Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері. Масса ақауы. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері. Масса ақауы.

Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері. Масса ақауы.

26-05-2016, 00:01
Автор: bilimtime
Қарау саны: 650
Пікірлер: 0
Версия для печати

Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Физика-информатика пәнінің мұғалімі: Мухатова Лайла Шалабаевна

Сабақ тақырыбы: §57. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем

бірліктері. Масса ақауы. 9-сынып.

Сабақ мақсаты:

  1. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері, масса ақауы туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Нуклондардың арасындағы гравитациялық күштер және электрлік күштердің арақатынасы қандай болады?

  1. Ядролық күш дегеніміз не?
  2. Ядролық күштердің қасиеттері қандай?
  3. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру. (44-ж)

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Ядролық физикада ұзындық бірлігі ретінде фемтометр алынады: 1 фм=10-15м

2. Атомдар, ядролар және элементар бөлшектр үшін массаның бірлігі ретінде массаның атомдық бірлігі (м.а.б) қолданылады: 1 м.а.б.=1,6605406·10-27 кг.

Көміртегі-12 изотопы атомының массасының 1/12 бөлігі массаның атомдық бірлігі ретінде алынады.

3. Атом физикасында энергияның бірлігі ретінде электрон-вольт (эВ) алынады .

Заряды бір элементар зарядқа (е=1,6·10-19Кл) тең электронның потенциалдар айырымы бір вольт болатын электр өрісінде алатын кинетикалық энергиясы электрон-вольт болады.

1эВ=1,6·10-19Дж, 1кэВ=1,6·10-16Дж 1МэВ=1,6·10-13Дж, 1ГэВ=1,6·10-10Дж

Е0=mc2 (Эйнштейн қатысы) с=3·108м/с –вакуумдағы жарық жылдамдығы.

Мя<(Z·mp+N·mn)

Ядролық тарту күшінің жұмыс есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын массалар ақауы деп атайды.∆m=(Z·mp+N·mn)- Мя

Мя-ядро массасы, mp-протон массасы, mn-нейтрон массасы

Z-протон саны, N- нейтрон саны

∆m=(Z·Мн+N·mn)- Ма Мн-сутегі атомының тыныштық массасы

Ма-зерттейтін атомның тыныштық массасы

IV. Қорытындылау.

1. Ядролық физикада ұзындықтың бірлігіне қандай өлшем бірлік алынады? Ұзындықтың халықаралық жүйесіндегі бірлікпен оның қатынасы қандай?

2. Атомдық және ядролық физикада масса бірлігіне не алынады?

3. Атомдық және ядролық физикада энергия бірлігі ретінде не алынады?

4. Бөлшектер жүйесінің ішкі энергиясы мен масса өзгерімтерінің арасында қандай байланыс бар? Атом бөлшегінің массасын неге энергия бірліктерімен береді?

5. Масса ақауы дегеніміз не және оны қалай есептуге болады?

V. Есептер шығару.

VІ. Үйге тапсырма: §57. 45-ж.

VІІ. Бағалау.

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.