Мейрімі мол – күншуақ » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Мейрімі мол – күншуақ

Мейрімі мол – күншуақ

20-04-2016, 23:34
Автор: bilimtime
Қарау саны: 294
Пікірлер: 0
Версия для печати

Мейрімі мол – күншуақУразмуханбетова А.Т.

Индер ауданы,Елтай ауылы.

МКҚК «Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайының әдіскері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Мейрімі мол – күншуақ»

(тәрбиешілермен өткізілген тренинг жұмысы)

Мақсаты:Тәрбиешілердің балаларға қоршаған орта мен адамзат арасындағы

байланысты ұғындырып,табиғатқа адам баласының әрқашан да

қамқорлығы мен мейірімділігін, сүйіспеншілігін қажет екендігін

ұғындыру,оның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

педагогикалық шеберліктерін анықтау.

Қажетті құралдар: Күн,балық,құс,гүл, ағаштың суреттері,қағаз,қалам.

Өткізілу түрі: Трениг,топтық жұмыстар.

Жоспары:

І. Шаттық шеңбері: «Күншуақтың жылуы»

ІІ. Тұжырымды ой айтайық: «Ғажайып сөзді аяқта»

ІІІ.Ойтолғаныс: «Не қажет?»

ІҮ. Ой ұшқырлық: «Табиғат үні»

 

Өткізілу барысы:

І. Шаттық шеңбері: «Күншуақтың жылуы»

Мақсаты: Педагог тәрбешілерге бір-біріне ілтипат білдіру, жақсы сөздерін айтқызу көңіл-күйлерін көтерткізу арқылы,тренинг жұмысына деген қызығушылық сезімдерін ояту.

Шаттық шеңберінің жүру барысы: Педагог тәрбиешілер күн бейнесін екі қолымен ұстап, бір-біріне ұсыну арқылы мадақтау сөздері мен жақсы тілектерін айтып, тренинг қатысушы тәрбиешілер бір-бірінің көңіл-күйін көтереді.

Шаттық шеңберінен кейін тәрбиешілер 4 топқа бөлініп отырғызылып,тренинг жұмысы топтық жұмыс арқылы жалғасады.

 

ІІ. Тұжырымды ой айтайық: «Ғажайып сөзді аяқта»

Мақсаты: Тәрбиешілер табиғатқа байланысты аяқталмаған сөйлемді толықтырып,

экологиялық тәрбие беру бағытындағы өзінің ой-пікірін айтқызу арқылы

білім-біліктілігін,шығармашылық қабілеттілігін дамыту.

Ойын шарты: Тәрбиешілер карточкада берілген аяқталмаған сөйлемді толықтырып, аталған тақырыптың мағынасын балаларға ұғыныдырып,сол тақырыпқа байланысты алдына қандай экологиялық тәрбие беру мақсатын қоятындығын түсіндіріп берулері керек.

Тәрбиешілерге берілген «Ғажайып сөздер»

1. Табиғатты ----------- (қорғаймыз)

2. Суды ----------- (ластауға болмайды)

4. Орманда ----------- (от жағуға болмайды)

5. Таза ауа ----------- (денсаулық сақтаушысы)

ІІІ.Ойтолғаныс: «Не қажет?»

Мақсаты: Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің қажеттілігін анықтатуда пдеагог қызметкерлердің таным-түсініктері мен сөйлеу мәдениеті шеберліктерін дамыту. белсенді қимыл-әрекеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Әрбір топтың тәрбиешілері суретте берілген тіршілік иелерінің қажеттіліктерін топтастыру әдісі арқылы жазып,түсіндірулері керек.

Тәрбиешілерге берілген «Не қажет?» тақырыбындағы суреттер:

1. Балықтың

2. Құстың

3. Гүлдің

4. Ағаштың

ІҮ. Ой ұшқырлық: «Табиғат үні»

Мақсаты: Табиғат құбылыстарын сөзсіз,қимыл-әрекетпен бейнелеп көрсеткізу арқылы тәрбиешілердің белсенді қимыл-әрекеттері мен ой ұшқырлықтарын жетілдіру.Қимыл –қозғалыс үйлесімдіктерін сәйкестендіре білу дағдылары мен артистік шеберліктерін дамыту.

Ойын шарты: 1-ші топтағы 1тәрбиеші ортаға шығып табиғат құбылыстарының бірін сөзсіз,өзінің қимыл-әрекеті арқылы 2-ші топтағы 1тәрбиешіге көрсетеді.Қимыл-әрекетті көрген тәрбиеші қандай табиғат құбылысының бейнеленгендігін айтып түсіндіруі керек.Ойын келесі топтармен де осылай жалғаса береді.

Қимыл-әрекеттері арқылы көрсетуге болатын табиғат құбылыстары:

1. Жел болған кездегі ағаш жапырақтарының қозғалысы;

2. Жауып тұрған қарды қолына ұстап қарауы;

3. Жаңбыр жауған кездегі адамның қимыл-әрекеті;

4. Қатты аязды күн т.б.

Тренинг жұмысының нәтижесінде: Барлық тәрбиеші педагогтар топтық жұмыс кезінде өз пікірін айтып,бір-бірімен ой бөлісіп,тәжірибе алмасты.Түрлі тапсырмалар- ды орындау арқылы біліктіліктері мен ой ұшқырлықтарын, шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық шеберліктері жетілдірілді.

Экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыс түрлерін әрбір педагог қызметкер балалардың жас ерекшеліктеріне лайықтап,күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен жеткізе алатындай етіп жоспарлап, бағдарлама тақырыптарына сай,түрлі әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып,ойын әрекетімен ұштастырып өткізсе,балалардың бойында табиғатқа деген жанашырлық, қамқорлық және еңбекқорлық, белсенділік, ұқыптылық сияқты дағдыларды меңгерте алатындықтарын, балаларға кішкентай кезінен бастап «Табиғат- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, талбесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөніндегі түсініктерін қалыптастырып, туған жер табиғатының ұлт мақтанышы екендігі жөнінде тәрбиелеу керектігін түсінді.

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.