Аквариумдағы балықтар » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Аквариумдағы балықтар

Аквариумдағы балықтар

26-04-2016, 21:26
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1653
Пікірлер: 0
Версия для печати

Аквариумдағы балықтарАтырау облысы,Индер ауданы,Елтай ауылы.

«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайының

«Айгөлек» ересектер тобының тәрбиешісі

Даутова Гулбану Сапиевна

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы:«Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: Балықтар және олардың аквариумдағы өмірі туралы білімдерін

қалыптастыру.

Білімділігі: Балаларды геометриялық пішіндерден композиция құрастыра

білуге үйрету.Тірі табиғатқа деген қызығушылығын арттыру;

Дамытушылығы:Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, қағаз

түстерінің үйлесімділігін бере білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілігі: Түрлі қию тәсілдері арқылы бірнеше денелерді парақ бетіне

ұқыпты, таза жапсыруға баулу, қол қимылын жаттықтыру.

Методикалық әдіс-тәсілдері: «Сұрақ -бізден, жауап- сізден», «Ортадағы

қаламсап», «Детальдарды (кескіндерді) қосу»әдістері.

Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, балық түрлері, аквариум.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Математика, Сурет

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті туғызушылықты ояту

I.Ұйымдастыру.

1. Қуан, шаттан, балақай,

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

2. Жағымды көңіл-күй орнату:

Кел, жаныма тұр, балақай,

Өз алақаныңды маған аш!

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос!

-Балалар, сендердің көңіл-күйлерің қалай?

-Ендеше, бүгінгі оқу іс-әрекетін осындай көтеріңкі көңіл-күйде өткізейік.

3. Топқа бөліну:

(балалар түстерді таңдап, екі топқа бөлінеді)

 

Балалар шаттық шеңберінде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге орындайды

 

 

 

 

 

 

көтеріңкі

Ұйымдастырушы

лық- ізденушілік кезең

II.Өткен оқу іс-әрекетін пысықтау:

«Ортадағы қаламсап» әдісі:

-Бөлме өсімдіктері дегеніміз не?

 

- Бөлме өсімдіктерін қалай баптап

күтеміз?

 

 

-Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

-Тірі табиғат неше бөліктен тұрады?

 

III Жаңа оқу іс-әрекеті.

«Сұрақ- бізден, жауап -сізден» әдісі:

Тірі табиғаттың бір бөлігі – балықтар.

Балықтар суда тіршілік етуге бейімделген . Балықтар желбезектері арқылы тыныс алады. Денесін қабыршақ басқан. Олар судағы шөптермен, майда жәндіктермен қоректенеді.Біздің Жайық өзенінде көптеген балықтардың түрі кездеседі. Мысалы: шортан, аққайраң, сазан, табан,көксерке, бекіре т.б

Үйде балықтарды арнайы ыдыс-аквариумда өсіреді.

-Балалар, балықтардың дене бөліктерін атап көрейік (басы, денесі, құйрығы, қанаты)

Тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың бірнеше түрі болады. Сондай балықтардың түрлерін көргілерің келе ме?

 

Ғажайып сәт:

(балалар көздерін жұмады, сол кезде жасырылған аквариумды ашу)

-Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, нені көріп тұрмыз?

-Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?

-Бұл шыны ыдыс – «Аквариум» деп аталады. Аквариум техникалық құралдармен жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын, ауа жіберетін, жарық түсіретін құралдар болады. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында. Таңертең және кешке балықтарға шым-шымдап жем саламыз. Аквариумдағы суды ауыстырып, тазалаймыз.

- Балалар, аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма?

Ендеше, бүгінгі оқу іс-әрекетінде аквариумға балықтарды жапсырайық.

(балықтың жасалу жолын көрсету)

Ұжымдық жұмыс:

«Детальдарды(кескіндерді) қосу» әдісі.

Алдымен көк түсті қағазды аквариум деп алып, балықтың денесін сары түстен, қанатын, құйрығын қызыл түсті қағаздан қиып аламыз. Геометриялық пішіндерден балықтың денесін сопақша етіп, құйрығы мен қанатшаларын үшбұрыштан дайындаймыз. Таза әрі ұқыпты жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Біз жүземіз көл астында,

Біз жүземіз көл үстінде.

Жүземіз оңға, жүземіз солға

Шоршимыз анда – санда.

-Жарайсыңдар, балалар әр түрлі әдемі балықтарды жасап шығардыңыздар, жасаған жұмыстарыңнан көрме ұйымдастырайық.

 

 

 

-Бөлмеде, үйде өсірілетін өсімдіктер

-Суқұямыз,

қопсытамыз, шаңын сүртеміз

-ол бізді қоршаған орта

-Өлі және тірі табиғат

 

-өсімдіктер, құстар,

жәндіктер, балықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балықтардың құйрығы, қанаты, басы, денесі болады.

 

 

 

-Көргіміз келеді.

 

 

 

 

-Балықтарды.

 

 

-Шыны ыдыста.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ұнады.

 

 

 

 

 

Балалар балықтың денесін сары түстен, қанаты мен құйрығын қызыл түсті қағаздан қиып жапсырды.

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

 

 

Балалар жасаған жұмыстарын талдап, көрме ұйымдастырады.

Іс-әрекетті

бағалау кезеңі.

IV. «Балық аулау» ойыны:

Ойынның шарты: Тақтада ілулі тұрған балықтарды аулау арқылы сұрақтарға жауап беру.

- Бізде қандай оқу іс-әрекеті болды?

- Сендер нені жапсырдыңдар?

- Балық туралы мақал-мәтел, тақпақтар білесіңдер ме?

- Аквариумда нелер болады?

-Аквариумдағы балықтарға қандай күтім жасайсыңдар?

Кері байланыс:

-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Оқу іс-әрекетінде не туралы әңгімеледік?

-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатынасқандарың үшін естелік ретінде алтын балықтарды сыйға беремін. Мадақтау, бағалау.

Ойынға қызығушылықпен қатынасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар оқу іс-әрекетінде алған әсерлері туралы әңгімелейді.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесі:

Нені біледі: Аквариумдағы балықтар туралы және оларды қалай күту

керектігін;

Нені түсінеді: Қағаздан композиция құрастыра білуді;

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.