Баланың бас ұстазы-ата-ана » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Баланың бас ұстазы-ата-ана

Баланың бас ұстазы-ата-ана

26-04-2016, 21:29
Автор: bilimtime
Қарау саны: 967
Пікірлер: 0
Версия для печати

Баланың бас ұстазы-ата-ана

 


Қарабалина Дина Махметқызы

Индер ауданы, Елтай ауылы,

«Қызғалдақ» мектепке дейінгі

бөбекжайының ІІ санатты

педагог-психологы

 

 

Баланың бас ұстазы-ата-ана.

 

(Облыстық ғылыми-конференцияда жинаққа енгізілген баяндама жұмысы)

Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандары біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық ой-өрісімізді өсіріп отыруға міндеттіміз. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, педагог - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі - мен биылғы жылы өз білімімді көтеріп,Астана қаласындағы «Отбасылық Тәрбиелеу Орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасындағы педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру курсынан өтіп, «Бақытты отбасы» бағдарламасының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі курсын (168дәрістік сағат) меңгеріп біраз нәрсені көріп,үйреніп келдім. Сонымен бірге балабақшадағы шығармашылық жұмысымда «Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының ынтымақтастығы» тақырыбында болатын.

Қазақ халқы «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше мән берген.Бала әкеден ақыл,анадан мейірім алады.Әке-отбасының асыраушысы,қамқоршысы тірегі болса,ана -отбасының ұйтқысы,жылуы мен шуағы, берекесі, мейір-шапағат көзі. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығайта, биіктете береді. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.Әр отбасыда өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты да,тәрбиелі болып шығады.

Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет!

Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.Міне,осы кішкене ғана эпизодтан ананың балаға айтқан тәрбиелік мағыналы сөзіне көп нәрсені аңғаруға болады. Сондай-ақ «Бала естігенін айтады,көргенін істейді» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Кішкентай бүлдіршіндеріміз ата-ананың, тәрбиешісінің, достарының мінезінен,жүріс-тұрысынан,сөйлеген сөзінен,істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Егер бала мінезіндегі жағымды көріністер өмірмен сабақтасып,тәрбиемен ұштасса,бала қайырымды,бір сөзді,батыл жүректі,табанды болып ер жетеді. Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне ,кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне.ынтымақтастығына ,бір-бірін түсінушілігіне,өзара қарым-қатынасына байланысты. Демек,өмірдегі ең қадірлі іс,үлкен бақыт сол артымызда қалатын өмір жалғасын еңбекшіл, парасатты,елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның міндеті екенін біле жүруіміз қажет.Міне,осы екеуі тығыз байланыста болып,балаға біріңғай талап қойылса,тәрбиенің нағыз ықпалы болып есептеледі

Ата-ана мен балабақшаның ынтымақтастығын ұйымдастыру бағытындағы жүргізілген жұмыстарыма тоқталар болсам:балабақшадағы топтық жиналыстар, сауалнамалар,дөңгелек үстелдер,мерекелік ертеңгіліктер, кеңестер,іскерлік ойындар, тренингтер, флеш-мобтар.Биылғы жылы елбасымыз Қазақстан халқына «Отбасы» күнін жариялаған болатын. Балабақшамызда осы мерекеге орай «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі», «Менің отбасым», «Отбасы –тәрбие бастауы»,«Бір күндік көңіл-күй» тақырыбында ата-аналармен тренингтер, дөңгелек үстелдер кештері, «Балаңыз ерке болса», «Баланың мінезі қалай тұйық болады?», «Балаңыз өтірік айта бастаса...» тақырыптарында кеңестер өткізілді. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының накты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Балабақшаның ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылып отырады.
Әрине осы іс-шаралардың арқасында ата-аналарымыз кәсіби тәрбиеші болып төмендегідей нәтижеге жетті:

Біріншіден: Ата-анамен жақсы байланысқа көз жеткізіп,топтардағы балалардың үй-іші жағдайын біліп,мерекелік шаралар өткізерде тығыз қарым-қатынас жасалды.

Екіншіден: «Баланы жастан» демекші,сәбиіміз де белсенділік,жауапкершілік дағдыларын сіңірді.Ата-аналар отбасылық газет-журналдармен, педагогикалық әдебиеттермен танысып,ізденді.

Үшіншіден:балалардың бойында адамгершілік,эстетикалық,дене,ақыл-ой дамуының алғашқы сатылары қалыптасып,ата-анамен бірлесіп жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері қалыптасты.

Осындай тәлім-тәрбие беру нәтижесінде тәрбиелі бала,мейірімді ана, ұлтжанды тұлға тәрбиелеп шығарсақ қазақ елінің дамуы ғасырлар бойы жалғасын табады.

Сөзімді қорытындылай айтарым, «Ел келешегі-ұстаз қолында»-деген лепті тұжырымды баса айта отырып,өнімді шығармашылықты өрістету жолында ата-аналармен өркениет шыңына ілгері басу мақсатында,баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болып,ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болады деймін.

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.