосар едіңіздер.Әр топ өз ойларын алдарына берілген ақ қағазға жазып оқып беру және тақтаға ілінген күннің нұрына жапсыру.


Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор.

Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (7)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.