"Таң ауылындағы дәрілік өсімдіктер" » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » "Таң ауылындағы дәрілік өсімдіктер"

"Таң ауылындағы дәрілік өсімдіктер"

17-03-2016, 16:19
Қарау саны: 1779
Пікірлер: 0
Версия для печати
"Таң ауылындағы дәрілік өсімдіктер"
Таң ауылындағы дәрілік өсімдіктер 
Зерттеу мақсаты: Дәрілік өсімдіктерге зерттеу жүргізу
• Зерттеу міндеттері: 1.Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшелігіне, құрылысына талдау жасау. 2.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін және емдеу тәсілдерін зерттеу. •
Зерттеу болжамдары: Егер мен дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін қолдансам,онда ауылымдағы ауру кісілердің денсаулығын сақтауда, тегін қызмет көрсетіп , емдеп, мақсатыма жетер едім.
• Зерттеу әдістері: 1.Ақпараттарды жинау және өңдеу. 2.Көрнекіліктер пайдалану. Мазмұны: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1 Дәрілік өсімдіктер туралы мәлімет А) жалбыз өсімдігіне сипаттама Б ) Түйетікен ( жантақ ) өсімдігіне сипаттама В) жолжелкен өсімдігіне сипаттама Г) Құны қымбат мия 2.2 Дәрілік өсімдіктің халық ұғымында қолданылуы 2.3 Дәрілік өсімдіктердің пайдасы 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе «Өсімдік-өмір сәні, көңіл нәрі» (халық мақалы) Табиғат байлығының ішінде өсімдіктер әлемі ерекше орын алады. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді. Солардың ішінде дәрілік өсімдіктердің пайдасы өте зор. Ол әртүрлі ауруларға ем болып табылады. Өсімдіктерді дәрілік мақсатқа пайдаланғаны жөнінде мәліметтерді–еуропалық, қытай, грек, орта азиялық, латын тіліндегі ертедегі мәдени естеліктерінен табуға болады. Өсімдіктердің дәрілік қасиеті жөніндегі алғашқы қытай кітабы б.э. дейін 2600 жылы «Фармакология негіздері» атты кітапты дәрігер Ли Ши-Чжень (1522-1596) жазды. Онда 1500-нан астам өсімдіктерден алынған дәрілік құрылымдарға сипаттама берілген. Бес томдық «Дәрігерлік ғылымның каноны» атты кітапты араб медицина мектебінің көрнекті өкілдері Тәжік ғалымдары және дәрігер Абу Али Ибн Сина жазды, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды және өзінің уақытында арабтардың кітабы болып қана қойған жоқ, еуропалық дәрігерлерде бағалады. Кітапта шамамен 900 дәрілік өсімдік және оларды пайдалану әдістері сипатталған. Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гипократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу ісі 18 ғасырда қолға алынды. Байқаудан өткен жүрек-қан, тамыр ауруларына қарсы қолданылып жүрген перпараттардың 80 %-нан астамы дәрілік өсімдіктерден алынған. Сондықтан жалпы халық медицинасы пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі де бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне жатады. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасын нығайтады, оған күш-қуат береді, бауыр мен бүйректің, жүрек пен өкпенің, ішек-қарын мен әртүрлі ішкі бездердің қызметтерін жақсартады, қан мен зат алмасуды ретке келтіреді, ағзаға жиналған зиянды, улы заттарды несеп, қақырық, тер арқылы сыртқа шығарады, микробтар мен бактерияларды, вирустарды жояды, ауырған жерді, дене қызуын басады, қан тоқтатады, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Қазіргі кезде бұлардан жасалатын препараттардың тиімділігі өз алдына, сондай-ақ, олардың биологиялық сіңімділігі жоғары болуымен қатар, бойға тез таралады, зияңды заттарды бейтараптандырады және олардың ағзадан шығуын тездетеді, ағзаның қорғаныш күшін күшейтеді. Жер бетінде шипалық қызметтері бар алуан түрлі өсімдіктер өседі, бірақ әлі көпшілігі зерттелмеген. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажеттеріне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Адамдар ерте кезден бастап өсімдік шөптермен бүгінгі күнге дейін емделіп келеді. Шипалық шөпті жинаушылар одан дәрі-дәрмек жасаушылар бұл істі адамдардың білуін қаламады, өздерінің білгендерін нағыз табыс көзіне айналдыруды мақсат етті. Алайда дәрі-дәрмек өсімдіктерді пайдалану ісі тоқырап қалмастан үнемі дамып отырды. Қазіргі кезде шипалық өсімдіктерді зерттеу және пайдаланудың көлемі жөнінен біздің еліміз алғашқы орындардың бірінде. Дәрілік өсімдіктер адамдардың денсаулығын нығайтуда кеңінен қолданылып келеді. Науқастарды емдеуге өсімдіктерді пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр бағытта жүргізіледі.Емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әртүрлі дәрумендер,микроэлементтер,нәруыз,көмірсу,май соның ішінде эфир майы болуына байланысты дәрілік өсімдіктер тағам және басқа да халық қажетіне пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамындағы стероид, алкалоид, гликозидтердің т.б химиялық қосылыстардың болуымен түсіндіріледі.Олар шөп, тұнба, қайнатынды, шәй, ұнтақ т.б түрінде қолданылады. Қазіргі заманда әр адам өз денсаулығын сақтау керек, бұл барлығымыздың қасиетті парызымыз. Айналамызды қоршағанның бәрі-жер , су, ауа , өсімдік пен жануар т.б байлықтар табиғаттың адамзатқа таратқан мол сыйы. Қазақстан жері кең байтақ, соған орай, табиғи байлығы да сан алуан. Табиғат байлығының ішінде өсімдік әлемі ерекше орын алады. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғары сатыдағы 5754 өсімдік түрі кездеседі. Негізгі бөлім «Мың теңге тұратын дәрі, дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр» (халық даналығы) Ел арасында «Табиғаттың өзі емші» деген сөз бар. Аталар айтқан осы бір сөздің астарына үңіліп көрдік пе? Үңілсеңіз, көп нәрсеге қанығар едіңіз. Адам баласы кейде түрлі аурудың зиянын көреді. Осындайда дертке дәру іздейді. Дәрігерге барады. Олар қолдан келгенше емдейді. Қазір медицина дамып келеді. Неше түрлі құрал-жабдық бар. Бұрынғы кезеңдерде қалай болған? Қазіргідей медицина қарыштап дамыған жоқ. Соның өзінде адамдарды емдеу ісіне ерекше мән берілді. . Ежелгі замандарда емшілер дәрілік өсім діктерге назар салған. Олардың емдік қасиеттерін түсіне білді. Дәрілік өсімдіктер ұзақ жасауға да жол ашады. Сол бір кезеңдерде Қытай, Үндістан, Грекия мемлекеттерінде осындай істер кеңінен өркен жайған екен. Біздің қазақ даласында да ондай адамдар болды. Ерекше қасиеті арқылы олардың атағы алысқа жайылды. «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады» деген нақыл осыған байланысты айтылса керек-ті.Сол адамдардың бірі - Өтебойдақ Тілеуқабылұлы болды. Өтебойдақ Тілеуқабылұлы ( 1388 – 1478 ) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы Райымбек ауданы , Шалкөде жайлауында ғұмыр кешкен. Адам ағзаларында кездесетін кейбір кеселдерді емдеу үшін төрт түлік малға тәжірибе жасап, шипа дарыту амалдарын тапқан. Соның нәтижесінде жазған «Шипагерлік баян » атты еңбегі 7 рет көшірілу арқылы бүгінге жеткен деректер бар. Осыдан 12 жыл бұрын Қытайда бүкіл әлемдегі исі қазақтың жүрегін дір еткізген үлкен оқиға болған. 1997 жылдың маусымында Жуңго мемлекеттік сыйлығын иеленген санаулы адамдардың қатарында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы есімді қазақтың аты аталған. Халқымыз үшін бұл шынында да әлемдік дәрежедегі тосын оқиға болды. Миллиардтан астам халқы бар, атам заманнан бері жазу-сызуы қалыптасқан, мәдениеті кемел үлкен мемлекеттің талай-талай ақбас ғалымдарының күні кешеге дейін есімі белгісіз қазақ шипагерінің іліміне зор ғылыми баға беріп құрметтеп, мемлекеттік сыйлық беруі қазақ халқының ұлттық шипагерлік дәстүрінің теория лық, мәдени-тарихи тұрғыдағы биік мәртебесін айқындайды. Оның дәлелі Өтейбойдақ Тілеу қабылұлының «Ши па герлік баян» кітабына көрші қытай елінде 1997 жылы маусым айында «1-дәрежелі мемлекеттік таңдаулы ұлттық кітап» сыйлығының берілуі еді. Ғұлама бабамыз «Адамның ауруын дұрыс анықтап, емін дұрыс жа самаса жазылмас бейнет. Дұрыс анықтамай, ем қонбаса соңы ажал мен аяқталмақ» – деген екен. Ол аурудың пайда болуы денедегі сыртқы суықтық пен ішкі ыстықтықтан болады деп ұғынды. Егер ауруға суық тигендігі анықталса ауруды жазудың негізі, оны терлету деп, шөп дәрілерін – апиынды, мияның тамырын және жалбызды беріп терлеткен. Терлеген ауруды қатал бақылаумен жылы бөлмеде ұстаған. Ал, өкпе мен көк жөтел ауруларына ұшырағандарға жас малдың еті мен сорпасынан жасалған күшті, қуатты тағамдар беріп, қымыз ішкізіп және жылқы мен борсықтың майын да ішкізіп емдеген. Дәрілік өсімдікпен емдеу ісі әлі де жойылған жоқ. Осы күндері Қытайдың ежелгі медицинасы әлемде алдыңғы орында тұр. Сол елдің дуалы ауызды дәрігерінің бірі: «Сенің денеңнің қуаты – өсімдіктің шырынында» деп айтқан екен. Қытай жұрты аталмыш сөздің мәніне үңілген. Оны кәдеге жаратып та отыр. Өкінішке қарай, бұл жөнінен біз мақтана алмаймыз. Өйткені, оған әлі күнге дейін самарқау кейіп танытып жүрміз. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына ешқандай зиянын жасамайды. Қайта шипасын тигізеді. Қайсыбір кезеңде оған көзқарас дұрыс болған жоқ. Оны ескіліктің қалдығы деп ұққандар аз емес еді. Химиялық жолмен дайындалатын дәрілерді тұтынып келдік. Дегенмен олардың кейбірі денсаулыққа зиянын тигізіп жататын. Беріде оны түсінгендер саны көбейді. Әсіресе, Орта Азияда олардың саны бірден арта түсті. Сары құрлықтың орталық бөлігін мекен еткен тұрғындар өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында дәрілік өсімдіктерге маңыз бере бастады. Атап айтқанда, 1970-1980 жылдары Орта Азияда оған деген сұраныс бірден 250 пайызға жеткен. Қызығы, сұраныс артқанымен, оны жинау мен дайындау мәселесі күні бүгін¬ге дейін өз жүйесіне түсе алмай отыр. Бүгінгі таңда дүниежүзі дәрілік өсімдіктерге көңіл бөліп отыр. Қазір дәрілердің 40 пайызға жуығы табиғи шөптерден жасалады екен. Жер жүзіндегі кейбір мемлекеттер осы бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Олар жемісті еңбекке қол жеткізуде. Қазақстанда ше? Бұл іспен бір-екілі адамдар ғана айналысып жүр. Осы мақсатта белсене жұмыс жасайтын арнайы орталықтар да жоқ. Соның салдарынан халықтың көзқарасы әлі де селкеу. Оны ғылым ретінде зерттеу мәселесі олқы соғып тұр. Қазір қаржысы бар адам Қытай асады. Дертіне дәру іздейді. Онда барлығы бар. Қолайлы жағдай жасалған. Сол елдің көптеген қалаларында дәрілік өсімдіктермен емдейтін орталықтар жұмысын қызу жүргізіп жатыр. Олардың қатарында қазақстандық азаматтар жетіп артылады. Оған қаншама қаржыны жұмсайды. Кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Бірақ шыбын жанын шүберекке түйген адам өзінің денсаулығынан несін аясын? Қарызданып-қауғаланып болса да, Қытай жеріндегі орталыққа барғанды қалайды. Бағзы замандарда Египеттегі жұрт алоэ, қараған, анис және басқа өсімдіктердің шипалық қасиетін білген. Төрт мыңдай жыл бұрын үнділіктер 760 дәрілік өсімдікті халық еміне пайдаланыпты. Қытайда бұл мақсатта тұңғыш кітап 5 мың жыл бұрын жазылған. Біздің қазақ даласында емші лік пен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұлан-ғай ыр даланың қай қиырына барсаң да, көз жеткізе аласың. Най ман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі. Ол кісі кезінде дана Абай дың әкесі – Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осын дай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып ба рады. Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуы ғы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қын жылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой. Қазақстанда дәрілік өсімдік термен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргі¬зілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қал ған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар. Қазақстанның өзінде ғана әртүрлі дәрілер алынатын өсімдіктер саны 500-ден асады. Ал дүние жүзінде барлық дәрілердің шежіресіне көз жіберсек, жүрек ауруын емдейтін дәрілердің 77 %, ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 73 %, мешел аурына қарсы дәрілердің 62% тек қана өсімдіктерден дайындалады екен. Дәріханаларда дәрілік шөптерден жасалынған дәрі-дәрмектер асқазан ауруына, жүрекке арналған, иммундық жүйені көтеретін, диабетке қарсы, қан тоқтататын, ауыз шаюға арналған, бауыр, бүйрекке, өт жолдарын емдеуге, жөтелге қарсы, қабыну процестеріне қарсы т.б сатылады. Бұл дәрілерді жергілікте жерде өсетін жалбыз, итошаған, бақ-бақ, ошаған, жусан, түйетікен, жантақ,мия, адыраспан т.б өсімдіктерден алуға болады. 7-сыныпта түйетабандар тұқымдасы тақырыбын өткенде жергілікті жерде, кең тараған адыраспан түріне сипаттама беріп, оның ерекше белгілері мен таныстық. Еліміздің барлығында өсетін адыраспан өсімдігінің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызына, емдік қасиеттеріне назар аудардым.Алғаш осы адыраспан өсімдігін зерттеп, оның пайдасының ұшан – теңіз екенін білдім.Сол жобам сәтті болғаннан кейін мен аулымызда кездесетін басқа да дәрілік өсімдіктерді зерттеуді ұйғардым.Ол өсімдіктерді халқымыз үй жағдайында көптеп қолданады.Мысалы, жалбыз, жантақ,жолжелкен, қызыл мия осы өсімдіктерге байланысты көптеген ақпараттар жинап, олардың пайдасы өте зор екенін танып білдім және оларды қалай пайдалану керектігі жайлы білдім. Бүгінгі таңда өз өлкеңе деген қызығушылықты арттырып, дәрілік өсімдіктің қажеттілігін түсіну, табиғатты қорғап, оның байлығын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап,қолдануды ұсынады. Сондықтан алдыма мынадай мақсат қойдым: дәрілік өсімдіктерді зерттеп, оның адам өміріне және адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеу, анықтау және насихаттау. Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткіші Дәрілік өсімдіктер туралы мәлімет 1.Жалбыз өсімдігіне сипаттама Арқау болып аңызға, Араша түсер « жалғызға ». Халық назар аударған Жұпар иіс жалбызға . ( Р.Сәтімбеков ) Орысша аталуы : Мята перечная Латынша атауы : Mentha piperita Тұқымдасының атауы: ерінгүлділер Биіктігі : 100 см асады Гүлдеу мерзімі : маусымнан тамызға дейін Жалбыз ( Mentha ) сөзі гүлді өсімдіктердің ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті көпжылдық , кейбір түрі біржылдық шөптектес өсімдіктер туысының ғылыми атауын білдіреді. Жалбыз , негізінен бұлақ , жылға , өзен , көл жағалауларында , арық бойында , шалғындық алқаптарда , тоғайлы өңірлерде , тауда өседі.Олардың 10 түрі Қазақстанда кездеседі. Жалбыздар ылғал сүйгіш өсімдіктер тобына жатады. Жалбыздың қандай табиғи орта жағдайларында өсетінін мынадай мақал – мәтелдерден және жұмбақтан айқын байқауға болады.Мысалы ,«Тауға біткен андызым , суға біткен жалбызым», « Көлден кетсе жалбыз мұң , елден кетсе жалғыз мұң », «Саздауыт жерде өседі , хош иісі аңқыған , шипалы өсімдік деседі » деген ұғымдарда жалбыздың өзіне тән ерекшеліктері дәлме – дәл айтылған. Жалбыз өсімдіктерінің төрт қырлы әрі қуыс өзекті сабақтары тік және тармақталып өседі. Сабақтарындағы буындары айқын байқалады. Жапырақтарының жиектері ара тісіне ұқсас үшкір әрі иректелген және олар бір – біріне қарама – қарсы орналасады. Гүлдері сабақтарының ұшында шоғырланған , тұқымы көп түйірлі жаңғақша. Жапырақтары мен гүлдерінен ерекше хош иісті ментол заты бөлінеді. Қазақстанда бұйра жалбыз , дала жалбызы , бұрышты жалбыз , дөңгелек жапырақты жалбыз , ұсақ жапырақты жалбыз , ақ жалбыз және т.б түрлері кездеседі. Олардың ішінде кең тараған түрлеріне дала жалбызы мен бұрышты жалбызы жатады. Жалбыздың көпшілік түрі екіүйлі болғандықтан түраралық будан түрлері де кездеседі. Мысалы , бұрышты жалбыз , су жалбызы мен масақты жалбыз деген будан түрлері табиғатта кездеспейді. Оларды тек қолдан ғана өсіреді. Кермек жалбыз Қазақстанда жалбыздың 10 түрі өседі. Олар суармалы жерлерде, бұлақ , өзен, көл маңында , арықты бойлап өседі. Шалғындықта , тоғайда , таулы аймақта да өсетін жалбыз түрлерін де кездестіруге болады. Солардың бірі - кермек жалбыз , оны кейде бұрыш жалбыз деп те атайды. Кермек жалбыз – биіктігі 30 – 120 см шамасындағы көпжылдық өсімідік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Өзіне ғана тән хош иісі бар . Гүлі – ұсақ , түсі – бозғылт күлгін , қызғылтым , шоғырланып орналасады. Өркендерінің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі. Гүл шірнелігінде тәтті шірне жиналады. Кермек жалбыз – маңызды дәрілік өсімдік . Оның жапырақтарында 3% - ға дейін , гүлшоғырларында 6 % - ға дейін эфир майы болады. Жалбыз майы ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Бас сақинасы , асқазан , тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі. Дәрілерге , парфюмерия бұйымдарына хош иіс беру үшін өте пайдалы. Соңғы кезде Ресей кермек жалбызды қолдан өсіре бастады. Кермек жалбыздың 1 гектарынан 18 – 25 ц түсім алуға болатындығы анықталды. Кермек жалбыз - ылғал , жарық , топырақ құнарлылығын талап ететін өсімдік . Оны тамырсабақ кесінділерінен көбейтеді. Өсімдіктің қаулап өсуі үшін орташа тәулікте 18 – 22 градус температура қажет. Температура бұдан жоғарылап кетсе , жалбыздың өсуіне кедергі жасайды. Тамырсабақты ерте көктемде егеді. Ол үшін жыртылған жердің тереңдігі 8 – 10 см болуы шарт. Жалбыздың түсімін гүлдеу кезінде жинайды. Өсімдік сабақтарын жасыл күйінде орып алып , май алады. Дәріханаға қажетті жапырақ бөлігін кептіріп , кепкен жапырақтарды бастырады. 2.Түйетікен ( жантақ ) өсімдігіне сипаттама «Жантақ бір жыл тұрса – пұл болады, жоңышқа бір жыл тұрса – күл болады» Түйетікен Латынша атауы: Alhagi pseudalhagi (Alhagi maurorum) Тұқымдасы : Бұршақ (Fabaceae) Халықтар берген атаулары : жантақ, джантак, янтак, чагерак, цегрик. Ағылшынша атауы : Camel Thorn, Persian Manna Plant Жантақ (Alhagі) — бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр,құмайт және сортаң топырақты жерлерде,далада, құрғақшылық аймақтарда, өзен аңғарларында, тау бөктерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні — кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum). Олардың биіктігі 30 — 100 см. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20 — 30 см тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ , бүтін жиекті. Гүлі — қызыл. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Оның түп жағы қатқыл, бас жағы жұмсақ болғандықтан, түйе өте сүйсініп жейтін өсімдік. Сондықтан да оны түйе жантақ деп атайды. Жантақтың құрамында С дәрумені мен каротин бар. Жантақ— дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, илік заттар, эфир майы , ал тамырында алкалоидтар , глюкозидтер, шайыр , бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт , несеп жолдары қабынғанда ішеді. Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді.Жүгері , қамыспен бірге жақсы сүрленеді. Жантақ – шөлейтті жерлерде тамыр жаятын бұршақ тұқымдас өсімдіктің түрі. Мамандардың айтуынша, оның құрамында флавоноид, сапонин заттары, қант, илік заттар (суда еритін құрамы жөнінен алуан түрлі және күрделі саналатын органикалық заттар тобы), С, К дәрумендері, каротин, ур сула қышқылы, алкалоидтер, эфир майы, бояғыш заттар және шайыр болады. Медицинада шөптің жер бетіне шығатын бөлігі пайдаланылады. Кейде жемісі мен тамыры да қол данылады. Шөп құрғатылып, ұнтақ күйдегі дәрілік препарат жасалады. Ол зәр айдайды және қызуды басады, сонымен бірге құрғақ жөтелге қарсы ем болады. 3. Жолжелкен өсімдігіне сипаттама Латынша атауы : Plantago major. Ағылшынша атауы : Greater Plantain. Тұқымдасының атауы : - жолжелкендер Plantaginaceae. Халық берген атаулары : иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық Қолданатын бөлігі : жапырағы, тұқымы Биіктігі – 30 – 40 см Гүлдеу мерзімі – маусымнан – қыркүйекке дейін Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады. Мәселен, ертедегі Грекия, Римнің дәрігерлері жолжелкен тұқымын дизентерияға қолдануды ұсынса, тоғызыншы-оныншы ғасырдағы арабтар асқазанға ішуді тапсырған. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Маусымнан қыркүйек айларына дейін гүлдейді Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Жолжелкен жапырағында глюкозид, аукубин, органикалық қышқылдар, каротин, С, Р дәрумендері, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, бар. Оның тұқымының 44 пайызы сілекейлі зат болып келеді. Ұрығында 44 процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі. Сонымен қабат май қосындылары мен белок бар. Сондықтан да жолжелкеннің дәрілік қуаты жоғары. Атап айтқанда түрлі ауруларға қарсыласу арқылы алдын алады. Ұрығында 44 процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі. Қанды тазалап, жараны жазу, асқазан жұмыс қабілетін арттырып, жүйке жүйесіне көмектесетінін уақыт көрсетті. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған. Халық емшілері оны құлап жарақаттанғанда, бір жеріңіз кесіліп, тері жалбырап қалғанда, тері қабынғанда, жәндіктер шағып алғанда, тыныс жолдары ауырғанда өте тиімді қолдана білген. Сондықтан да оны зәрді молайтып, денеде жиылған сұйықтықты айдайтын дәрілер қатарына қосады. Жолжелкен тәтті дәмді, суық райлы, ыстықты басып, уытты қайтарады. Зәрді молайтып, іш өтуді тоқтатады. Кеудедегі қақырықты шығарып, жөтелді бастырады. Усыз болады. Жолжелкеннің көп кездесетін түрлері 4.Құны қымбат мия Латынша атауы : жалаң мия - Glycyrrhiza glabra,орал миясы - Glycyrrhiza uralensis. Ағылшынша атауы : Liquorice. Мия тамырының ағылшынша атауы : Licorice root. Тұқымдасы : Бұршақтұқымдас - Fabaceae. Халық берген атаулары : мия тамыр , жалаң мия, лакричный корень, Дәріханалық атауы : мия тамыры - Liquiritiae radix. Қолданатын бөлігі : тамыры Биіктігі - 10 – 80 см – дей Гүлдеу мерзімі – маусым – шілде айлары Жеміс салуы – шілде – тамыз айында Мия (Glycyrrhіza) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см, тамыры -жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Біздің Жалағаш ауданында жаңашыл жоба жүзеге аспақшы. Үстіміздегі жылдың соңына дейін ауданда қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт іске қосылады деп күтілуде. Аталмыш өндіріс ошағының іргесі қаланды. 2014 жылдың 29-желтоқсанында Жаңа жыл қарсаңында Қызылорда облысының Жалағаш ауданында мия өсіру және тамырын өңдеу зауыты ашылды. Жоба толық іске қосылған жағдайда жылына 6000 тонна мия тамыры өңделіп, мия өсімдігінің экстрактысы, мия өсімдігінің кремі, глициризин қышқылының ұнтағы, полисахарид, флавоноид секілді 5 түрлі компонент алынады. Шикізат өңірде жеткілікті. Қазірдің өзінде 27 шаруашылықпен келісім жасалған. Бұған қоса, «БИС-Групп» ЖШС 10 мың гектар жерге мия тамырын екті. Жалпы, облыста 80 мың гектар алқапта қызыл мия қоры бар. Қызыл мия мен оның тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органикалық қышқылдар, минерал тұздары бар. Осы қасиеттеріне байланысты олар медицинада, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Қызыл мияның тамыры бірнеше ауруға ем, дертке дауа екендігі әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан бұл кәсіпорынның болашағы зор. Сыр өңірінде мия өсімдігі молынан кездеседі. Бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік Қызылорда облысы¬ның барлық аймағынан табылады. Ол маусым-шілде айларында гүлдейді, жемісі тамызда толықтай пісіп-жетіледі. Маман¬дар¬дың айтуынша, оның тамырында гли¬ко¬зид, сахароза, эфир майы, органикалық қыш¬қыл¬дар, минерал тұздары көп кезде¬седі. Бұл дүниелер өзімізде әзірге кеңінен қол¬данысқа ие бола қоймағанымен, шет¬елдерде медицина, темекі және тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Бізде мия өсімдігінің жапырағы мен сабағын мал азығы ретінде пайдаланудан әріге аса алмай отырмыз. Игі бастаманы жергілікті «БИС-групп» ЖШС қолға алып отыр. Серіктестік дирек¬торы Ділдәхан Ахметовтің айтуынша, бұл жоба еліміздің индустриалды-инновация¬лық бағдарламасына енгізілген. Алдағы уа¬қыт¬та өнім толықтай экспортқа шыға¬рыл¬мақшы. Мамандар зауыттан шыға¬рыла¬тын қызыл мия тамырының ерітіндісі¬нен бөлек, 1200 түрлі медициналық пре¬паратқа қажетті шикізат дайындайтын болады. Әлемдік нарықта қызыл мия та¬мырына Германия, АҚШ, Түркия, Жапония елдері ерекше сұраныс танытып отыр. Кәсіпорын тек қызыл мия тамырын өңдеп қана қоймай, сұранысқа қажетті 2000 гектар жерге қызыл мия егеді. Өн¬діріс орны жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын өңдейді. Мамандар қазір Қызылорда облысында 80 мың гектар алқапта қызыл мия қорының бар екенін мәлім етті. Сонымен қызылмия соншалықты қандай өсімдік? Қызылмия дүниежү¬зілік және отандық фармакологияға енген. Биіктігі – 30-80 см болады, маусым-тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі бұршақ , осы бұршақ та өте құнды. Бірақ, біздің елде оған оншалықты мән берілмеген. Тамырында глюкоза (0,6-15,2%); фруктоза (0,3-4,1%); сахароза (0,3-20,3%); мальтоза (0,1-0,6%); крахмал (34%) бар, сондай-ақ органикалық қышқылдар, эфир майлары, глицирризин қышқылы, фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары (кумарин, флавоноид, тері илегіш заттар, жоғарғы алифатты көмірсутектер және спирттер) болады. Медицинада қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық тү¬сіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады.Тибет медицинасында қызыл¬мия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға т.б. қарсы, ал Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады. Рас, өнімге негізгі тапсырыс беруші Қытай елі. Бүгінгі таңда Пекин мен Шанхайда Еуропа технологиясы бойынша 30-ға тарта зауыт қызылмия тамырының талшы¬ғынан дәрілік және косметологиялық ба¬ғыттағы өнім жасалады. Қазірдің өзінде Қызылорданың қызылмиясына деген сұраныс артып отыр. Себебі, Қазақстанда қызылмияның төрт түрі өссе, соның ішінде табиғи құнары көп Сырдария жағалауы¬ның өсімдігі өте өтімді. Облыс басшысының бір сөзі еске түседі. Қай істі қолға алсақ та, оның халыққа тиім¬ді жағы болу керек. Бүгінгі зауыттың да болашағы халыққа оңды үлесін қосады деп күтілуде. Тәуекел! Мия тамырының химиялық құрамы Қоспалар атауы Мөлшері ( % ) 1. Глюкоза 2.фруктоза 3.сахароза 4. крахмал 5.мальтоза 6. органикалық қышқылдар 7. эфир майлары 8. фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары ( кумарин, флавоноид, тері илегіш заттар, жоғарғы алифатты көмірсутектер және спирт ) 0,6 – 15,2 0,3 – 4,1 0,3 – 20,3 34 0,1 – 0,6 көп мөлшерде көп мөлшерде аз мөлшерде Мия тамыры – құны өте бағалы өсімдіктің мүшесі Дәрілік өсімдіктің халық ұғымында қолданылуы Жалбызым ! Жалбызым ! Қасиетіңді білгенде Өлмес еді жалғызым.... ( Халық даналығы ) Қазақ халқы жалбыздың жан – жақты шипалық қасиетін ежелден – ақ біліп , түрлі мақал – мәтелдерге , жұмбақтарға және аңыздарға , әңгімелерге арқау еткен. « Жылан жалбызға жуымайды » , « Жылан жалбыздан қашады, жалбыз аузын ашады » деген мәтелдер жыланның жалбыз өскен жерлерде болмайтындығын аңғартады. « Жалбызды жерде жан қалады » деген нақыл жалбыздың шипалық қасиетін толық аңғартып тұр. .... Жалбызда бар таң нұры , Туған жердің нәрі бар . Ауа демі , жаңбыры Жалбызда емнің бәрі бар .... ( Тұяқ Абдрабиев ) Жалбызға қатысты аңыздардың бірі Лұқпан Хакімге байланысты айтылады. Оның жалғыз ұлы жазылмас дертке ұшырап , ешқандай ем қонбай , қайтыс болады. Ұлының қандай дерттен қайтыс болғанын білу үшін ішін жарып қараса , ұлтабарынан тобықтай тас шығады. Оны жалғызымның көзіндей көрейін деп қалтасына салып алады. Күндердің күнінде Лұқпан Хакім өзенге суға түседі. Судан шығып киінейін десе , жалбыз үстіне қойған қамзолының қалтасынан еріген майды көреді , абайлап қараса , қалтасындағы тас еріп жатыр екен.... Баласы жас кезінде ешкі майын жеп , тамақтан соң мұздай су ішкен екен. Сондағы май ұлтабарына қатып , ішкен тамағынан әрі - бері қозғалып тасқа айналған екен. Лұқпан Хакім « жалғызымның емі жалбыз екнін білмеппін ғой » деп өкінген екен.... Белгілі жазушы әрі ғалым Советхан Ғаббасов « Жалбыз » атты аңыз - әңгімесінде ертеде ел ішінде данагөй Алан атты данышпан қартайған шағында жалғыз ұл көрген екен. Сол ұл ер жетіп , ел көзіне түсе бастаған кезінде қатты ауырып , төсек тартып жатып қалыпты. Көрсетпеген балгер – бақсылар қалмапты, ешбір ем іздеп таба алмай жігіт өмірден озыпты. Ұлының тасқа айналған жұдырықтай жүрегін ақ дәкеге орап , күміс белбеуінің кісесіне салып сақтап қойған екен. Данышпан қарияның қасіретті қайғысы ел – жұртына да қатты батыпты. Содан , күндердің күнінде азалы қария жанына біраз кісі ертіп , аң аулауға шығыпты. Кіселі белбеуін қалың өскен жалбыздың ішіне шешіп қойыпты. Бұлақтың кәусар суынан қанып ішіп , кіселі белбеуінің жанына келсе , жалбыздың жапырақтарының үстінде қып – қызыл нарттай болып соғып тұрған дәке ішіндегі жүректі көріпті. « Қапыда қалғаным – ай , сырын білсем жалбыздың , аман қалар ма еді жалғызым » деп егілген екен. Содан қария ел – жұртын жинап алып , « Ерменді жерде ел өлмейтіні, жалбызды жерде жан қалатынын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіңдер ! » - деп өсиет қалдырған екен. Бұл әңгімеден де жалбыздың жүрекке шипалық қасиеті айқын байқалады. Жалбыздың шипалық қасиеті этнограф ғалым Жағда Бабалықұлының естеліктерінде , көрнекті жазушы әрі ғалым Ақселеу Сейдімбектің « Тауға біткен жалбызым » атты әңгімесінде және атақты ақын Ұлықбек Есдәулеттің « Жалбыз » атты өлеңінде ерекше атап айтылған . Ел ерекше мақтаған , Сенімін елдің ақтаған . Жалбызда бар қасиет , Жүрегіңді сақтаған .... ( Р. Сәтімбеков .) Үй жағдайында өсірілген жалбыз Дәрілік өсімдіктердің пайдасы «Сенің денеңнің қуаты - өсімдік шырынында» Қытай дәрігері Шин Жон. «Емші» өсімдіктер Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен емделуде Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық медицинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Жалбыз тұмауға , суық тигенде , өкпе қабынғанда , буын ауырғанда , дене қызуы көтерілгенде , қызылша шыққанда , мұрыннан қан кеткенде , құлақ , бауыр , бүйрек , ішек ауырғанда дәрі – дәрмек ретінде қолданылады . Халық медицинасында тыныс алу , асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады. Жалбыздың құрамында адам ағзасына пайдалы заттар өте көп. Соның екі қасығын араластырып күніне бір шай қасықтан 3 рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Жалбыз ұнтағын бал орнына сары майға араластырып жоғарыдағыдай қабылдаса, демікпе сырқаты жазылып, өкпенің тыныс алу жолдары тазарады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Ал соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш – қуат беретін, несеп жүргізіп, қуықтың қабынуын жазатын дәрі ретінде қолданып жүр. Асқазан-ішек қабынуларға жантақты құлмақ гүлімен қосып қайнатып ішсе ас қорытуға көмектеседі. Ауырғанды бастырады. Оның гүлі мен жұмсақ бұтақтарын басқа шөптермен қосып, бүйрекке, қуыққа тас байланғанда ішеді. Ал, тамырынан жасалған дәрілерді көтеу түйіндерін жазуға, дене сыртындағы жарақаттарды жазу үшін қолданады. Жантақ өсімдігінің қайнатпасы 20 гр тамыр үгітіндісін 300 гр қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста 30 минут бұқтырып, сүзіп, ас алдында әр жолы 3 ас қасықтан, күніне 3 рет ішеді. Мұны бүйректе тас-құм байланса, жүрек қызметінің нашарлауынан денеге ісік шықса, ас алдында бір ас қасықтан ішеді. Күніне үш рет ішуге ұсынылады. • 1 • Жантақ қосылған бал өнімдері • Басқа бал өнімдері секілді бұл өнім өте құнды болып есептеледі. Біздің елде ғана емес Қырғызстанда, Ресейде т.б жерлерде бұл қоспаны дәрілік мақсатқа пайдаланады. Демек бұл өнім өте бағалы және таптырмайды деген сөз. Егер сіздің тамағыңыз ауырса бір қасық балдан татсаңыз ауруыңыздан жеңілдеп қаласыз. Жантақ қосылған балды ревматизм, радикулит, денедегі артық тұздардан арылуға, омыртқа ауырғанда пайдаланады. Қыс мезгілінде тұмау ауруымен көп ауыратын болсаңыз, сізге және жанұяңызға жантақ қосылған бал өнімдері көмегін тигізеді. Ол сізге күш – қуат береді, ағзаңыздағы зат алмасуды реттейтін механизм бола алады. Егер жақсы сыйлық туралы ойлаған болсаңыз , туысыңызға жантақ қосылған балды сыйлаңыз. Дендеріңіз сау болсын! • Жолжелкенді халық медицинасында жараға қарсы, суық тиюге қарсы, жөтелге, ауырсынуды басуға, ұйықтататын және қабынуға қарсы қолданады. Жолжелкен жапырағынан бірді алып, жуып, жараның үстінен тартады. Күніне екі рет ауыстырады. Ол жараның микробтануына жол бермейді. Сол орындағы қанның тазарып, жараның жазылуына ықпал жасайды. Жолжелкен жапырағымен бірге оның тұқымы да қолданылады. Зәр жолының қабынуына, қуық асты безі қабынуға 9 гр жолжелкен тұқымы, 15 гр тікенді ұшқат гүлі, 10гр қызылмия тамыры бәрін қосып, 300 мл суға қайнатып, бұқтырып, ішеді. Бүйрек жолына тас байланғанда жолжелкеннен 15гр , тараққұйрықтан 15гр қосып қайнатып, ішсе тастың түсуіне ықпал жасайды. Созылмалы кеңірдекше қабынуға, өкпе қызып алқынуға жолжелкеннің шөбінен 30 гр өрік д
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.