Теңдеуді шешу » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Теңдеуді шешу

19-10-2016, 23:24
Автор: bilimtime
Қарау саны: 479
Пікірлер: 0
Версия для печати

Теңдеуді шешуМұғалімі: Тайчукенова Мөлдір

Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу

Сабақтаң мақсаты:

1) Қосу және азайту амалдарымен байланысты құрылысы күрделі теңдеулерді құру және шешу жолдарын үйрену

2) Ойлау қабілеттерін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, ауызша есептеу дағдысын дамыту

3) Отанды сүюге, тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: слайд, ойын материалдары, плакат, құстардың суреттері

Сабақтың барысы:

I.Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып өлеңдерін айтады.

–Балалар , бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі бүгін сабаққа көптеген ұстаздар қонаққа келген екен. Ендеше өз білімімізді көрсете білейік. (Оқушылар орындарына отырады)

– Балалар бүгінгі сабақтан не күтесіңдер? (оқушылар орындарында тұрып, бір-біріне өлеңдерін айтады)

– Балалар , қазір жылдың қай мезгілі? (Оқушылардың жауабы)

– Иә, көктемнің басқа мезгілдерден қандай ерекшеліктері бар?

(Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату)

- Естігендерің ненің даусы?

– Дұрыс айтасыңдар, құстардың дауысы. Қазір жыл құстары өз Отанына ұшып келе жатыр. Жолда көптеген қиындыққа кездеседі. Ендеше бізде бүгін сол құстардың аман-есен аулымызға ұшып келіп, табиғаттың сәнін одан әрі көркейуіне өз үлесімізді қосайық. Ең алдымен ауыл маңына тазалық жұмыстарын жүргізейік.

(Слайдта шашылған қоқыстар көрсетіледі. Әр тапсырманы орындау арқылы қоқыстар тазарып отырады.)

II.Үй тапсырмасын тексеру.(Қоқыс жинау арқылы өлшем бірліктерді сұрау)

1. 1 мин=60 с

2. 1 сағ=60 мин

3. 1 тәул=24 сағ

4. 1 ғасыр=100 жыл

5. 1 м=100 см

6. 1 дм=10 см

7. 1 м=10 дм

8. 1 км=1000 м

Үй жұмысын қорытындылау

 

III.Жаңа сабаққа дайындық. (Ағаш отырғызу)

Қосудың компоненттерін сұрау

Азайтудың компоненттерін сұрау

 

+16 = 20 + 13 = 23 18 + = 38

20 - = 4 23 - = 13 + 18 = 20

Амалдардың белгісіз компоненттері болатын теңдіктердің қалай аталатынын еске түсірейік

Теңдеу дегеніміз не?

IV.Жаңа сабақ.

Ендеше, бүгін біз күрделі теңдеулерді шешіп үйренеміз

д/ж: Күн ретін жазу

Сан көркемдеу

Балалар біз уақыт пен ұзындықтың өлшем бірлігінен басқа тағы қандай өлшем бірліктерді білеміз? (масса) Дүкенге барғанда немен өлшеп аламыз? (таразы) Ендеше суретке зер салайық. Суретте не байқадыңдар? Сол жағында не бар? Оң жағында ше? Осы суретке қарап қандай өрнек құруға болады? Тақтаға бір оқушы шығады.

Ал енді жай теңдеуден қандай айырмашылығы бар?

Теңдіктің сол жағында не берілген?

Оң жағында ше? Қайсысының мәнін таба аламыз? (өздері шешеді)

Яғни бұл күрделі теңдеу деп аталады. Теңдеудің шешімін орнына қойып тексереміз. (гүл егу)

Егер түсінген болсаңдар әр қатардан бір – бір оқушы келіп тақтаға күрделі теңдеуді шешіп көрейік

X+45=90+7 56+x=50+20 x+26=60+4

Сергіту сәті:

«Кім жүйрік болса ойға, сол алда!»

 

Логикалық есептер:

1. 3 қозыда неше аяқ бар? Неше құлақ бар?

2. Марат Қайраттан күшті , кім әлсіз?

3. Түлкі қасқырдан қулау қайсы аңқау?

4. Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан

Екі қоян, бір түлкі,

Бәрі нешеу, кім білді?

5. Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атамның жасы нешеде?

6. Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды, ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды. Кімнің сөмкесі үлкен, кімдікі кішкентай.

7. Айдос үйдің 6-шы қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің 3-ші қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар?

 

№ 3 Жұппен жұмыс

(гүл егу арқылы)

№ 4Математикалық диктант

(Тақтаға шығарып тексеру ұя жасау арқылы)

Осы сандарды қандай екі топқа бөлуге болады? Әр топты қандай сандармен толықтыруға болады? Сол сандарды жаз.

№ 5 Сөз есеп

№6 Суретте барлығы неше сәбіз бар? Осы сәбіздерді үш қоянға тең бөліп бер. Әр қоян неше сәбіз алды? Сол сәбіздерді қояндарға үштен бөліп бер. Неше қоян сәбіз алды?

 

Жыл құстарын көрсету.

V.Бекіту:

VI.Рефлексия: - Бүгінгі сабақ ұнадыма?

Қандай есептерді шығаруда қиналдыңдар?

«Жарық жұлдыз»

VII.Бағалау.

VIII. Үйге: № 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.