Жалпы білім беру ұйымдарын басқару және көшбасшылық » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Жалпы білім беру ұйымдарын басқару және көшбасшылық

Жалпы білім беру ұйымдарын басқару және көшбасшылық

14-03-2016, 23:25
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1018
Пікірлер: 0
Версия для печати

Жалпы білім беру ұйымдарын басқару және көшбасшылық

 

Жамбыл облысы Меркі ауданы

№5 Ақарал орта мектептің директоры

Койшиманова Нурила Сейсембаевнаның

коучинг-сессия жоспары.

Тақырыбы:

«Жалпы білім беру ұйымдарын басқару және көшбасшылық»

Мерзімі, уақыты:

18.08.2015ж 60 мин

Мақсаты:

Басқару және көшбасшылық туралы мектеп директорларының көзқарасын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:

Топтаса жұмыс атқара отырып, басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

Түйінді идеялар:

Топтық жұмыс, көшбасшылық қаблетті жетілдіру, кәсіби білім.

Сілтеме :

Үлестірмелі материал 1 апта.

Ресурстар:

Флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, «Идеалар жинау қоржыны» , «Уақыттың қадірі» А.Темірбайдың өлеңі, ҮМ 1 апта 33-41 бет.

Қатысушылар :

Мектеп директорлары

 

Коучинг сессиясының өту барысы

Кезендері

Коучтің іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин

Коучинг сабақтың қатысушыларымен салемдесу.

Коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

 

 

Топқа бөлу

2 мин

 

 

1 мин

 

Топқа бөлу, 4 мекеме басшысы ортаға шақырылады. Сол адамның жақсы бойындағы жақсы қасиеттерімен байланастыру: Рахат-« Қайратты», Ниетқали- «Ынталы», Еркебулан – «Мейрімді», Эльмира – «Сенімді дос».

Топтық жұмыстағы рөлдер.

 

Шеңберге тұрып аталған аттары бойынша 4 топ мүшелерін құрайды.

 

 

 

 

 

Топтық жұмыстағы ролдерді бөледі:

Көшбасшы

Баяндамашы

Таймкиреп

Сарапшы

Хатшы сайлайды

Ой шақыру

15 мин

1. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталынған директорлардан интервю алу. «Көшбасшылық және бөлінген көшбасшылық» бойынша

2. «Кино метафора» әдісі « Тордағы балықтар» бейне ролик көрсетіледі, сұрақтар болатының ескертеді.

Сұрақтар :

1. Бұл бейне ролик не туралы?

2. Бейне роликте қай балық көшбасшы болады?

3. Бөлінген көшбасшылық деген не?

 

Мұғалімдер топтық талқылауға салу арқылы жауап береді.

«Коллаж» жаттығуы

5 мин

Топтарға көшбасшылардың түрлері бойынша суреттер таратылады, әр мекеме басшысы жауаптарын өзіне ылайықты суретті алып топ болып коллаж жасайды.

Ойлау іс-әрекетіне байланыты көшбасшылықтың түрлерін анықтайды, коллаж жасайды.

Сергіту сәті

5мин

Жаттығу «Бірігіп тапсырма орындайық» Барлығына ақ парақ таратылады. Коуч команда беріп отырады . Қорытынды жасайды: Команда бір, бірақ әр кім өз ынтасы бойынша орындайды.

Көздерін жумып коучтын командаларын орындайды

Топтағы жұптық жұмыс

20 мин

1.Бір көшбасшыны алып бойындағы қасиеттерін атап шығындар.

2. ҮМ 1 апта 38-69 беттеріндегі ресурстар таратылады.

3.Жұптарға сұрақ қойылады:

1. Атаған көшбасшыларын қай түріне жатады?

2.Сіз көшбасшының қай түріне жатасыз?

3.Мектебіңіздегі бір көшбасшыны айтар болсам......... (сөйлемді аяқта)

 

Жұптар берілген тапсырманы орындайды, ортаға шығып қорғайды.

Рефлексия

3 мин

«Екі жұлдызша бір тілек» әдісі.

Атқарған жұмыстарына қорытынды жасап, «Екі жұлдызша, бір тілек» арқылы топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды

Ой шақыру

5 мин

«Идеялар қоржынынан» «Уақыттың қадірі» А.Темірбайдың өлеңінің шумақтарын таратады.

Бірінен кейін бірі ойланып отырып, мәнерлеп оқиды.

Қортындылау

3 мин

Рефлексия жазу

Стикерлер арқылы өз ойларын жазады «Үміт ағашына»

 

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.