Көмірсутектердің табиғи көздері.Табиғи және мұнайға серік газдар » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Көмірсутектердің табиғи көздері.Табиғи және мұнайға серік газдар

Көмірсутектердің табиғи көздері.Табиғи және мұнайға серік газдар

14-03-2016, 23:23
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1325
Пікірлер: 0
Версия для печати

Көмірсутектердің табиғи көздері.Табиғи және мұнайға серік газдар

 

Жамбыл облысы

Меркі ауданы

№5 Ақарал орта мектебінің

химия пәнінің мұғалімі

Қойшиманова Нурила Сейсембаевна

Химиядан сабақ жоспары

 

Тақырыбы

Көмірсутектердің табиғи көздері.Табиғи және мұнайға серік газдар.

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Оқушыларға Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері,мұнай, мұнайға серік газдар,олардан алынатын өнімдер,отынның түрлері,газ,мұнай,тас көмір өндірілетін орындар,олардың республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру;

Қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы қорытынды шығара білу,талдау,жүйелеу, көмірсутектердің табиғаттағы айналымын көрсететін реакция теңдеулерін құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Табыс критерийлері:

1. Көмірсутектердің табиғи көздері және табиғи мен мұнайға серік газдар туралы білімдері кеңейеді

2. Бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады

3. Өздігінен білім алуына ынталанады

4. Өзін-өзі «Балан дөңгелегі» арқылы реттейді

Түйінді идеялар:

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс , «Баланс дөңгелегі»,

Құралдар мен ресурстар:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта , молекула жасауға арналған шар мен өзектер, стикер, плакат, маркер, жиналмалы қуыршақ, дамино

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі:

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды ;

- Амандасады.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп «Атом мен молекулалар» әдісімен 4 топқа бөледі.

-Оқушылар қозғалісқа түсіп, команда бойынша топтасады;

-4 топқа бөлінеді;

-Топтағы рольдерін айқындап алады;

-Топтың аталуын, әр топтың үстелінің үстінде тұрған шарлар мен өзектер арқылы алканның шар-өзекті моделін құрып аталады

1топ -«Метан»

2 топ – «Этан»

3 топ – «Пропан»

4 топ – «Бутан»

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен сабақ бойынша «Қаңағат», «Талап», «Терең ой» деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін тексереді.

«Қанағат» тапсырмалары:

«Талап» тапсырмалары:

«Терең ой» тапсырмалары:

Жан-жақты білімдерін тексеру

«Дамино» ойыны арқылы

- Топтағы жеке жұмыс, әр оқушыға «Дамино» таратады;

 

- «Даминоның» бір жақ тетіктерінің орнына сұрақ жазып келесі топтағы оқушыға табыстайды ол оқушы жауабын жазады

Оқушыларды білімді саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

«Ой қозғау»

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

2. .Оқыту проблемалары:

Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдар.

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды сұрақтар қою:

* Көмірсутектердің табиғи көздеріне нелер кіреді?

*Мұнай мен газдың қалай түзілетінін түсіндіріңдер?

* Казахстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарының қай жерде орналасқанын көрсетіңдер ?

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

Төрт топқа өз беттерінше білім алу мақсатында тапсырма береді:

1-топқа : «Жиналмалы қуыршақ» кітаппен жұмыс 1-сұрақ: Көмірсутектердің табиғи көздерін ата. Табиғи және мұнайға серік газдардың құрамы қаңдай?

2-сұрақ: Табиғи және мұнайға серік газдардың фракцияларын ата?

3-сұрақ: Табиғи газдардан алынатын заттар?

4-сұрақ: Мұнайға серік газдар неше фракцияға бөлінеді? Қалай қолданылады?

5-сұрақ: Қолданылуы бойынша маңызды реакция теңдеулерін жаз.

2-топқа: «Ментальді карта» табиғи газдардан алынатын заттар

3-топқа: Ментальді карта» мұнайға серік газдардан алынатын заттар.

4-топқа: Венн диаграммасы Табиғи және мұнайға серік газдарды салыстыру.

 

 

1-топ мүшелері сұрақтың деңгейі құыршақтың көлеміне байланысын біле отыра өз деңгейіне ылайықтап тапсырманы алады. Жауаптарын ортаға салып түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2,3 топтар ментальді карта жасайды, топтық жұмыс.

 

 

 

4 топ Венн диаграммасын бірлесіп жасайды

Жаңа сабақты бекіту:

Тест тапсырмасы:

1. Табиғи газдың құрамында метанмен қатар қандай газдар кіреді?

А. Этан, этилен, ацетилен;

Ә. Бутан, пентан, изопентан;

Б. Этан, пропан, бутан;

В. Пентан, гесан, гептан.

2. Құрамында 90 % метан бар 10л табиғи газды айыру арқылы қандай көлем (қ.ж.) сутек алуға болады?

А. 13,5л;

Ә. 18л;

Б. 4,5л;

В. 9л.

3. Мұнайға серік газ табиғи газға қарағанда жоғары температуралы отын. (Ия немесе жоқ) Неге?

А. Ия, себебі, құрамында жаңғыш көмірсутектер көп;

Ә. Жоқ, себебі, құрамында құраушы көмірсутектер едәуір мөлшері бар ;

Б. Екіуі де бірдей, себебі, құрамында көмірсутектер бар ;

В. Екіуі де бірдей, себебі, құрамында жаңғыш көмірсутектер бар.

4. Термохимиялық теңдеу бойынша: СН4 + 2 О2= СО2 +2Н2О + 880 кДж

11,2л және 8 кг метан жаңғанда (қ.ж.) түзілетін жылу мөлшерін есептендер.

А. 440 кДж, 1780 кДж;

Ә. 220 кДж, 880 кДж;

Б. 440 кДж, 440 000 кДж;

В. 220 кДж, 176 000 кДж.

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

«Идеялар қоржыны»

Әр оқушы сабақта түйіндегенің жазып «Идеялар қоржынына» салады

 

Қорытынды:

1. Табиғи газда метан 80-95 %; ал серік газдарда – 20-25 %.

2. Табиғи газды жылу электростанцияларында, завод қазандықтарында,әр түрлі өндірістік пештерде қолдану кокс шығынын азайтып үнемдеуге,шойындағы күкірт мөлшерін азайтуға, пештердің енбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

3.Т.Г күнделікті қолданудың маңызы зор.

4. Т.Г бұл көмірсутектердің маңызды көзі..

5.МСГ- жақсы отын және барынша маңызды шикізат.

6.бұл газдың қолданылуы ,табиғи газдың қолданылуынан да кең көлемде,метанмен бірге оның құрамында этан, пропан,бутан, пентанның да мөлшері біршама. .

7. МСГ қолдану үшін оны фракцияларға бөледі

8.Бұрын мұнай өндіргенде серік газдар қолданылмай, өртелетін.

 

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Деңгей бойынша тапсырмалар беріледі.

Міндетті деңгей : 2.16 параграф, ментальді карта.

Шығармашылық деңгей: №11,12 есептер

Бағалау

- «Екі жұлдызша, бір тілек» формативті бағалауды ұсынады

- «Бағалау парағы» бойынша жиынтық ұпай саны бойынша жекелеген оқушылар мен топтар жұмысына баға береді.

 

- Топтағы көшбасшылар бағалау парағын толтырып аяқтайды

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.