Болымды етістіктер және болымсыз етістіктер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Болымды етістіктер және болымсыз етістіктер

Болымды етістіктер және болымсыз етістіктер

13-03-2016, 00:40
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1125
Пікірлер: 0
Версия для печати

Сабақ жоспары

Сыныбы:

6 «А», 6 «Б»

Уақыты:

15.01.2015

Пәні:

Қазақ тілі

Ахыт Балғын

Сабақтың тақырыбы:

Болымды етістіктер және болымсыз етістіктер

Мақсаты :

Қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу

Сабақтың түрі:

Түрлендірілген сабақ

Күтілетін нәтижелер:

Қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгереді

Керекті жабдықтар:

Оқулық,слайд, мәтін, жұмыс дәптері, қалам, маркер, ресурс парақтары, АКТ мүмкіндіктері

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

7 минут

1. Сыныппен амандасу.

2. Тұлғааралық байланысты орнату «Сәлемдесу түрлері» шаттық шеңбері

3.Топқа бөлу (шар түстері арқылы)

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

Тұсаукесер

10 минут

Миға шабул:

1.«Сиқырлы сандар сөйлейді» сандықшадағы сандардың тіл біліміне қатысын айту. Мысалы 9 саны бойынша қазақтың төл дыбыстары 9, 9 сөз табы бар, т.б.

2. «Ақша бұлт» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.

1. «Мықты болсаң, тауып көр»- Етістік дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

2. «Жүйрік болсаң, шауып көр» - Айман кітап оқып отыр? Сөйлемнен етістікті тауып, құрамына қарай талда.

3. «Ойлы болсаң, озып көр»- Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4. «Алғыр болсаң, алып көр»- Құттықтаймын, сен «бестік» бағасын алдың!

5. «Зерек болсаң, айтып көр» - Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

Негізгі бөлім

18 минут

І. Жаңа сабақты түсіндіру

Балжан бүгін сабаққа келді. Ерхан үй тапсырмасын орындады. Қарлығаш сыныптағы гүлдерді суарады.

Ой тастау. Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс - әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады?

Ал енді бұл сөйлемдердегі іс - әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?

Тыйым сөздермен жұмыс. Балар, қазақтың ырым, тыйым сөздері - кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік.

Бос бесікті тербетпе. Малды теппе. Үй ішінде ысқырма. Көпке топырақ шашпа.

б) Тұжырым жасау.

Демек, іс - әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді.

Болымды етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді.

Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық.

1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б.

2. Болымды етістікке «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б.

Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: писал – не писал, ушел - не ушел. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, «не» предлог арқылы жасалады.

Сондай - ақ, ағылшын тілінде де сәйкес келеді. Мысалы, Do you speak English? No. I do not speak English. Мұндағы іс - әрекеттің жүзеге аспауын «not» сөзі арқылы білеміз.

Мысалы: Ол кофені ұнатпайды

Он не любит кофе

He does not like coffee

Кітаппен жұмыс:

176-жаттығу (Болымды етістіктерді болымсызға айналдыру)

Арнайы тапсырма: Берілген сурет бойынша шағын мәтін құрастыру. Мәтіннің тақырыбын үш тілде жазу. Мысалы: Гүлдер. Цветы. Flowers

Сергіту сәті: «Жұмбақ ойын» деп аталады. Жан-жағына жіп байланған табақшаның ортасында су құйылған ыдыс болады. Оқушылар жіп арқылы табақшаны суды төгіп алмай көтеруі керек.

Жауабы: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Арнайы тапсырма: «Мәтінмен жұмыс»

1-оқушы: Мәтіннің мазмұнын айту

2-оқушы: Мәтіннен етістіктерді табу

3-оқушы: Болымды, болымсыз етістіктерге айналдыру

4-оқушы: 2 «жіңішке», 1 «жуан» сұрақ дайындау

5-оқушы: Қорытынды айту

Білімді бекіту:

5 минут

Тест тапсырмасы арқылы бүгінгі сабақтан алған білімді бекіту

Етістік заттың ...

А) атын

В) сынын

С) санын

Д) мезгілін, мекенін

Е) қимылын, іс-әрекетін

білдіріп ...

А) Кім? Не?

В) Қандай?Қай?

С) Қанша? Неше?

Д) Қашан? Қайда?

Е) Қайтті? Не қылды? Не істеді?

деген сұрақтарға жауап беретін, құрамына қарай ...

А) негізгі, туынды

В) дара, күрделі

С) негізгі, көмекші

Д) деректі, дерексіз

Е) жалпы, жалқы

болып бөлінетін, іс әрекеттің жүзеге асу, аспауына қарай ...

А) сапалық, қатыстық

В) деректі, дерексіз

С) болымды, болымсыз

Д) жалпы, жалқы

Е) негізгі, көмекші

Болып екіге бөлінетін сөз табы.

Қорытынды

5 минут

Бағалау: сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау. Жұлдызша саны бойынша

Үй тапсырмасы: 177- жаттығу

Көркем әдебиеттен болымды, болымсыз етістіктерге 10 мысал жазып келу

 
 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.