Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі

Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі

8-04-2016, 02:47
Автор: Gulistan
Қарау саны: 336
Пікірлер: 0
Версия для печати
Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңіCидикова Шаира Абдикаюмовна
Сабақтың атауы Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі
Мақсаты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру. «Қыс» өлеңіндегі табиғат көрінісінің суреттелуі. Тапсырмалар, ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету Күтілетін нәтиже Оқушылар А.Құнанбайұлының өмірі туралы толық түсінікке ие болады. «Қыс» өлеңімен танысады, табиғат көрінісін сипаттай алады. Қолданылатын әдіс-тәсілдер мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ- жауап, жұптық жұмыс, «Басбармақ» Көрнекіліктер тірек сызба, суреттер, ақынның шығармалары, флипчарт, фламастер, А4 парақ, қосымша әдебиеттер Психологиялық ахуал
Сабақтың барысы:
I Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
3. Поэзия минуты Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту 1. Мұғалім кіріспе сөзінде мұғалім Абай Құнанбайұлының шығармаларын бұрын оқымаса да, атын естімеген оқушының жоқ екендігіне тоқталып, ақын аталары туралы, Абайлың балалық шағы туралы қысқаша айта келіп, 5 сыныпта оқылатын өлеңдері туралы ескертеді. 1. Оқулықпен жұмыс сұрақ жауап өткізу а/ Абай туралы мәтінде түсініп оқу ә/ сұрақтарға жауап беру:  Абай қай жерде туған  Абайдың шын аты кім?  Абай қандай білім алған?  Қандай орыс классиктерінің шығармаларын оқыған?  Мәдениет пен білімге арналған қандай өлеңдері бар?  Абай кімдердің шығармаларын аударған?  Крыловтан қандай мысалдарды аударған?  Абай қай жылы қайтыс болды? Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Мағынаны тану «Қыс» өлеңі. Абайға дейін қазақ поэзиясында қысты тірі жанды, бейнелі етіп сипаттаған ешкім жоқ. «Қылышын сүйретіп қыс келді» деген жалғыз метафора болмаса, қысты адам етіп, оның ішінде шал етіп суреттеген ешкім жоқ. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлыттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды, Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай сырт айналды. Қар тепкенге қажымас қайран жылқы Титығы құруына тез тақалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай* жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды Табиғат көріністері Абай заманымен үндесіп, сол кездегі халықтың жай-күйінен хабар береді. Адамның сезімін, іс-әрекетін табиғат ортасында Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Абайға дейін тауды бейнелегенде «бұлғыр-бұлғыр тау», «асқар-асқар таулар» деп жалпылап қана айтылатын. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде тау бейнесі жаңаша берілген. Оның әрбір тасы, ой-қыры анық, дәл беріліп, тұтас оқиғаны көз алдымызға әкеледі. Жаңа сабаққа тиісті сұрақ-жауап өткізу. Абай Құнанбаев өлеңдері бойынша әңгіме-дебат өткізу, оқушылар пікірін тыңдау
Сергіту сәті Табиғат көрінісі бойынша музикалық слайд көрсету.
Үйге тапсырма 1. Абай туралы баяндай білу 2. Қыс туралы жұмбақтар біліп келу 3. Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау. Күнделіктеріне жазып алады Бағалау Оқыту үшін бағалау Бағалау парақшасын толтырады. Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Рефлексия кезеңі
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.