ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР. Логикалық көбейту. Логикалық косу. Логикалык терістеу. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР. Логикалық көбейту. Логикалық косу. Логикалык терістеу.

ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР. Логикалық көбейту. Логикалық косу. Логикалык терістеу.

26-05-2016, 00:05
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1726
Пікірлер: 4
Версия для печати

Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты –жөні: Мухатова Лайла Шалабаевна

Сабақ тақырыбы: ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР. Логикалық көбейту. Логикалық косу.

Логикалык терістеу.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі

түсінктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге

деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау. баяндау

арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулык, практикум, тақта.

І.Ұйымдастыру

ІІ.Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже колданамыз?

2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?

4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар
орындаймыз?

5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не
істейміз?

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ЭЕМ қатысуымен шешілетін еспетердің ішінде, әдетте логикалык деп аталатын есептер де аз емес. Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың формалъды, математикалык ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Математикалық логикаформальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме-дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі информатикада жақсы меңгерілген.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауга өте қолайлы, өйткені компьютердегі негізгі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерің білесіңдер, онда екі иифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де екі; 0 және 1. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары, схемаларының жүмысы айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды.

Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейтін бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

ІҮ.Есеп. Өзеннің жағасында тұрған қайығы бар шаруаның қасқыры, ешкісі және қырыққабаты бар. Шаруа өзеннің екінші жағалауына қасқырды, ешкіні және қырыққабатты өткізу керек. Қайыққа шаруаның өзінен басқа, не тек қасқыр, не тек ешкі, не тек қырыққабат қана сыяды.

Шешуі: Ендеше, ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр қырыққабатты жемейді, ал сонан кейін қайтып келіп...

Бұл есепті компьютерде шешкенде бағдарламада шарт қолданатын логикалық операцияларды пайдалану керек.

Адамдар ақпарат алмасқандағы қатьшас түрлерінің бірі - бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақ бізді қоршаған зат әлемі туралы мағлұматтарды білу қажеттігін білдіреді. Бұл білімді біз пайымдау түрінде айтамыз. Пайымдау, әдетте тікелей бақыланатын фактілерді көрсете алады. «Күн жарқырап тұр», «Бұл тікбұрыш -квадрат» және т.с.с. Алайда пайымдауларда ойдан шығарылған обьектілер немесе әлі болып үлгермеген оқиғалар туралы тұжырымдар да айтылуы мүмкін: «Су перісі бұтақта отыр», «Бүгін жаңбыр жауады» және т.с.с. Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.

Мысалы, «Қар - ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «Тау тегіс», «2*2=5» деген - жалғанпікірлер.

Пікірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, «3+3<7», «Бүгін күн шуақты болды».

Жалпы пікірлер обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, «Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр» т.с.с.

Жалпы пікір обьектілерінің қандай да бір бөлігі үшін ақиқат, ал басқа обьектілер үшін жалған болуы мүмкін. Мысалы, «Иттер мысықтарды жақсы көрмейді» пікірі иттердің көпшілігі үшін рас, бірақ барлығы үшін емес.

Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгеніүушін рас болса. онда жалпы пікір тепе-тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «Иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.

Тепе-тең ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы. Мысалы, «а+Ь=Ь+а» пайымдауы кез келген нақты сандар үшін орынды және ол «Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді» деген арифметиканың заңын көрсетеді.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдалынып, құрамды пікірлер арқылы беріледі.

Мысалы, «Бұл оқушы ақылды және зерек» пікірі қарапайым «Бұл оқушы ақылды» жэне «Бұл оқушы зерек» деген пікірлерден тұратын құрамды пікір болып табылады.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен баска пікірлерден құрастырылганпікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды. Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулыгы әрқашан құраушы пікірлердің бәрінақиқат деп ұйғарады.

Құрамдағы пікірдегі НЕМЕСЕ жауғаулығы екі жақты рөл атқаруы мүмкін. Мысалы,

Біз бүгін саябаққа демалуға барамыз немесе бақшада жұмыс істейміз». НЕМЕСЕ

жалғаулығын «не» бөлушісімен ауыстыруға болады, «біз бүгін не саябаққа демалуға барамыз, не бақшада жұмыс істейміз», өйткені бір мезгілде саябақта демалу мен бақшада жұмыс істеу мүмкін емес,

Барлық компьютерлік бағдарламаларда және математикалық пайымдауларда НЕМЕСЕ жалғаулығы тек біріктіруші рөлде түсініледі. Мысалы, «х=0 немесе у=0 пайымдауындағы НЕМЕСЕжалғаулығы не «у=0» не «х=0», не «х=0 және у=0» дегенді білдіреді.

Математикада НЕМЕСЕжалғаулығы бар кұрамды пікірді құрайтындардың кемінде біреуі ақиқат болса, ол ақиқат деп есептеледі, ал егер оны кұрайтындардың бәрі жалған болса, ол жалған деп есептеледі.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады. Егер бастапқы пайымдау жалған болса, онда терістеу ақиқат не керсінше, егер бастапқы пайымдау ақиқат болса, онда терістеу жалған.


Егер бастапқы пайымдау жалған болса, онда терістеу акикат жэне керсінше, егер
бастапқы пайымдау ақиқат болса, онда терістеу жалған.

Логикалық операциялар

Логикалык жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады.

Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат кояды. «Айдар жазда теңізге барады» айтылымы А арқылы белгіленсін, ал В арқылы - «Айдар жазда тауға барады» айтылымы белгіленсін. Сонда «Айдар жазда теңізге де, тауға да барады» кұрамды айтылымың А жэне В түрінде қысқаша жазуға болады. Мұндағы «және» - логикалық жалғаулық, А,В - логикалық айнымалылар, олар тек екі мәнде болады: «акикат» немесе «жалған», сәйкесінше олар «0» не «1» арқылы белгіленеді.

Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалык операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

Ақиқаттық кестесі - бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы, онда кірістік операндалардың (айтылымдардың) ақиқаттың мәндерінің барлың мүмкін терулері осы терулердің әрқайсысына арналган операцияның шыгыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.

Негізгі логикалық операцияларды қарастырайық:

1.«және» конъюнкция (логикалық көбейту)

2.А және В «немесе» дизъюнкция (логикалық қосу)

3. А немесе В «емес» терістеу А емес

Логикалық көбейту

ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша соіушісііо -біріктіру), ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді деп аталады.

ЖӘНЕ операциясы «.» нүктемен белгіленеді (& белгісімен де белгіленуі мүмкін). ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалық операцияның ақиқаттық кестесі:

А

в

АжәнеВ

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

Жок

Иә

Жоқ

Жок

Жок

Жоқ

Ақиқаттық кестесінен:

Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат.

А немесе В пікірлерінің бірі немес екеуі де жалған болса, онда «А» және «В»

конъюнкциясыжалған болады,

Логикалық қосу

_______________________________ ____________________

Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция(латышда disjuncnctio - бөлу), ал операцияның нәтижесі – логикалық қосынды деп аталады.

НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен (кейде + белгісімен белгіленеді). НЕМЕСЕ логикалық операцияның ақиқаттық кестесі төмендегідей болады:

А

В

А немесе В

 

Иә

Иә

Иә

 

Иә

Жоқ

Иә

 

Жоқ

Иә

Иә

 

Жоқ

Жоқ

Жоқ

 

А немесе

В пікірлерінің

ең

болмағанда

біреуі

ақиқат болғанда, А

немесе

В

дизьюнкциясы

ақиқат. А және

В

пікірлерінің

екеуі

де жалған болғанда,

А және

В

дизьюнкциясы

жалған.

 

 

 

 

 

 

Логикалық терістеу

 

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.

 

ЕМЕС терістеу операциясының

ақицаттық кестесі:

А

А ЕМЕС

 

Иә

Жоқ

 

Жоқ

Иә

 

Бастапқы Бастапқы

пікір жалған болса, терістеу-ақиқат пікір ақиқат болса, терістеу-жалған

Жана сабаққа орындалатын тапсырмалар:

Практикумдагы 18 беттегі логикалық пайымдаулардың негізгі ұгымдарын толтыру. рактикум) 3.1,3.2,3.3,, тапсырмаларды орындату. 3.6, 3.7,3.8,3.9,3.10 тапсырмалар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Пікір дегеніміз не?

2.Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер.

3.Әдеттегі және математикалық пікірлердегі жалғаулардың рөлі қандай?

4.ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер.

5.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер.

6.Пайымдауларды теріске шығаруға мысалдар келтіріңдер.

7.Логикалық көбейту деп нені айтады?

8.Дизъюнкция дегеніміз не?

9.Логикалық терістеу деп нені айтады?

Үйге тапсырма:

Практикум: 3.4,3.5 тапсырмалар, Оқулық: 34 беттегі 4,5,6 тапсырмаларды орындау. 3 БӨЛІМДІ ОҚУ

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (4)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.