Математика еліне саяхат » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Математика еліне саяхат

Математика еліне саяхат

20-04-2016, 23:29
Автор: bilimtime
Қарау саны: 490
Пікірлер: 3
Версия для печати

Математика еліне саяхат

Атырау облысы,Индер ауданы,

Елтай ауылы

Габдуллина Зоя Бейсовна

«Қызғалдақ» мектепке дейінгі

бөбекжайының мектепалды

даярлық тобының

I санатты тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың өткен тақырыптар бойынша математикалық таным түсініктерін дидактикалық тапсырма шешуін тапқызу арқылы еске түсіре отырып, білімдерін бекіту.Танымдық ,шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.

Дамытушылығы: Балалардың жауапкершілікті сезініп ,зейіндерін шоғырландырып бірлесе жұмыс жасау дағдыларын дамыту,ойлау қабілеті жоғары ,белсенді, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Тәрбиелік:Балаларды тапқырлыққа, ізденпаздыққа ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Методикалық әдіс –тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдістері миға шабуыл, ой –қозғау, бір айналым сөйлесу,бағалау,топтастыру, сұрақ-жауап,карточамен жұмыс.

Көрнекі құралдар:1-10 ға дейінгі сандар таңбасы, геометриялық пішіндер, дидактикалық тапсырмаларға сәйкес суреттер, слайдтарға тақырыптық сурет.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың

іс -әрекеті

Себепті туғызушылығын ояту кезеңдері.

Ұйымдастырушылық

кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бағалау кезеңі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, барлығымыз шаттық шеңбер бойына тұрып амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Күннің көзі келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу бәрімен,

Тәрбиенің басы ғой

Сәлеметсіздермен апайлар!

 

 

 

 

Бізге бүгін ерекше күн, ерекше оқу іс-әрекеті.

-Балалар көңіл күйлерің қалай?

Осындай көңіл күймен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

Балалар оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын кеудеміздегі пішіндерге көңіл бөлейікші.

Нұрай сенің кеудеңде қандай пішін бар,т.б сұраймын.

Осы пішінге сәйкес орындыққа отырайық.

Біз бүгін математика еліне саяхатқа шығамыз. Балалар тыңдайықшы ненің даусын естіп тұрсыңдар,пойыз жүріп келе жатыр.Математикалық білімдеріңді шыңдау үшін көптеген тапсырмалар орындаймыз. Сонда ғана математика еліне саяхатқа шығамыз.

Поровоздың бірінші тапсырмасы.

О-тобының тапсырмасы сендер мұқият тыңдаңдар.

Вагонның ретін анықта, қай саннан кейін, қай сан тұрады?

1-10ға дейін тура және кері санау.

Келесі вагонның тапсырмасы қай топқа берілген екен?

-тобының тапсырмасы:

Сызықтың көмегімен шарды тиісті жауапқа байла.

-тобының тапсырмасы:

Мысық қандай пішіндерден құралған? Әр пішіннің санын төрт бұрышқа жазып көрсет.Балалар мысық қандай геометриялық пішіннен құрастырылған екен.

Келесі математика еліне жету үшін тағы да тапсырманы орындаймыз.

«Логикалық есептер»

Балалар келесі тапсырмамыз ойша есептер құрастырамыз.

Қазда бар 2 аяқ,

Құста бар екі аяқ

Екеуін қосқанда болады неше аяқ?

Аулада 6 үйрек ,

Қорада 3үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек?

Сергіту сәті

Слайд арқылы көрсету.(Қарылғаш)

Келесі тапсырмамыз ұжымдық жұмыс үш топқа таратып беремін.

О-тобының тапсырмасы:

Ұжымдық жұмыс:

Тек геометриялық пішіндерді боя.

-тобының тапсырмасы:

Көгалда қанша қоян болса ,сонша сәбіз жапсыр.

-тобының тапсырмасы:

Тышқанға жеңіл,ал пілге ауыр заттарды бер.

 

Балалар бүгінгі пойыздың тапсырмасын барлығыңда дұрыс орындадыңдар.Бүгінгі оқу іс-әрекетінде кім не түйді микрофон ұсынамын оқу іс-әрекеті туралы өз пікірлеріңді айтады.

Міне балалар біз бүгін математика еліне саяхат жасадық.Барлық тапсырманы сендердің білімдеріңнің арқасында орындадық. Әр топтың балалары өздері еңбектерін бағалайды.

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде барлығыңда өте жақсы қатынастыңдар.Енді алдарыңдағы қорапшадан көңіл күй белгісін алып көрсетіңдер. Біз оқу іс-әрекетінің басында жақсы көңіл күйде болдық,енді оқу іс-әрекетінің соңында барлығыңыздың көңіл күйлерің өте жақсы болды. Міне балалар мен сендерге риза болып тұрмын .Енді математика еліне саяқатқа аттанамыз. Барлығыңда өте жақсы қатынастыңдар. Мадақтау.

 

 

Балалар қимылмен жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы: көңіл күйіміз жақсы

 

дөңгелек,үш

бұрыш, шаршы

Балалар пішінге сәйкес орындыққа отырып,зейін

дерін оқу іс-әрекетіне аударады.

 

Пойыздың дауысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тапсырманы орындайды

 

Балалардың жауабы:

сызықтың көмегімен есеп шығарды

 

Балалар есептеп шығарып жазады.

 

Балалар есептің шешуін тауып,4 деп жауап береді.

 

Балалардың жауабы:

Бұл жерде 7үйрек қалды.

 

 

Қимылмен көрсетіп жасайды.

 

Балалар карточкамен жұмыс жасайды.

Есеп құрастырып шығарады.

 

 

Балалар өз ойларын айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар белсенділікпен қатынасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесі:

Нені білді: Математикалық түсініктерін кеңейту мақсатында, дидактикалық тапсырмаларды орындай білді.

Нені үйренді: Логикалық есептерді шығаруды,сандарды ажыратуды, санамақтарды жатқа айтуды үйренді.

Нені меңгерді: Өзінің іс-әрекетінде жауапкершілікті, ұқыптылықты түсінді.

Берілген жеке тапсырмаларды өз бетінше орындай алды.

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (3)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.