Жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер

Жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер

3-05-2016, 02:33
Автор: bilimtime
Қарау саны: 883
Пікірлер: 0
Версия для печати

ШҚО

Абай ауданы

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты –жөні: Мухатова Лайла Шалабаевна

Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер.

Сабақ мақсаты:

·Оқушыларға жылу берілу, жылу мөлшері ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру, калориметр құрылысы, жылулық құбылыстарды зерттеудегі калориметрлік тәжірибелердің рөлі, жылу баланс теңдеуі туралы түсінік беру.

·Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

·Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау. Сабақ түрі:аралас

Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

·Газдың атқаратын жұмысының формуласын қорытып шығарыңдар.

·Қай жағдайда газ оң, қай жағдайда теріс болады?

·Үш процесс берілген: изохоралық, изобаралық, изотермалық. Қандай процесс кезінде газдың атқаратын жұмысы көлемнің өзгерісі кезінде максимал және минимал болады?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақтың түсіндірілу барысы презентация арқылы экранда демонстрацияланады). Оқушыларға сұрақтар беру арқылы 8- сыныпта жылу мөлшері, жылу берілу туралы ұғымдар еске түсіріліп, жалғастырылады.

Калориметр–қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтіндей етіп оқшауланған денелер арасындағы жылу алмасуды бақылауға болатын аспап.

1-үлкенірек ыдыс

2-пробкалар (жылу өткізбейтін кеуек материал)

3-жұқа қабырғалы екінші ыдыс

4- жылу оқшаулағыш қақпақ.

 

Калориметр арқылы тәжірибе жүргізу.

1-тәжірибе: Калориметрге су құйып, оның массасын m 1және t 1 температурасын өлшейміз. Сосын оған массасы m2және температурасы t 2су құямыз. Біраз уақыт өткеннен кейін жылулық тепе-теңдік орнайды.

Тәжірибе барысында мына теңдік орындалады: (1)

2-тәжірибе.Массасы m 1және температурасы t 1 суға массасы m2 және температурасы t2 >t1 мыс денені саламыз. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін жылулық тепе-теңді орнайды. Бірақ енді массалар мен температуралар арасындағы байланыс басқа, (1) теңдіктің оң жағында k коэффициенті пайда болады:

(2). (3) -салқын денеің алған жылу мөлшері.

-қызған дененің берген жылу мөлшері.

Жылу алмасу кезінде қызған дененің берген жылу мөлшері салқын дененің алған жылу мөлшеріне тең болады. -жылу балансының теңдеуі.

ІV. Есептер шығару. 11-жаттығу. №4, №5, №6.

VI. Бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма: §§5.4. 11-жаттығу. №1 №2 №3.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.