АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА ҚҰҚЫҒЫ » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА ҚҰҚЫҒЫ

АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА ҚҰҚЫҒЫ

17-03-2016, 23:20
Автор: bilimtime
Қарау саны: 654
Пікірлер: 0
Версия для печати

АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА ҚҰҚЫҒЫШығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданы

Шілікті орта мектебің

5 сынып жетекшісі

Рахымжанова Қарақат Базарханқызы

Ата- аналар жиналысы:

«АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА ҚҰҚЫҒЫ»

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.Бала тәрбиесінде Шілікті орта мектебіндегі мұғалімдермен, мамандармен ата-ананың байланысын нығайту, ұстаздармен бірлескен әрекетке тарту.

Көрнекілігі: Оқушылардың қолымен әр түрлі бұйымдардан жасалған заттар, суреттерден көрме, плакатқа жазылған бала тәрбиесі жөніндегі нақыл сөздер.

«Ата-ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». (Б.Г.Белинский)

Тәрбиелеудің мақсаты-баламызды бізсіз өмір сүруге үйрету.

Балалар-бүгінгінің қонағы, ертеңгінің қожайыны.

Барысы:

І.Кіріспе:

Құрметті ата-аналар! бүгінгі біздің мектебімізде ұйымдастырылып отырған « Ата-ана және балам құқығы» тақырыбындағы ата-аналармен өткізгелі отырған ата-аналар оқуына алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз.

-Бір-бірімізді тыңдаймыз

-Белсенділік танытамыз

-Уақытты үнемдейміз

-Өз ойларымызды ортаға саламыз

Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

  1. Шаттық шеңбері:

 

 

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен шаңырақ көтердік. Осы киелі шағырақ біздің мектебімізді Қазақ хандығының550 жылдығына байланысты Қазақ хандығы деп алсақ осы шаңырақты мен бүгін үш топқа бөліп оны Орта,ұлы,кіші жүз деп алғым келіп отыр.

Топқа бөлу \түс бойынша\ «Үш түс-үш есік»

Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше:

Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.

Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.

Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.

Эксперимент ойын «Өз балаңызды таныңыз»

Мақсаты: Ата-ананы қаншалықты өз баласын білетіндігі жөнінде ойландыру.

Қатысушылардың балаларының сүйікті жыл мезгілі, сүйікті тағамы, сүйікті ісі, достарының есімі аталады.Ата-ана менің балам деп танығаны қолын көтеруі керек.

1.Қыс,күз,манты,көже,лағман,доп,волейбол,футбол,тенис,күрес,көк,жасыл,қара,Айжан,

Абай,Тест,ҰБТ,Өте жақсы оқиды,үлгермейді,тәртібі нашар,қозғалғыш.

Еркетай, Нұрбол,5 сынып,алғыр,

ІІІ. «Ой-толғаныс»

Ұжымдық жұмыс

І топ

1.Жанұяда бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

2.Балаңызға еңбек етуді неше жастан және қалай үйретесіз?

3.Сізге көмектесемін деп балаңыз өте қымбат тұратын ыдысты сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?

4.Балаңызға берген уәдеңізді ұмытпайсыз ба?

 

ІІ топ

1.Балаңыз сізден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды немесе көріп отырған телекөрілімді тоқтата аласыз ба?

2.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

3.Балаңыздың жасына қарамай онымен ақылдасасыз ба, пікірімен санасасыз ба?

4.Өз балаңыздың досының ата-анасымен байланыс жасайсыз ба?

 

ІІІ топ

1.Балаңыздың байқау-бақылау қабілетін дамытуда әрбір сәттерді пайдалана аласыз ба?

2.Сіздің балаңыз туралы жағымсыз ескертпелер айтылса, себебін қайдан іздейсіз?

3.Балаңыздың кемшіліктері бола тұрса да, оның жетістіктеріне қуана аласыз ба?

4.Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмей ме?

«Бинго»ойыны

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме.Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды даалып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Жүректен жүрекке:Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жүрекке) жазып қалдырайық.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.