Алаш ғалымдарымен танысайық » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Алаш ғалымдарымен танысайық

Алаш ғалымдарымен танысайық

18-03-2016, 23:35
Автор: bilimtime
Қарау саны: 674
Пікірлер: 0
Версия для печати

Алаш ғалымдарымен танысайық

 

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы

«№1 гимназия» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тулеубекова Светлана Омаров

Тақырыбы: Нәтиже сабақ «Алаш ғалымдарымен танысайық»

Мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың қазақ ғалымдары туралы алған мәліметтерін қайталау, жаңа мәліметтермен толықтыру, қазақтың«Бес арысы» атанған: А.Байтұрсынов,Шәкәрім, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М. Жұмабаевтар туралы қосымша ақпарат беру, олардың алаш ғалымдары ретіндегі елінің болашағын ойлаған, оқу -білімге шақырған, халқының бостандығын көксеген шығармаларымен таныстыру, олардың идеяларының мақсаттарының ұқсастығын жеткізу.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау дәрежесін көтеру, сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіру, «миға шабуыл» жасау әдісі мен интервью алу арқылы өз ойын айтуға дағдыландыру, сөздік қорларын үш тілде салыстыра отырып, есте сақтау, дұрыс жазу, айту әрекеттерін қалыптастыру;

б) Тәрбиелік:Олардың қазіргі заманда орындалған армандары туралы Қазақстанда жасалып жатқан жаңалықтардан мысалдар келтіріп, елін, жерін, Отанын сүюге, мақтаныш сезімдерін оятуға, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу, қазіргі заманымызға сай тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызту (бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді – 2 минут).

(Сабақта оқушылар айтқан тілектер беріліп отыр)

«Жүрек үні» ойыны.

1. Вилора: сәттілік тілеймін.

2. Женя: бақыт тілеймін.

3. Аида: достық тілеймін.

4. Никита: ақ жол тілеймін.

5. Настя: денсаулық тілеймін.

6. Андрей: еліңді сүй.

7. Камила: тіліңді қадірле.

8. Павел: Отаныңды сүй.

9. Раушан: отбасынды сүй.

10. Темирлан: ананды сыйла.

11. Эмиль: ұстазынды сыйла.

12. Анар: бүгінгі сабағыңыз сәтті өтсін.

Сабақты , балалар, «Қазақстан – ұлттар достығы ордасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер,өз ойларыңды айтыңдар деген сөзбен бастадым.

1 оқушы: елімізде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады тұрады.

2 оқушы: біз ақпыз, қара-сарымыз, ағайынбыз бәріміз.

3оқушы: елімізде тұратын ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлерін біледі.

4оқушы: туған елімізді, Отанымыз Қазақстанды сүйеміз.

5 оқушы: қазақ жерінде тұрғанымды мақтан етемін.

6 оқушы: менің ұлтым украин болса да өзімді қазақ сияқты сезінемін

Мұғалім сөзі:

- Бүгінгі сабақтың өзіндік ерекшеліктері бар. Алдарыңда өзіндік бағалау парақтары жатыр. Берілген бағалау

парақтарына әр жұмыс түрінен кейін өздеріңе баға қойып отырасыңдар. Парақтың аяғына аты – жөндеріңді жазып

қоюларыңды ұмытпаңдар.

Бағалау парағын тарату.

 

1 топ – Шоқан Уәлиханов

Оқушының аты-жөні

Өзін бағалау

Овчинников Андрей

Жанибеков Темирлан

Акимжанова

Камила

Головенко Анастасия

1.

Головенко Анастасия

 

 

 

 

 

2.

Овчинников Андрей

 

 

 

 

 

3.

Жанибеков Темирлан

 

 

 

 

 

4.

Акимжанова Камила

 

 

 

 

 

 

2 топ - Жұмақан Күдерин

Оқушының аты-жөні

Өзін бағалау

Инкабекова Аида

Бондаренко Павел

Сафин Эмиль

Абдикаримова

Анара

1.

Абдикаримова Анар

 

 

 

 

 

2.

Инкабекова Аида

 

 

 

 

 

3.

Бондаренко Павел

 

 

 

 

 

4.

Сафин Эмиль

 

 

 

 

 

 

3 топ - Мұхамеджан Тынышбаев

Оқушының аты-жөні

Өзін бағалау

Редько Евгении

Аубакирова Раушан

Шуев Никита

Жакупова

Вилора

1.

Жакупова Вилора

 

 

 

 

 

2.

Редько Евгении

 

 

 

 

 

3.

Аубакирова Раушан

 

 

 

 

 

4.

Шуев Никита

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Өткен сабақты сұрау . Ол үшін алдарыңызды жатқан суреттерді алып, сол сурет бойынша топтарға бөлінеміз.

Ең алдымен «Үш бәйтерек» атты бейне журналға назар аударайық (3 мин) . Бейнежурналды оқушылар дайындаған.

Роликтегі жаңа сөздерді мұқият тыңдау,қайталау және осы сөздермен сөйлем құрастырту.

Сөздік

інжу-маржан-жемчуг и кораллы, драгоценности

қаламгер-писатель

айрықша-особенный, значительный

дарын-талант

Енді топпен жұмысқа кірісеміз.

1 топ – Шоқан Уәлиханов тобы

2 топ – Жұмақан Күдерин тобы

3 топ – Мұхамеджан Тынышбаев тобы

-Суреттердің сыртқы жағындағы сұрақтарға жауап беру (3 мин)

-Сұрақтар:

І топ сұрақтары:

1.Шоқан Уәлиханов кім?

2.Шоқан Уәлихановтың саяхаттары туралы әңгімелеңдер.

3. И.И.Веселовский сөзін ағылшын тіліне аударыңдар: « Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келді».

 

ІІ топ сұрақтары:

1. Жұмақан Күдерин кім?

2.Жұмақан Күдериннің қандай шығармалары бар?

3.Оқулықтары мен биологиялық зерттеулері туралы айтыңдар .

ІІІ топ сұрақтары:

1.Мұхамеджан Тынышбаев кім?

2. Мұхамеджан Тынышбаевтың қандай шығармаларын білеміз?

3.Ол кісі қандай қызмет атқарды?

Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Жинақтау

Алаш ғалымдары туралы қорытынды ойларды жүйелеу

 

 

 

 

 

ІV. Жаңа сөздермен жұмыс.

Мұғалім сөзі:Жақсы, балалар,Алаш ғалымдары туралы мәлімет айттыңдар, рахмет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі ХХІ ғасырдың ұрпақ үш тілді таза меңгерген азамат болу қажет деп айтқандай, сөздік жұмысын үш тілде жүргізіп көрейік. Мен сендерге мына карточкаларды таратамын.

 

 

 

 

 

 

1. Anniversary

2. Constitusion

 

 

3. State

4. Wide

 

 

5. Independent

6. Motherland

Бұл карточкаларда ағылшын тілінде сөздер берілген. Осы сөздердің (МЕРЕЙТОЙ, АТА ЗАҢ, МЕМЛЕКЕТ, КЕҢ – БАЙТАҚ, ТӘУЕЛСІЗ, ОТАН) қазақша баламасын табыңдар. Сол

сөздермен сөйлемді толықтырыңдар:

§ Қазақстан ______________ тойлады

§ Еліміз__________________қабылдады.

§ Қазақ елі тәуелсіз ______________________ .

§ Отанымыз _____________________________ .

§ _________________елімді мақтан етемін.

§ _____________ отбасынан басталады.

 

Зымыран сөздер мен жауаптар даярлату.

- Енді өздеріңді тақтада берілген кілт бойынша тексеріп, баға қойыңдар.

- Мұғалім: Рахмет, балалар, Сендер «Алаш ғалымдары» туралы көп мәлімет айтып, шығармашылық жұмыстар жасадыңдар.

8. Енді «5» саны нені білдіреді? «Бес арыс» деп кімдерді айтамыз? «Миға шабуыл»

 

ІІІ.Мұғалім сөзі:Балалар, біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы:Нәтиже сабақ:«Алаш ғалымдарымен танысайық».

Сабақтың мақсаты: «Бес арыс»туралы қосымша ақпарат беру, олардың алаш ғалымдары ретіндегі елінің болашағын ойлаған, оқу -білімге шақырған, халқының бостандығын көксеген шығармаларымен таныстыру, олардың идеяларының мақсаттарының ұқсастығын жеткізу,

Олардың қазіргі заманда орындалған армандары туралы қосымша зерттеу жасау арқылы елін, жерін, Отанын сүюге, мақтаныш сезімдерін оятуға, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу, қазіргі заманымызға сай тұлғаны қалыптастыру.

«Бес арыс»туралы ролик

Интернеттен ақпарат іздеп табыңдар Уақыт 7 минут

1. А.Байтұрсынов

2. Шәкәрім

3. М.Жұмабаев

4. М.Дулатов

5. Ж.Аймауытов

· Постерге ойларын түсіру

- Әр топ постерді 3 мин қорғайды

 

 

Сұрақтарға жауап беру

Жеке ойларын айту

Топпен бірлесе жауап беру

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар:Бес бұрыш, бес жұлдыз, Бес тау, Бес күн дейді, сосын әдебиеттен алған білімдері негізінде «Бес арыс»деген сөзді айтады.

 

 

 

 

 

Өзін-өзі өлшемді бағалау

 

 

Оқыту үшін бағалау

 

Топтың бірін-бірі бағалауы

 

Топ басшысының бағалауы

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы «Бес арыстан»интервью алады: (Оқушылардың берген жауабы да беріліп отыр.

1 сұрақ -Ахмет ағай, Сіздің арманыңыз орындалды ма?

- Иә, менің арманым тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың арқасында орындалды. Ол елі, халқы үшін

үшін көп еңбек етті.

2 сұрақ - Шәкәрім ағай, қазір Абайдың орнын басқан ақындар бар ма?

- Әрине,бар.Олар: Жұбан Молдағалиев,Қадыр Мырзалиев, Ғалым Жайлыбай.

3 сұрақ - Мағжан ағай, Сіз қазіргі жастар туралы не айтар едіңіз?

- Қазіргі жастар талантты, үш тілді меңгерген ақылды адамдар. Мен оларға сенемін.

4 сұрақ -Міраға, еліміздің болашағы қандай?

- Еліміздің болашағы ғажайып, «Қазақстан-2050»бағдарламасын орындау –

табыстың басты шарты

5 сұрақ - Жүсаға, жастарға қандай ақыл айтасыз?

-Жастар өз Отанының патриоты болу керек.

5.: Дәптермен жұмыс.

«Бес арыстың» ортақ қасиеттерін өздеріне дәптерге жазғызту

1. Халқының болашағын ойлады

2. Жастарды оқуға, білімге шақырды

3. Отанын жанындай сүйді

4. Елінің тәуелсіз болғанын қалады

5.Отан үшін құрбан болды.

 

6. Тақтамен жұмыс: Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:

Халқының болашағын ойлады. Жастарды оқуға, білімге шақырды.

Отан сөзіне фонетикалық талдау.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Алты қалпақ әдісін қолдану. Ол үшін барлық оқушыға бір сұрақ беріледі.

«Бес арыстың» бостандық үшін күресі Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына көмегі болды ма?

Оқушылар қалпақтарын киіп,сұраққа жауап берді

7. Бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау парақтарын топ басшысыларына тарату

Әр тапсырмаға ұпай беру арқылы бағалау

8.Үйжұмысын беру: «Бес арыс аманаты»тақырыбына эссе.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушыныңіс-әрекеті

Үй тапсырмасын түсініп,түртіп алу

 

9. Рефлексивті экран.

• Бүгін менің түсінгенім…

• Қызықты болды…

• … оңай болған жоқ

• Тапсырмаларды мен … орындадым

• … мен танысып, білдім

• … енді мен қолдана аламын

• Сезінгенім …

• Өзіме алғаным…

• … үйрендім

• … қолымнан келеді

... айта алдым…

• Таңқалдырғаны…

• Түсінбегенім...

 

 

10.Тілек ағашы (пожелания учащихся)Батима Кизаковна смайлик «Күн». Оқушылар қызыл түсті қағаздарға тілек жазып жапсырады, күн шапағын жасап жапсырады.

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.