Күз » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Күз

11-04-2016, 21:39
Автор: bilimtime
Қарау саны: 875
Пікірлер: 0
Версия для печати

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы

Жаңашаруа қазақ орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Кубиева Гулшара Сериковна

Күні

27.11.2014ж

Сыныбы

1 сынып

Сабақтың тақырыбы

Күз

Сілтеме

Дүниетану 1 сынып, К.Жүнісқызы, Атамұра 2012, оқыту әдістемесі 42-44 бб.

 

Жалпы мақсаттары

Оқушыларға күз мезгілі туралы түсінік бере отырып, табиғат байлығын қорғауға, адам еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың әңгіме айту, есте сақтау қабілетін, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту нәтижесі

Оқушылардың бір-бірімен пікірлесу арқылы өтілген тақырыпты пысықтау.Берілген тапсырмаларды топта орындауға үйрету. Оқушыларды бір-бірін бағалауға дағдыландыру.Топтасып жұмыс жасауға үйренеді, ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, оқулықпен жұмыс, өзін-өзі реттеу, формативті бағалау (қол шапалақтау арқылы, жемістер беру), АКТ-мен жұмыс

Сабақ барысы:

Уақыты

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

3 - мин.

 

 

 

 

 

5- мин.

 

 

2 - мин.

 

 

 

 

 

 

 

10-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-мин

5-мин

 

 

 

 

2-мин

5-мин

 

3-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-мин

 

2-мин

 

 

 

 

2-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін айтқызу.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса

Табиғатты қорғаймыз,

Жаман бала болмаймыз

ІІ. Күз мезгіліне байланысты «Жемістер жинайық» ойыны арқылы 3 топқа бөлу.

ІІІ. Өткенді қайталау. «Күн көзін бұлт баспасын» ойыны арқылы өтілген берілген сұрақтарға жауап алу.

ІҮ.Жаңа сабақ.

а) Сурет арқылы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.

ә) Топпен жұмыс. «Сандар сөйлейді» ойынын ойнату арқылы әріптерден сөз, сөздерден сөйлем құрату.

1-топ:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

т

л

қ

а

к

е

р

й

ү

з

н

ы

ш

д

с

у

 

5 9 10 4 8 2 4 7 123 12 7 5 9 8 6 5 3 4 10 4 11

3 4 7 4 13 4.5 9 10 14 6 5 9 1115 16 12 1 4 14 12.

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде күн суытады.

2-топ:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

р

ғ

ү

а

с

ы

й

қ

ж

е

п

д

т

і

к

з

м

9 4 11 6 1 4 8 13 4 15 4 1 2 4 7 6 11 13 3 5 10 12 14.

15 3 16 12 10 9 10 17 14 511 14 5 10 12 14.

Жапырақтар сарғайып түседі. Күзде жеміс піседі.

3-топ:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

с

ж

л

т

қ

р

ы

а

ұ

п

ш

к

е

д

і

м

и

н

5 9 1 4 8 6 2 7 3 7 2 8 5 5 8 9 11 7 1012 13 4 13 14 15.

8 14 8 16 14 8 6 2 7 3 7 12 17 15 18 13 14 15.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киінеді.

 

в) Оқулықпен жұмыс: «Күз» мәтінін оқушыларға оқыту.

г) «Жапырақтар жинайық» ойыны арқылы сарғайған жапырақты жинатып, ондағы есептерді шығарту арқылы ағашқа тақтырту.

3-3+1

4-3+7

3+7-5

2+4-1

 

 

е) Сергіту сәті. «Бөбектер биі»

ж) «Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы көкөністер жинату, ондағы өтілген әріптерге сөз, сөйлем құрату.

з) «Ойлайық та, табайық» ойыны арқылы жұмбақтар шешкізу.

 

1. Аспай піскен

Қайнамай түскен (Жеміс)

2. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пияз)

3. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні (Сәбіз)

4. Күз болғанда атырап,

Сарғаяды .................... (Жапырақ)

Ү. Сабақты қорыту. «Маңызды сөздер тізбегі» ойыны. Жіпте тізілген сөздерді қатыстырып күз мезгіліне байланысты сөйлемдер айтқызу.

Жапырақ қараша суытады құстар көкөніс жылы

ҮІ. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан барлық оқушыларға алма тарату.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Күз мезгіліне сурет салып келу.

ҮІІІ. Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы бағдаршамға жапсырту.

Описание: E:АСЕЛ Т10.jpgОписание: E:АСЕЛ Т11.jpgОписание: E:АСЕЛ Т13.jpg

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

 

 

 

 

Оқушылар жемістер жинап, топқа бөлінеді.

 

 

 

 

Оқушылар сабақтың тақырыбын табады.

 

 

 

 

Оқушылар сандардан сөз, сөйлем құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мәтінді оқиды.

 

Оқушылар есеп шығарады.

 

Оқушылар өтілген әріпке байланысты сөз, сөйлем құрайды.

 

Оқушылар жұмбақ шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

 

 

 

Оқушылар сабақтан алған әсерін смайлик арқылы бағдаршамға жапсырады.

 

Жаңашаруа қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Кубиева Гулшара Сериковна

Әдептілік-адамгершілік бастауы

 

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу, әдет-ғұрыпты сақтайтын, дәстүрді жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Әдептілік-адамгершілік бастауы» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.

 

1. Би.

2. Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің.

 

3. Атам маған әмәнда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамада.

Жасы үлкенге жол берем,

 

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

 

Атам маған әмәнда

Кішіпейіл бол деген

Атам сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

 

Атам маған әмәнда

Әділеттті бол деген

Ата сөзі санамда

Жүрем тура жолменен.

 

Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.

 

Апаның тілін алса егер

Тамақ ішсе іш десе

Демал десе демалса

Суға түссе, түс десе.

 

Қолынан мұндай баланың

Күш болады күш десе

Іс келеді, іс десе

Шынығып өсіп толады

Үлкен жігіт болады.

 

Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

 

Ата-ананың тілегі

Адам болып өскені

Адамдықтың белгісі

Адам болып өскенің.

 

- Балалар біздің сыныбымызда өзіміз айтқан ұрлықшы, әдепсіз, өтірікші балалар жоқ.. Тек бізде біраз сабаққа жалқау, таза жүрмейтін балалар кездесіп қалады. Сол туралы айтысып көрелік.

 

Ұлдарға да тағатын мініміз бар

Көңілге ап жүрмесінші ұлдар оны

Әрине кемшілік те сыналады

Қыздарымыз өкпелемей ұғар оны.

 

Ұлдар біздің салақ па

Қарамайды қабаққа

Бірде болса бірде жоқ

Қатыспайды сабаққа.

 

Санның басы бір екі

Сөйлемейді екен ер екі

Ұлдар жаман дейсіңдер

Қыздар да бар дөрекі.

 

Ұлдар біздің тамаша

Алысып жүр балаша

Олпы-солпы киінген

Ұят екен қараса

 

Үлкен айтса көнбеген

Құлағына ілмеген

Қыздар да бар әлі

Ата салтын білмеген.

 

Ерді еңбек шыңдар-ай

Ұғар адам тыңдар ай

Жамандыққа жаны қас

Өршіл болшы ұлдар-ай.

 

Бұл қыздардың көркем-ай

Жамандыққа жат болып

Жарқын болсын ертеңі-ай

Білімді боп бәрінің

Өсе берсін ертеңі-ай.

 

Көрініс: «Сәлемдесу»

 

«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көрегенділік болады.

Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады.

 

Көршілерді көргенде

Сыйлап сәлем беремін

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.

Көрініс: «Әке мен бала»

Ән: «Анаға сәлем»

Би: «Қыздар»

Көрініс: «Орын беру»

 

Болашақ алды ұрпаққа,

Сілтеген түзу жолдарын.

Балалар түсін оны – ойла,

Қарттар асқар тауларың.

 

Шыңына шығып биіктің,

Мансапқа жетер қолдарың.

Ұмытпа сонда қадірін,

Қарттар асқар тауларың.

 

Қағыл естіп қылтыңдайды баладай,

Ниеті ақ пейіл кең даладай.

Кімге болсын қарттық жетер алаңдап,

Мәпелеңдер қарт біткенді аямай.

 

Атамыз біздің панамыз

Атамыз біздің данамыз

Атадан ақыл аламыз

Атадан адам боламыз.

 

Тұра тұршы есейгенше ұл-қызың

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің

Маған бақыт неге керек ақ әже-ау

Өзің бірге көре алмасаң қызығын.

 

Би: «Өзбек биі»

 

Әр бір сөзің мағыналы

Ұрпақ үшін бағалы

Жайсаң ізгі жаныңа

Тек мақтаныш жағады.

 

Келген жетіп дәл бүгін

Таси берсін берекең

Құттықтайды ел бүгін

Құтты болсын мерекең.

Кім ұғады оқушының тілегін

Кім ұғады оқушының жүрегін

Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң

Ұғатын ол ұстаздар деп білемін.

 

Оқушыға мейірімі мол анадай

Ол қуанса қуанады баладай

Түсе қалса қабағы

Жұбатады жылы сөйлеп аялай.

 

Балалар біз бойымыздан жаман қасиеттерді алып тастадық.. Әдептілікті, жақсы қасиеттерді неге теңеуге болады? (күнге, ашық аспанға)

-Аспан ашылған соң не шығады?

-Кемпірқосақ

Кемпірқосақтарға жазылған сөздер бар (кешіріңіз, рахмет, рұхсат па?, жарайды, саламатсыз ба?)

Ән: «Недеу керек?»

Күн: (жаттау)

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңашаруа қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Кубиева Гулшара Сериковна

Тақырыбы: Халқым менің қонақжай

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиет: туыстық, достық

Мұғалім: Кубиева Гулшара Сериковна

Сынып: 2 Б

Мақсаты:

Сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге үйрету; үлкенді сыйлауға, кішіпейілдікке, әдет-ғұрпымызды үйренуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-қонақ күту дәстүрі, қонақасы туралы түсінік беру;
-қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;
-қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Слайдтар, аңыз, парақшалар, музыка

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

1.Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу.

-Балалар өздеріңді еркін ұстаңдар. Еркін жайғасыңдар. Бір сәт тыныштықта отырамыз. Біраз қиялға шомыламыз. Балалар, бүгін үйге қонақ келді. Үйдің іші мәз-мейрам. Барлығы наурыз мерекесін тойлауда. Ұлыс оң болсын деп , ата-әжелер бата-тілектерін айтуда. Ал, енді жайлап көздеріңді ашыңдар. Не елестеді?
2.Үй тапсырмасын тексеру.

Қонақасы әңгімесін оқып келу. Мазмұнын сұрау.
Сұрақтар қою:
1.Сыбаға дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Қонақасы деген не?
3.Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді?

Сабақ барысын талдау

3.Мұғалім сыйы. Қонақжайлық туралы әңгіме айту.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын тапқызу.

Халқым менің қонақжай

 

4.Дәйексөз.
Жақсы қонақ – құт, береке. (сұрақ-жауап арқылы мағынасын ашу )

 

 

5.Мәтінмен жұмыс

Жанардың туған күні жақындап қалды. Бұл күнді ол асыға тосып жүрді. Оның да себебі бар. Ата-анасы оған үйге достарын шақыруға рұқсат берген болатын. Көптен күткен күнде келіп жетті. Жанар қонақ шақыруға әбден дайындалды. Үйдің ішін жинады. Анасына әр түрлі тәтті дәмді тағамдарды пісіруге көмектесті. Өз қолымен сусын әзірледі. Бәрін орын-орнына қойды. Дастарқан үсті жайнап кетті.
Улап-шулап достары да жетті-ау, әйтеуір. Бұрындары үйге кісі келгенде оларды қалай қарсы алу қажет екендігіне Жанар мән бермеген екен. Енді, міне, не істерін білмей абдырап қалды.
Сыныптас достары сыйлық пен гүл әкеліпті. Жанардың қолына ұстата бере олар дереу дастарқанға бас қойды. Енді бір кезде қыздар бөлектеніп, сыбыр-сыбыр әңгімеге кірісті. Ал ұлдар жағы өз алдына. Қол күрестіріп, ойнап жатыр. Кейбіреулер күйтабақ қоймақ болады. Бірақ оған Жанар рұқсат бермеді. Байқа, сындырып аласың- дедіол, әлгі баланың жанына келіп. Қыздарда бір қызық кітапты қолдарына алған. Кірлетіп қоймаңдар, білесіңдер ме бұл кітаптың қанша тұратынын?-деді ол тағы да. Осыдан кейін қонақтарда көңілсіздік байқалды.
-Жүріңдер, футбол ойнайық, -деді Жарқын деген бала бір кезде. Балалрдың бірі қалмай үйден шыға берді. Қыздар да көп бөгелмеді.
Ата-анасы келгенде, Жанар жылап отыр екен. Өйткені ол дәл осы кешті осылайша көңілсіз өткіземін деп ойламаған болатын.
Сұрақтар:
-Балалар, Жанар неліктен туған күнін көңілсіз өткізді?
-Енді Жанардың туған күнін қалай көңілді өткізуге болатын еді деп ойлайсыңдар?
-Жанарға қонақжай болу үшін нені үйрену керек деп ойлайсыңдар?

 

6.Сергіту сәті

«Қазақ дастарханы» әнін айту

 

7.Шығармашылық жұмыс.
Үйіңде ата-анаң жоқ кезде, үйлеріңе туыстарың немесе достарың келгенде, сендер ол қонақты қалай күтесіңдер?
Тапсырма:
1-топ.Сендердің үйлеріңе ауылдан ата-әжең келгенде не істейсіңдер?
2-топ.Ал сендердің үйлеріңе сыныптас досың келгенде не істейсіңдер?
8.Қорытындылау.
Күн құрастыру. Қонақжайлылықтың белгілерін жазу.

Қонақтыңтүрлеріментанысу.

 

9.Үйге тапсырма

Әңгіме оқып келу

 

10.Қорытынды. Тыныштық сәті

Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді ойша саралаңыздар. Өзіндік ой-тұжырымдарыңызды жасаңыздар.

 

Мұғалім:
-Қазақ халқында қонақ күту рәсімі дастарқанға бата жасаумен аяқталады. Дастарқанға батаны төрде отырған ең сыйлы, жасы үлкен қонақ береді. Бата қонақжай үй иесіне, қонажай отбасына арнап жасалады. Жасы үлкеннен, сыйлы қонақтан бата алған адам үлкен жақсылыққа жетеді.
Ендеше , құрметті оқушылар бүгінгі өткен сабағымыздан алған білімдеріңді жүректеріңде сақтап, ойларыңызды қорытындылай отырып, келген қонақтарымыздан, бата-тілек сұрап сабағымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.